400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІН ТҮСІНДІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып, күні бүгінгі дейін әсемдігін жоғалтпаған ою-өрнек мәдениетінің үлгілерін қазіргі кездегі тұрмыс-салттық бұйымдардан көре аламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ НЕГІЗІНДЕ

ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ

БӨЛІНУІН ТҮСІНДІРУ


Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып, күні бүгінгі дейін әсемдігін жоғалтпаған ою-өрнек мәдениетінің үлгілерін қазіргі кездегі тұрмыс-салттық бұйымдардан көре аламыз. Олар: тоқыма, былғарыдан зерлеп, оюлап тігілген түрлі киімдер, сүйектен, ағаштан қашалған мүсіндер, алтын-күмісті зергерлік бұйымдар, шиден тоқылған, жүннен жасалынған бұйымдар, т.б. Өнер әлемінің қыр-сырын түсіну үшін олардың өздігінен талпынуы, талаптану әрекеті жеткіліксіз. Сондықтан балаларға тікелей басшылық етіп, бағыт беріп, үнемі көмектесіп отыру міндет. Балабақшаға арналған тәрбие бағдарламасына ұлттық ою-өрнек мәдениеті элементтерін молынан енгізу балалардың шығармашылық ою-өрісін кеңейтіп, көркемдік талғамын арттыра түседі. Бүлдіршіндердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен көбірек танысып, ана тілінің байлығын жетілдіруге бірден-бір әсер еткен болар еді.

Тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтық қолданбалы өнермен таныстыруда диафильмдер мен слайдтар көрсеткен және дидактикалық ойындарды тиімді ұйымдастырған кезде бала тез қабылдайтын жеңіл түрлерін қарастыруы керек.

Балаларды қазақтын ұлттык ою-өрнектерімен таныстыруда ондағы қарапайым элементтерден бастап, олардың түр-түс үйлесіміне қарай құрылым түзілетінін және мағынасына қарай бір неше топқа бөлінетінін айту жөн.

Ою-өрнектің бұлай топталуын балалар түсіне бермейді. Оларды өрнек сырларымен ауызша айтып түсіндіргеннен гөрі көзбен көріп, қолмен ұстатып таныстырған жақынырақ, түсініктірек болмақ. Балалар бейнелеу сабақтарында сол ою-өрнекте элементтің салуға берілетін аңның немесе құстын, т.б. тұлғасы /силуэті/ өрнек ішінен орын алса, бала оюдың айшықтарына қарау барысында көз алдына елестетеді. Оның өрнекпен астасып, үйлесім табуына да көңіл бөледі. Тәрбиеші жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту мақсатында балаларды ою-өрнек элементтерін қалауы бойынша таңдап алып, жеке қиюға үйретеді. Сондай-ақ мұндай қос бүктеу тәсілі арқылы жемістердің, аңдардың, құстардың сұлбасын қиюды, бірнеше бүктеу тәсілдеріне жаттығып, оларды өрнектің жоғарғы бөлігінде немесе орта белінде, төменгі жағында орналасқанын айта отырап, дене бөлікөтерін де атап, қимыл қозғалыстарын бағдарлайды /шоқиып отыр, ұшып барады, жүгіріп келеді, бір біріне кездесті, т.б./. Тәрбиеші сол сияқты ою өрнекте бейнеленген құстар, андар, жәндіктер, өсімдіктер жайында білетіндерін әнгімелету арқылы баланың ой-өрісін жетілдіріп, қиялын ұштап, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыруға жетелейді.

Мысалы, балалар қоян туралы немесе мысық жайындагы жұмбақтардың шешуіне қиналғанда, ою-өрнек көмекке келеді, бірден өрнекті көрсетсе, арасында жасырынып отырган не екенін атай қояды. Балапан, кірпі, лақ, құстар жайлы ертегі әнгімелер оқуда да ою-өрнек үлгілерін көрсетіп, ересектер тобындағы балаларға әнгіме құратуға болады. Әрбір үлгіні қарап көру барысында тәрбиешінің шығармашылық шеберлігі балалардың ақыл-ойының дамуын, қиялын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі