Түркістан облысы
Шардара ауданы
«Қоссейіт жалпы білім беретін мектеп» КММ
Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту
\Әдістемелік құрал\
Қосымша білім беру педагогы: Адамбекова Н.Б
2025-2026 оқу жылы
Түркістан облысы, Шардара ауданы

Әдістемелік құрал: «Қоссейіт жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кеңес отырысының шешімімен ұсынылған.
Пікір беруші: педагог-зерттеуші Б.Ракишева “Қоссейіт жалпы білім беретін мектеп “ КММ директордың тәрбие беру ісі жөніндегі орынбасары.
Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Әдістемелік құрал\ құрас. 2026ж - Адамбекова Назгүл Базарбаевна 26 бет
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда оқушылардың сыныптан тыс оқуына шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған және де оқушылардың қызығушылығын арттырып,олардың қиялын, эстетикалық талғамын және қолөнер дағдыларын жетілдіруге арналған түрлі тақырыптар қамтылған.
Жалпы, әдістемелік құрал мұғалімдерге үйірме жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға көмектесіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................4
Наурыз – береке мен бірліктің бастауы.................................................6
Пластиктен бұйым жасау..........................................................................10
Қалдықты табысқа айналдырайық........................................................12
Тектұрмас кесенесі.................................................................................15
Тарих пен тіл- елдің тірегі.....................................................................19
Ғарыш- шексіз әлем...............................................................................23
Қорытынды ............................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................27
Кіріспе
Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күннен-күнге артып келеді. Білім беру тек дайын ақпаратты меңгертумен шектелмей, оқушылардың жеке тұлғалық дамуына, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Себебі бүгінгі қоғам жаңашыл ойлайтын, өз идеясын еркін жеткізе алатын, кез келген мәселеге креативті тұрғыдан қарайтын тұлғаларды қажет етеді. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – білім беру процесінің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері олардың қиялы, ойлау икемділігі, жаңа идеялар тудыру мүмкіндігі арқылы көрінеді. Мұндай қабілеттерді дамыту тек дәстүрлі сабақ барысында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар арқылы да жүзеге асады.Солардың ішінде үйірме жұмыстары ерекше орын алады.Үйірме – оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігіне негізделген,олардың еркін әрекет етуіне мүмкіндік беретін шығармашылық орта.
Негізгі бөлім
Үйірме жұмысы – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді құралдарының бірі. Үйірме барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтарына сәйкес түрлі бағыттарда жұмыс істейді: көркемөнер, қолөнер, музыка, театр, ғылыми жобалар,тіл үйрену және тағы басқа. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік береді.
Біріншіден, үйірме жұмысы оқушылардың қиялын дамытады. Түрлі шығармашылық тапсырмалар, жобалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар жаңа идеялар ойлап табуға, оны жүзеге асыруға үйренеді. Бұл олардың шығармашылық ойлау қабілетін арттырады.
Екіншіден, үйірме оқушылардың өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Олар ақпарат іздеуді, талдауды, қорытынды жасауды үйренеді. Бұл дағдылар болашақта олардың білім алуында маңызды рөл атқарады.
Үшіншіден, үйірме жұмысы арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды.Топпен жұмыс істеу барысында олар өз ойын жеткізуді, пікір алмасуды, бірлесіп шешім қабылдауды үйренеді. Сонымен қатар, олардың өзіне деген сенімділігі артады.
Төртіншіден, үйірме оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл олардың зиянды әдеттерден аулақ болуына, пайдалы іспен айналысуына ықпал етеді.
Сондай-ақ, үйірме жетекшісінің рөлі де өте маңызды. Мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар беріп, олардың қызығушылығын оятып, шығармашылық атмосфера қалыптастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме жұмысы оқушылардың қабілетін толық ашуға мүмкіндік береді.
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Наурыз – берекемен бірліктіңбастауы»
Мақсаты:
Оқушыларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызын түсіндіру.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау.
Бірлікке, татулыққа, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Наурыз дастарханы, ұлттық киімдер, нақыл сөздер
Жүргізуші :
-Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар және сүйікті оқушылар!
Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Жүргізуші :
Уа, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ.
Бүгінгі «Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!
Шашу, шашу шашайық
Жақсылыққа жол ашайық
Несібеңді теріп ал
Қуанышқа батайық
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»- деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші баламыз Нұрбекұлы Ақжанның орындауында «Ассалаумағалейкум» әнін тамашалаңыздар.
Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
14-наурыз «Амал» мерекесін тойлап, қыстан аман-есен шыққан жұрттың бір-бірімен төс қағыстырып, амандық сұрасатын, көрісетін ежелгі қазақ дәстүрі.
Көрініс: Амал келді, жыл келді!
Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған. Наурыз - бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ал, халайық т ұрмайық, Әндетейік, шырқайық Дөңгелесін бишілер, Ортамызды ашайық.
Енді тамашалайтындарыңыз « Қара жорға биі» Сарсенбай Дананың орындауында, қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат әрі қасиетті ұя. Отбасы адамға мейірім, сүйіспеншілік, қамқорлық пен сенімді сыйлайды. Бала ең алғашқы тәрбиені де дәл осы отбасынан алады.
Салт-дәстүрді сақтау – өткенді құрметтеу және болашаққа дұрыс жол көрсету. Сондықтан әрбір жас ұрпақ өз халқының дәстүрін біліп, оны қадірлеп, жалғастыра білуі керек.
Салт -дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында Даналық мектебі,Әжелер мектебі,Әкелер мектебі,Аналар мектебінен “Өнегелі 15 минут “ үзіндісінен көріністі тамашалаңыздар.
Құрметті қонақтар!
Наурыз – шаттық пен қуаныштың мерекесі.Енді мерекемізді көркем сөзбен әрлейтін кез келді.Сахнаға мәнерлеп өлең оқитын оқушыларымызды қошеметпен шақырамыз!
Қазақ халқының салт-дәстүрлері – ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сол дәстүрлердің бірі – бесікке салу. Бұл – жаңа туған сәбиді алғаш рет бесікке бөлеу рәсімі. Әдетте бұл дәстүрді көп балалы, өнегелі әже орындайды. Ендеше осы дәстүрді тамашалайық.
Көрініс: «Бесіккке салу»
Наурыз мерекесі – шаттық пен қуаныштың мерекесі.
Келесі кезекте сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеретін әсем би ұсынылады.
Сахна төріне биші қызымызды зор қошеметпен қарсы алайық!
Би. Абдаким Назерке: Батырлар биі
Ән. Ералы Заңғар: Алақай,Наурыз!
Жүргізуші :
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар және оқушылар!
Осымен «Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Әр шаңырақта береке, бірлік, молшылық болсын! Жаңа жыл әрқайсымызға бақыт, қуаныш және зор табыс әкелсін!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен тағы да құттықтаймыз!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

|
Білім беру ұйымның атауы : |
«Қоссейіт жббм»КММ |
||||
|
Пәні: |
«Жас шебер»үйірмесі |
||||
|
Педагогтың аты-жөні : |
Иебаева Р |
||||
|
Күні: |
26.01.2026ж |
||||
|
Сыныбы: |
3-4 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Пластиктен бұйым жасау |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Пластик ыдыстарын қайта пайдалану,оны қайта пайдалану арқылы қоршаған ортаны таза ұстау, ойлау қабілетін дамыту |
||||
|
Құндылық |
Заң және тәртіп |
||||
|
Апта дәйексөзі |
«Әділ заң –аспан тірегі» |
||||
|
Сабақтың барысы: |
|||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 5мин Өткенді пысықтау 5 мин Жаңа сабақтың тақырыбы 20 мин Қосымша тапсырмалар 10 мин Сергіту сәті 2мин Кері байланыс 3мин |
Сәлемдесу Психологиялық ахуал орнату «Шам» әдісі арқылы 1.Өткен сабақты не жасадық ? 2.Қандай материалдармен жұмыс істедік? Пластик-ұзақ уақыт ыдырамайтын материал. Оны қайта пайдалану арқылы қоршаған ортаны таза сақтауға болады. Бүгін біз пластиктен әдемі әрі пайдалы бұйым жасап үйренеміз. «Сұрақ-жауап»әдісі Пластиктен қандай заттар жасауға болады? Қайта өңдеу не үшін қажет? Қауіпсіздік ережесімен таныстыру 1.Қайшымен абайлап жұмыс істеу 2.Желімді ауызға салмаймыз 3.Ыстық кілейді абайлап қолдану 4.Жұмыс орынды таза ұстау 1-тапсырма Пластик қасықтан гүл жасау. Жұмыс барысы: Пластик бұйымдарды дайындау. Қауіпсіздік ережесін сақтау Бұйымдарды әсемдеу Дайын жұмыстарды көрсету
Оқушылар ой бөлу
үшін осы стакандарды жинау 2-тапсырма «Жи» әдісі арқылы мақалды сәйкестендіру Еңбек- ерлікке жеткізер Ерлік- елдікке жеткізер Еңбек- ердің көркі, Ер- елдің көркі Еңбек- ердің санаты, Білім- ердің қанаты Еңбегі көптің өнбегі көп Еңбек етсең емерсің Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей Еңбек- бәрін жеңбек
Бағдаршам «Жи» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс береді |
Оқушыларға көңіл- күй сыйлау Оқушылар киізүй және домбыра әдісі арқылы бөлінеді Үй тапсыр масын сұрау Балаларға жаңа сабақты түсіндіру Дайын жұмысты мғалімдер ге көрсету |
Оқушылар түрлі түсті жетондар арқылы бағаланады Жарайсың! Керемет!
|
Әртүрлі пластик бұйымдар |
|
|
Білім беру ұйымның атауы : |
«Қоссейіт» ЖББМ |
||||
|
Пәні: |
Жас шебер |
||||
|
Педагогтың аты-жөні : |
Иебаева Р |
||||
|
Күні: |
|
||||
|
Сыныбы: |
3-4 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қалдықты табысқа айналдырайық |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалы бұйым жасау жолдарын үйрету |
||||
|
Құндылық |
Жасампаздық және жаңашылдық |
||||
|
Апта дәйексөзі |
«Өнерлі бала өрге жүзер» |

Сәлемдесеу
Қауіпсіздік ережесі 1.Қайшымен абайлап жұмыс істеу 2.Ыстық желімді абайлап қолдану 3.Жұмыс орынды таза ұстау Күнделікті тұрмыста тасталатын заттарды пластик бөтелке, қағаз мата қиындысы, қорапт.б. қайда өңдеп, әдемі әрі пайдалы бұйым жасау. Яғни қоқысты кәдеге жаратып, одан пайда табу. Қажетті материалдар: Пластик,бөтелке, картон, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы I. тапсырма Сұрақ-жауап әдісі 1.Қандай қалдықтарды пайдалануға болады? 2.Үйде қандай заттарды қайта қолдануға болады 3.Қалдықтан жасалған бұйымды сатып табыс табуға бола ма? II. тапсырма Пластик бөтелке немесе картон қорап әдісі Бұйымның эскизін сызу Қиып жапсыру арқылы жасау Әсемдеп безендіру Жұмысты қорғау қандай қалдықтан, жасалғанын түсіндіру
III. тапсырма «Табыс көзі» әдісі Оқушы өз бұйымын сатуға ұсынатындай етіп шағын жарнама мәтінін құрастырады. Бағасын ойлап табады. Кімге пайдалы екенін айтады.
Бағдаршам әдісі ЖИ
|
Оқушыларға жақсы көңіл- күй сыйлау Сұрақтарға жауап береді Балаларға жаңа сабақты, әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы түсіндіру Сұрақтарға жауап беру Қауіпсіздік ережемен балаларды таныстыру Тапсырм аларды орындайды Оқушылар қол қимыл арқылы жасайды Мұғалімге кері байланыс берді |
|
|
|
|
Білім беру ұйымының атауы |
«Қоссейіт ЖББМ» КММ |
|||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Еламанова Р |
|||||
|
Күні: |
03.04.2025ж |
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Тектұрмас кесенесі |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларды Тектұрмас кесенесімен таныстыру. Қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге баулу |
|||||
|
Құндылықтар |
Тәуелсіздік және отаншылдық |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 3мин Өзін-өзі тексеру |
Топтарға біріктіру |
Шеңбер бойында тұрған оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы,жағымды атмосферақалыптастырады. Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы топтарға бірігеді. |
Смайликтер арқылы кері
байланыс беремін. |
|
||
|
Жаңа білім Кері байланыс |
Жаңа сабақ
Тектұрмас кесенесі - Тараз қаласының
оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан
XIV ғасыр сәулетінің ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің
бірі. Бейнеролик көрсетілім тамашалау Постер қорғау Тектұрмас кесенесі туралы мәлімет “Сұрақ -жауап” әдісі арқылы тапсырмаларды орындау. І топ
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын,рефлексиясын тыңдайды. |
Топтық жұмыс барысында мәтінді оқып,топта талқылайды.Топтар арасында ақпарат алмасады. Оқушылар суреттерді сәйкестендіру арқылы қай мереке екенін көрсетеді. Оқушылар бейнекөрсе- тілім көреді Оқушылар сұрақтарға жауап береді. . |
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалаймын. «Өте жақсы!», «Керемет!», «Тамаша!» «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау
«Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау
|
слайд,суреттер АКТ ,ноутбук Оқулық,сурет, дәптермен жұмыс Дайын сұрақтар |
||
3
3
1
о
|
Білім беру ұйымының атауы |
«Қоссейіт» ЖОМ |
|||||
|
Үйірме атауы |
Ұлт мұрасы |
|||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Еламанова Р |
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Тарих пен тіл- елдің тірегі |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылардың тарих және қазақ тіл пәндерінен білімін тексеру Топпен жүмыс жасау дағдыларын дамыту, Тіл мен тарихқа деген қызығушылықтары арттыру. |
|||||
|
Құндылықтар |
Ұлттық құндылық ,патриотизм,кемелдену құндылығы. Бірлік пен ынтымақтастықты күшейту |
|||||
|
Апта дәйексөзі |
«Бірлік болмай, тірлік болмас» |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
|
Жағымды атмосфера қалыптастыру |
|
|
||
|
|
Сайыс сабақ Кіріспе Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз «Тарих пен тіл-елдің тірегі» атты интелектуалдық сайысымызды бастаймыз.Бұл ойын- білімімізді шыңдап, тапқырлығымызды сипаттайтын сәт. Тіл-адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, қарым-қатынас жасауына арналған маңызды құрал. Ол- ойды, сезімді, ақпаратты жеткізудің негізгі тәсілі. Әр ұлттың өз ана тілі болады. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл арқылы адам білім алады, қоғаммен байланыс орнатады. Тілді құрметтеу-өз еліңді, халқыңды сүюдің бір белгісі. Тарих- тек өткен оқиғаларды тізу емес, ол себеп- салдарды түсіндіреді. Тарих халықтың жады, ұлттың рухани қазынасы. Ол арқылы біз ата- бабамыздың ерлігі, салт- дәстүрі, мәдениеті жайлы білеміз. І-топ ІІ-топ 1 кезең. «Бәйге»(жылдам сұрақтар) Сұрақтар (аралас тіл мен тарих) 1. Қазақ тілінде неше септік бар? 2.«Тіл- ұлттың...» 3. Қазақ хандығы қашан құрылды? 4. Абылай ханның шын есімі? 5. Жеті атаңды атап бер? 6. Байғазы дегеніміз не? 7. Қазақ хандығының негізін қалаған кім? 8. Асан қайғы кім? 9. Қожа Ахмет Яссауи қай жерде дүниеге келді? 10. Қожа Ахмет Яссауи кімнен білім алған? 11. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? 12.Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда қандай өзгерістер болды? 13. Қазақстанның астанасы қай қала? 14. Сан есім дегеніміз не? 15. Қаратпа сөз дегеніміз не? 2 кезең . «Тарихи тұлғаны тап»
3 -кезең «Мақал- сөз маржаны» Мақал- мәтелдерді толықтыру 1.Тіл тас жарады.. тас жармаса бас жарады. 2. Ел болам десең... бесігіңді түзе 3.Тілі жоғалған жұрт-... өзі де жоғалады. 4.Өзге тілдің бәрін біл... өз тіліңді құрметте. 5.Тарих ұлттың... айнасы 6.Тарихын ұмытқан ел-... тамырсыз ағашпен тең. 7.Елдің күші-... бірлікте 8.Отансыз адам... ормансыз бұлбұл 4- кезең «Сөз шеберлері» Берілген Отан, тарих, тіл, ерлік, ата-баба, ұлт, болашақ сөздерін қолданып, шағын 3-4 сөйлем құра. Мысалы: Тарих-елдің өткені. Біз ата-бабамыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. Отанды сүю-парызымыз. Тіл Отанмен бірге жасайтын асыл қазына. Сондықтан тіл мен тарих-егіз ұғым. 5-кезең. «Шатасқан әріптерді дұрыс орналастыру» арқылы облыстар атауын табады және оны картадан көрсетеді. 1.УАҚАТ (Ақтау) 2.АҚҒАДЫРАН(Қарағанды) 3.ТАСНАА (Астана) 4.ЫМЕНШКТ(Шымкент) 5.РАЛО (Орал) 6.ҮРКСТІТНА (Түркістан) 7.ЛААТМЫ (Алматы) 8.ЕЗЖАҒАНҚЗ (Жезқазған) 9.ВЕТПРПЛОА (Петропавл) 10. РАДОЛВАП (Павлодар) Қорытынды: Жеңіске жеткен оқушыларды мадақтау. |
Мұғалім кесене туралы қысқаша түсіндіреді.
Оқушылар «Бәйге» сұрақтарына жауап береді
Оқушылар тұлғалардың атын айтады Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрайды Оқушылар шатасқан әріптерді дұрыс орналастырып,облыс атауларын табады. |
Теңге арқылы бағалау |
Суреттер,қосымша сұрақтар,интернет материалдары Тиын арқылы бағалау
|
||

|
Білім беру ұйымының атауы |
“Қоссейіт ЖББМ”КММ |
||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
Еламанова Раушан |
||||
|
Күні: |
10.04.26ж |
||||
|
Сынып: 5 ә |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ғарыш- шексіз әлем |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Батыр ғарышкерлердің еңбегін бағалау, Қазақстандық ғарышкерлерді таныстыру. Ғарыш саласына қызығатын оқушыларға қолдау көрсету. |
||||
|
Құндылық |
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік |
||||
|
Апта дәйексөзі |
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесіп,оқу құралдарын реттеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Жұлдызды сыйлау» әдісі |
Әр оқушы көршісіне жылы сөз айтып,жұлдызды береді. «Сен бүгін жарқырайсың» саған сәттілік. |
|
Жұлдыздың суреті |
|
|
Сабақтың ортасы |
Бейнекөрсетілім көрсету |
Оқушылар бейнекөрсетілім көреді |
|
Интерактивті тақтаэкран |
|
|
|
«Ғарышқа саяхат» Планеталардың суреті 2-Тапсырма Сұрақтар:
3-Тапсырма Мәтінмен жұмыс «Тұлғаны таны» Ю. Гагарин Т. Мұсабаев Т.Әубәкіров А. Айымбетов «Егер сен ғарышкер болсаң...» тақырыбында эссе жазу Кері байланыс
|
Оқушылар сурет салу арқылы, ғарышқа саяхат жасайды
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар тұлғаны тану арқылы, өмір баяны жайлы мәліметтерді айтады.
Оқушылар «Егер сен ғарышкер болсаң...»тақырыбында эссе жазады. |
Жарайсыңдар тамаша Тамаша Жарайсыңдар Жақсы Өте тамаша Тамаша |
Планеталардың суреттері Тұлғаның суреттері
Дәптермен жұмыс |
|

Қорытынды
Қорытындылай келе,үйірме жұмысы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – білім беру жүйесіндегі маңызды әрі тиімді бағыттардың бірі екені анық. Үйірме сабақтары оқушыларға тек қосымша білім беріп қана қоймай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ішкі мүмкіндіктерін ашуына және өзін-өзі дамытуына үлкен ықпал етеді. Әсіресе, оқушылардың еркін ойлауына, қиялын дамытуына және жаңа идеяларды жүзеге асыруына жағдай жасау – үйірме жұмысының басты артықшылықтарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, үйірме барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артып, өз бетінше іздену, зерттеу, талдау дағдылары қалыптасады. Олар өз еңбегінің нәтижесін көріп, жетістікке жетуге ұмтылады. Бұл өз кезегінде олардың мотивациясын арттырып, оқу процесіне деген қызығушылығын күшейтеді. Топпен жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасауды, өз ойын дәлелдеуді, өзгелердің пікірін құрметтеуді үйренеді.
Бүгінгі таңда қоғамға тек білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашыл, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары тұлғалар қажет. Сондықтан да мектеп қабырғасында үйірме жұмыстарын жүйелі, мақсатты түрде ұйымдастыру – болашақ ұрпақтың сапалы дамуына негіз болады. Үйірме жұмыстары оқушылардың қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың болашақ мамандығын таңдауға да бағыт-бағдар береді.
Осыған орай, әрбір білім беру мекемесінде үйірме жұмысына ерекше көңіл бөлініп, оның мазмұны заман талабына сай жаңартылып отыруы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын ескеріп, шығармашылық атмосфера қалыптастыра алса, онда үйірме жұмысы өз нәтижесін береді. Нәтижесінде, шығармашыл ойлайтын, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2022.
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2019.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2018.
4. Сманов Б. Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі. – Алматы, 2020.
5. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Алматы: Рауан, 2017.
6. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар жинағы. – Алматы, 2022.
7. Интернет ресурстар:
* Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты
* BilimLand білім беру платформасы
1. Пәнге байланысты қосымша оқулықтар мен әдістемелік құралдар
14
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз