Үйірме жұмысы арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыру
Қазіргі уақытта білім беру
қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім
беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру,
жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік
білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Елбасымыздың өзі: «Келер ұрпақ алдында зор
жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген — ұстаздар. Себебі еліміздің
болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ
бейнесімен өлшенеді», деген еді. Олай болса, өркениет өзегі
- білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге өз
үлесімді қосуым қажет деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын аттаған әр
бүлдіршін - ол
ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Жас ұрпаққа саналы тәрбие,
сапалы білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның
қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа
технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін
жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Оқушыларды заманына қарай икемдеп, өз
заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта
жан-жақты дамыту -бүгінгі күннің басты талабы.
Мектептегі барлық пәндерді оқытуда, яғни
оқушыларға білім беруде әр пәннің өзіндік бір ерекшелігі
бар. Олар алған
мәліметтерді өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда ойлана
қарап, бір-біріне сұрақтар қойып, берілген тапсырмаларды
өздері талқылайды. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтып, әр
түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдап, оқу үрдісіндегі
белсенділіктерін арттырады. Менімше, әрбір сабақты тиімді
ұйымдастырып, оны
оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек. Оқушының сол уақытта
ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының
бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша
әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын,
интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің
жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай,
бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу
мұғалімнің еңбегі.
«Үйірме» деген сөздің өзі оқушылардың өздігінен
орындайтын іс-әрекеті екенін көрсетіп тұр емес пе? Оның
мақсаты - оқушылардың білімін тереңдету, қабілетін дамыту,
шығармашылық қызығушылықтары мен бейімділіктерін қанағаттандыру,
қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру.
Мұндағы табыстары оларға
қызығушылық туғызып, біліктілікке, өз еркімен жануарларды күтуіне,
өз-өзіне сенімділігін арттырады. Үйірме жетекшісінің
негізгі мақсаты –өз бетінше дами
алатын жеке тұлғаның белсенділігін
қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше
танымдық іс- әрекет әдістерімен дағдыларын
меңгерту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Оны
мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі
міндеттерді шешу керек:
-әр оқушының
шығармашылық арнайы ерекшеліктерін
ескеру;
-оқушының белгілі бір
өнер түріне деген қызығушылығын
арттыру;
-имандылыққа,
инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу
бағыттарын жүзеге асыру;
-оқушының жас
ерекшелігін ескеру;
-техникалық білім
мен біліктілікті қалыптастыру.
Үйірме жұмысындағы
нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің
жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір
танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып,
қызықтыра
білуінде.
Өте жемісті тәсілдердің бірі –
тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне
байланысты ұсынуға болады.
Оқушыларға қойылатын
талап:
Алдына мақсат қоя білу және
жетуге ұмтылу;
Қорытынды жасап отыру.
Қосымша материалдар табу,
іздену.
Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді
меңгеру;
Оқушының болашақта мамандық таңдау, яғни кәсіби
тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл мақсатта жаңашыл
педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру
және пайдалану қажет. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық
абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен
бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды
эмоциональдық педагогикалық үрдісті
қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,
ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге
болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды
пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп
өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер,
схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді
қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді
көрсету.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері
немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы
пікірталастардың негізі болып табылады.
Талантты балалардың өмірінде
және іс - әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері
айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс-әрекет
ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық
дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және
де олар әлеуметтік ортамен тығыз
байланысты.
Қорыта келе айтарым: мұғалім жаңа технологияны
тиімді меңгергенде өзінің интеллектуалдық, кәсіби, адами, рухани
дамуына көз жеткізеді. Ал оқу үдерісінде жаңа технологияларды
қолдану заман талабы. Физика
пәнін оқытуды инновациялық технологиялар арқылы
тиімді ұйымдастыру-білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық,
ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне
жақсы әсерін тигізеді. Қай жұмыстың да өз қиыншылығы кездесіп
жатады. Бүгінде сол қиыншылықтардың шешімін тауып, шәкірттің
толық білім алуына барынша мүмкіндіктер жасалып
жатыр. Альберх Дюрер
айтқандай: «Сенің алдында өнер көп, соның
өзіңе пайда әкелетін біреуін танда, оны
зертте, қиындықтарына бас имей,
шыдамдылықпен үйрен, өзіңе қуаныш
сезімін алып келетін нәтижеге қолың
жеткенше еңбектен». Осы тұрғыдан алғанда
бір өнерді игеру, оны түсіну жаңа
технология бойынша оқушылардың білімі
мен шеберлігін арттыруға, ой-санасының
дамуына мүмкіндік жасайды.
Барлық ұстаз мақсаты бір — ол әр мақсатына жеткен
сабағы. Сол мақсатқа жету үшін де ұстаз көп дайындалып, көп біліп,
көп ізденуіне тура келеді. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа
жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш
жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған
көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген
ойдамын.