Үйден оқыту КТП 5 сынып

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Үйден оқыту КТП 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқыту КТП 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде 5-9 сыныптарда математиканы оқыту «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін жергілікті ұйымдарының көрсететін, мемлекеттік қызметі ретінде тегін үйде жеке оқытуы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті атқарушы ұйымдар көрсететін, арнайы білім беру саласының мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен» (бұдан әрі стандарт) реттеледі. Қарастырылып отырған стандарт «үйде тегін жеке оқыту» қызметінің көрсетілуін анықтайды және бірнеше дәйекті кезеңдерді болжайды.

Үйде оқытудың типтік жоспары бойынша математика пәнін игерудің апталық жүктемесі 5-6 сыныптарда аптасына 4 сағат (оқу жылына 136 сағат), 7-9 сыныптарда 3 сағат (оқу жылына 102 сағат) бөлінген. Яғни әр сыныпта апталық жүктеме 2 сағатқа кеміген. Үйде жеке оқыту үлгілік оқу жоспарында «Информатика» пәнін оқыту қарастырылмаған.

Осыған байланысты типтік базистік жоспарға сәйкес 5-9 сыныптарда математика курсын оқытудың, ал типтік базистік жоспар бойынша қарастырылмаса да «Информатика» пәнінен аптасына 0,5 сағат оқу жүктемесіне (оқу жылына 17 сағат) арналған келесі тақырыптық үлгілік жоспарларын ұсынамыз.

5-сынып, Математика

5-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Пайыз» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының соңында 5-сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.

5-сыныпта оқытудың міндеттері - жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және жүйелеу; координаталық сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру; жай және ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру; арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту; санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру; формулалар арқылы есептеумен таныстыру; мәтінді есептерді шығару.

20-кесте. 5-сынып математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау аптасына 4 сағат

Тақырыптың атауы

Сағат саны

І тарау . Натурал сандар және нөл саны

17

1.

Натурал сандарды жазу

2

2.

Кесінді. Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру

2

3.

Натурал сандарға амалдар қолдану

3

4.

Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау

3

5.

Теңдеу. Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

3

6.

Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Шеңбер. Дөңгелек.

2

Бақылау жұмысы

1

ІІ тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі

15

7.

Натурал сандардың бөлгіші және еселігі. Жай және құрама сандар. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеті

3

8.

Натурал сандардың 2, 5, 3, 9,10-ға бөлінгіштік белгілері

3

9.

Дәреже. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

4

10.

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік. Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару

4

Бақылау жұмысы

1

ІІІ тарау. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

43

11.

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Жай бөлшектің негізгі қасиеті

3

12.

Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан. Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру.

3

13.

Координаталық сәуледе бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеу

2

14.

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді салыстыру

4

15.

Жай бөлшектерді қосу және азайту.

4

16.

Аралас сандарды қосу.

4

17.

Аралас сандарды азайту

4

18.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

4

19.

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу

4

20.

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

5

21.

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу

3

22.

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер

2

Бақылау жұмысы

1

ІV тарау. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

35

23.

Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

3

24.

Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру

3

25.

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

3

26.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

3

27.

Ондық бөлшектерді көбейту

3

28.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

3

29.

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

5

30.

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... және 0,1; 0,01; 0,001 ... санына көбейту және бөлу

2

31.

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

6

32.

Ондық бөлшекті дөңгелектеу

2

33.

Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана

1

Бақылау жұмысы

1

V тарау. Пайыз

13

34.

Пайыз

3

35.

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

4

36.

Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма

2

37.

Формула. Формула бойынша есептеу

3

Бақылау жұмысы

1

5-сыныптағы математика курсын қайталау

13

Барлығы

136

5-сынып, Информатика

Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері; ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Компьютер– ақпаратты өңдеу құралы (5 сағат): компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта; программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері, файлдар, бумалар және белгішелер; бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту; объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою; ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат): қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот; дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.

Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі