Материалдар / үйірмелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

үйірмелер

Материал туралы қысқаша түсінік
1-3 сыныптар аралыңында үйірмелер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
6887
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Үйірме жұмысының мақсаты:оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Үйірме жұмысының міндеттері:

 

Математикалық білімге қызығушылығын арттыру

Ой-өрісін кеңейту

Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тапқырлыққа  тәрбиелеу ;

Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

 

                     Үйірме 17 оқу сағатына есептелген.

 

Математикалық үйірменің жұмыс жоспарын құру төмендегідей принциптерге негізделген:

 

Оқу материалын тереңдету.

Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру

Сандар тарихынан мағлұматтар беру

Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу

 

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.

Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.

Логикалық есептерді шеше білу.

Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.

Математикалық ой-өрісін кеңейту.

Математикалық білімін толықтыру.

Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу.

 

      Үйірме жұмысын жүргізудің негізгі формалары:

 

1. Тақырыптық аралас сабақтар:

Мұғалімнің немесе оқушының баяндамасы;

Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу;

Есептерге талдау жасау;

Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату;

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

Үй тапсырмасы.

 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

Қызықты математика. Джанабердиева С.А.  – Алматы: Әрекет-П, 2009.

Математика тарихын оқыту-білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.-Ақтау, 2009


































«Сандар әлеміне саяхат» үйірмесінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

1 - 2 сыныптары

Сенбі, сағ: 12 00

Р/с

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Сандардың тарихы

1

3.09.16

2

Ертедегі математикалық әңгімелер

1

17.09.16

3

Әзіл есептер

1

1.10.16

4

Өлең есептер

Сандар сыры

1

15.10.16

5

«Қалай есептеу керек?» жаттығулар

1

29.10.16

6

Киелі сандар

1

12.11.16

7

Қызықты есептер

1

26.11.16

8

Жұмбақ есептер

Математикалық ойындар

1

10.12.16

9

Қызықты шаршылар

1

24.12.16

10

Логика әлемі

1

21.01.17

11

Есептер шығару

1

4.02.17

12

Математикалық ребустар

1

18.02.17

13

Санды басқатырғылар

1

4.03.17

14

Көңілді есептер

1

18.03.17

15

Өлең есептер Математикалық жаңылтпаштар

1

15.04.17

16

«Сандар әлеміне саяхат» газетін шығару

1

29.04.17

17

Қорытынды сабақ

1

13.05.17

«Сандар әлеміне саяхат» үйірмесіне қатысатын оқушылар тізімі

2016-2017 оқу жылы




р/с


Аты-жөні


Сыныбы

Шарипбек Алина

2 «А»

Абдураман Б.


2 «А»

Рақмет Д.


2 «А»

Жасан Н.


2 «А»

Абдуғаппар Д.


2 «А»

Жумадиллаев А.


2 «А»

Каримова М.


2 «А»

Алтынсарин Р.


2 «Ә»

Сабирханов Е.


2 «Ә»

Дүйсембай Е.

2 «Ә»

Маратжан Ж.

2 «Ә»

Дүйсембек Ж.

2 «Ә»

Жақсылық Б.

2 «Ә»

Айтын А.

2 «Ә»

Жаухан А.

2 «Ә»

Сембай А.

2 «Б»

Арын Б.

2 «Б»

Абдухаликов Н.

2 «Б»

Қалдыбек Г.

2 «Б»

Шахзадаева Т.

2 «Б»






Үйірме жетекшісі: К.А.Кустанбаева.




«Бекітемін»

Мектеп директорының

уақытша міндетін атқарушы: _________С.Т.Байтуяқов.













«Сандар әлеміне саяхат»

Үйірме жоспары







Жетекшісі: К.А.Кустанбаева

Сыныбы: 1, 2 а, ә,б.









2016-2017 оқу жылы





Түсінік хат


Үйірме жұмысының мақсаты:оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Үйірме жұмысының міндеттері:

 

Математикалық білімге қызығушылығын арттыру

Ой-өрісін кеңейту

Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

Тапқырлыққа  тәрбиелеу ;

Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

 

                     Үйірме 17 оқу сағатына есептелген.

 

Математикалық үйірменің жұмыс жоспарын құру төмендегідей принциптерге негізделген:

 

Оқу материалын тереңдету.

Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру

Сандар тарихынан мағлұматтар беру

Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелейтін есептерді шешу

 

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.

Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.

Логикалық есептерді шеше білу.

Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.

Математикалық ой-өрісін кеңейту.

Математикалық білімін толықтыру.

Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу.

 

      Үйірме жұмысын жүргізудің негізгі формалары:

 

1. Тақырыптық аралас сабақтар:

Мұғалімнің немесе оқушының баяндамасы;

Белгілі бір тақырыптағы есептерді өздігінен шешу;

Есептерге талдау жасау;

Қызықты есептер,тапқырлыққа берілген есептерді,математикалық софизмдерді шешу,математикалық ойындар ойнату;

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

Үй тапсырмасы.

 

Әдебиеттер тізімі :

 

Қызықты математика. Джанабердиева С.А.  – Алматы: Әрекет-П, 2009.

Математика тарихын оқыту-білімді ізгілендіру тәсілі. Г.Қ.Нұр.-Ақтау, 2009





«Сандар әлеміне саяхат» үйірмесінің жоспары

1 - 2 сынып

Сенбі, сағ: 12 00

Р/с

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Сандардың тарихы

1


2

Ертедегі математикалық әңгімелер

1


3

Әзіл есептер

1


4

Өлең есептер

Сандар сыры

1


5

«Қалай есептеу керек?» жаттығулар

1


6

Киелі сандар

1


7

Қызықты есептер

1


8

Жұмбақ есептер

Математикалық ойындар

1


9

Қызықты шаршылар

1


10

Логика әлемі

1


11

Есептер шығару

1


12

Математикалық ребустар

1


13

Санды басқатырғылар

1


14

Көңілді есептер

1


15

Өлең есептер Математикалық жаңылтпаштар

1


16

«Сандар әлеміне саяхат» газетін шығару

1


17

Қорытынды сабақ

1




«Сандар әлеміне саяхат» үйірмесіне қатысатын оқушылар тізімі

2016-2017 оқу жылы




р/с


Аты-жөні


Сыныбы













































10.










Үйірме жетекшісі: Мамаева Ж. Қ.




«Бекітемін»

Мектеп директоры ___________________Жаманкараева З.С.













«Сандар әлеміне саяхат»

үйірмесінің жоспары







Үйірме жетекшісі: Мамаева Ж. Қ.

Сыныбы: 3









2016-2017 оқу жылы



























Үйірменің аты «Сандар әлеміне саяхат»



Оқушының

аты-жөні





















Шарипбек Алина



















Абдураман Б.




















Рақмет Д.




















Жасан Н.




















Абдуғаппар Д.




















Жумадиллаев А.




















Каримова М.




















Алтынсарин Р.




















Сабирханов Е.




















Дүйсембай Е.



















Маратжан Ж.



















Дүйсембек Ж.



















Жақсылық Б.



















Айтын А.



















Жаухан А.



















Сембай А.



















Арын Б.



















Абдухаликов Н.



















Қалдыбек Г.



















Шахзадаева Т.

























Мұғалімнің аты-жөні___________________________________________________


Күні,айы

Сабақтың тақырыбы

Үйге тапсырма















































































СЫНЫПТАН  ТЫС  ЖҰМЫС  ТҮРЛЕРІ

 «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген және идеялық-саяси тәрбие сипатында мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарды түсінеміз.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы — басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап-тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.

Математикадан үлгірмеудің, бір себебі — оқушылардың пәнге аз қызығатындығы. Әрине, сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі дамытуға себепші болады.

Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру — мұғалім мін-деттерінің, бірі. Осы мағынада түрлі жаттығулардың — математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың рөлі зор. Белгілі  педагог В. А. Сухомлинскийдің басқаруындағы мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды еліктетіп, жігерлендірмейінше, тәрбиенің нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан да сабақ үстінде іздену мәселесін міндет етіп қойып, оны шешуде түрлі ойындарды пайдалансақ, сабақтан тыс шұғылданыстар бұларды толықтыра түсуге арналады.

Алдымен математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екендігін ескерген жөн:

  1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.

  2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.

  3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Мұғалім ол үшін жүйелі, әрі жоспарлы жұмыстар жүргізеді. .

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық газет, математикалық бұрыш, математикалық үйірме, математикалық кеш ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар болып бөліне береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі, оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына тоқтайық.

Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта етілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын артыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ есеп өмірден алынатындығын таны-татындай болуы қажет.

Қызықты есептер өлең, әзіл, ермек, викторина түрінде де жазыла береді.

Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, белгісізі не екендігі айтылады. Олар есепті ше-шуде байланыстырылады. Табылған жауаптың дүрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның, өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады.

Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп-дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп керсетіледі.

Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарым-паз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Математикалық тақпақ мәнерлеп оқылады. Оны оқудың үлгісін мұғалімнің өзі көрсетеді. Сондықтан мұғалім тақпақ сөзін оқушыға жаттатқаннан кейін, дұрыстап оқуды үйретеді. Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын, қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз. Кейде ол арқылы оқушының мінезқұл-қын, оның кемшілігі мен жетістіктерін сынаймыз. Мұндай әдіс нәтижесі әсерлі келеді, оқушыларды ұжымдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, Отанды сүюге, математиканы кұрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейміз.

Математикалық жұмбақ жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық ұғымдар, символдар, терминдер енеді. Жұмбаққа қойылатын талаптар мұнда да сақталады. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де, ребустар, викториналар түрінде де келтіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымны қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер етеді. Жұмбақ жауабы да, осыдан, түрліше болуы ықтимал.

Математикалық жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл — ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Математикалық монтажды бір сыныпта немесе сыныпаралық кеште ұйымдастыруға болады. Математикалық монтаж әдеби монтаж сияқты белгілі тақырыпқа арналып өткізіледі. Монтажға қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өлеңді, қара сөзді кезектесіп, мәнерлі, көтеріңкі, ырғақты дауыспен орындайды. Бұлай орындау, екінші жағынан, ойдың мазмұнын ашу үшін де керек. Осындай жаттығу, орындау үстінде, оқушы ойды түсінуге, дұрыс сөйлеуге, ұстамдылыққа, сыпайылыққа үйренеді. Математиканы құрметтеуге басқаларды үгіттейді.

Математикалық турнир – командалық жарыс. Турнир бір сыныптағы жұлдызшалар немесе параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Турнир болатындығы алдын ала хабарланады. Оған команда мүшелері бірігіп даярланады. Турнир белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, жануарлар мен жәндіктер,  өміріне транспорт түрлерінің техникалық сипаттарына, халық шаруашылығындағы табыстарға, кейде есептерге арналады. Турнирде талданған тақырып оқушыларды қызықтырып, олардың білімін толықтыруға тиіс. Турнирді ұйымдастырудың тәрбиелік мағынасы да ұмытылмауы тиіс. Турнир болатын күн хабарланып, оны салтанатты ашу турнирдің ұйымшылдықпен өтуіне көмектеседі. Командаларды қамқорлыққа алған сынып оқушылары даярлайды. Командаларға берілетін сұрақтар, есептер алдын ала іріктеледі. Оны мұғалім анықтайды. Турнирге қатысатындар команда бойынша нөмірленіп, бірегей нөмірлер өзара жарысады. Көп ұпай жинаған команда озады. Жеңімпаздар суреті газеттен орын алады. Турнирге берілген есептер, сұрақтар үйірме отырысында талданады. Әдетте турнирді жабу кезеңінде қорытынды жасалады.

Математикалық сайыстар турнирмен мазмұндас. Тек мұнда қарсы командаға берілетін есептерді, сүрақтарды оқушылар даярлайды. Бірақ оны мұғалім қарап шығып, толықтырады. Бұл жарысушыларға бірыңғай талап қоюга мүмкіндік жасайды. Екіншіден, сайысқа қатысушылар біріне-бірі тапсырманы күні бұрын береді. Тапсырманы орындау мерзімін мұғалім тағайындайды. Тапсырма тексеріліп, соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда айқындалады. Кей жағдайда сайысқа қатысушылардың математика дәптері де үлгі ретінде қарастырылып, оған ұпай белгіленеді. Мұндай жағда оны мұғалім жыл басында-ақ хабарлап қояды. Сайыстар оқушыларды қиындыққа төзуге, ұстамдылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдыққа тәрбиелейді.

Математикалық экскурсия арнайы үйымдастырылмайды. Алайда, дүниетану пәнінен ұйымдастырылатын экскурсия кезінде математика элементтеріне көңіл аударылады. Мәселен, ағаштың жасын анықтауға, жапырақ пішініне, гүлдің пішініне, клумбадағы өрнекке, құрт-құмырсқаның пайдасы мен зиянына, колхоз-совхоз, өндіріс орындарының табысына т. т. Экскурсияда ойға түйгендер викториналар құрастыруда, оны шешуде ойға түсіріледі. Мәселен:

  1. Шортан — жыртқыш балық. Ол 1 кг салмақ жинау үшін 22 килограмдай ұсақ балықтармен қоректенеді. Шортан 300 жылдай өмір сүреді.

  2. Дала көкегі орта есеппен күніне 40 шақты қырық-аяқ, 40 шақты шапшыма, 5 зауза қоңызы личинкасын жейді. Сондықтан ол пайдалы.

  3. Қайың 250 жылдай, қарағай 600 жылдай өмір сүреді. Қайыңның сөлі пайдалы. Қарағай қылқан жапырақтылар класына жатады. Одан желім даярланады.

Экскурсия табиғаттағы үйлесімдікті тануға, оның байлықтарын сақтауға, деңсаулығын жақсартуға, Отанды сүюге тәрбиелейді. Аңғарымпаздыққа үйретеді.

Математикалық викторина — жарыстың түрі. Оны кеште, жиында, үйірме отырысында пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де өткізіледі. Басқарушы есепті, не сұрақты дауыстап көпшілікке оқиды. Сондықтан оны жиынға қатысушының кез келгенінің шешуге мүмкіндігі бар. Кім бұрын қолын көтерсе, содан жауап алынады. Егер жауап дәл немесе толық болмаса, онда басқадан сұралады. Жауаптарға байланысты ұпай қойылады. Дұрыс жауапқа комиссия 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай береді. Көп ұпай жинаушы жеңімпаз атанады. Сұрақтардың саны 3-4 -тен аспағаны жөн. Егер сұраққа ешкім жауап бере алмаса, оның жауабын басқарушы немесе мұғалім айтады. Викторина түрлі мазмұнды материалды қамтиды. Сондықтан ол оқушының білімі мен даярлығы болуын талап етеді. Мұғалім осыны ескеріп, газет бетінде материалдар жариялап, не жеке параққа жазып шығарып отырады. Параққа әуелі сұрақтар, кейін оның жауаптары жазылады. Оқушының викторинаға арналған дәптерінің болғаны да артық емес.

Викторинанық кейбір есептерін жазу үшін тақта, плакаттар да қажет. Викторинаға тұжырымдалуы қысқа, көп есептеуді талап етпейтін, ауызша шешуге ыңғайлы, қарапайым есептер беріледі.

Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп, жан-жақты дамитын болады. Сұрақ қойып, сөйлеу мәдениетіне үйренеді. Көзқарасын жақтауға баулынып, өз бетінше жұмыс істеуге, аңғарымпаздыққа тәрбиеленеді.

Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады. Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-сырмалар беріледі. Өздерін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істер үйірме мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген ата-ана да мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Математикалық кешті жарты жылдық қорытындыға ұйымдастыруға болады.

Кеш еткізу — күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын жүргізілгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі мақсаты — оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.

Залды жабдықтау үшін фотомонтаж шығарылып, оқушылар дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ребустар, есептер, суреттер ілінеді. Иллюстрацияларды эпидиаскоп арқылы кітаптан, журналдан түсіріп алуға болады.

Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп, скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін келті-реміз.

Математикалық газет – математикаға қызығушылардың, сондай-ақ бүкіл мектеп окушыларының айнасы. Оның бетінен тәуір үлгірімді оқушылар суреттерін, әр звеноның үлгірімдік диаграммасын, оқушылар шығармашылығын, қызықты есептерді, математикалық жарыстар нәтижелерін, математика тарихы элементтерін, дидактикалық және басқа ойындарды табуға болады. Аталған мәселелер қысқа, қызықты, әрі көрнекі етіліп, түрлі шрифтерді пайдаланып, бояу, тущь және пламастермен өрнектеледі. Кейде иллюстрациялық материалды газет-журналдардан қиып алуға болады. Тек оларды жапсырғанда білдірмей, орынды пайдалану керек. Газет материалдары үйірме отырысы және кеш материалдары-мен қабысып, астарласып жатады. Тақырыптары да «Ойлан да тап!», «Сен білесің бе?», «Сөзжұмбақ», «Есептер», «Бүл не?», «Ребус», «Қайсысы дұрыс?» деген сияқты материалдың мазмұнына сәйкес, қысқаша қойылуы дұрыс. Газет атауы да «Жұлдызша», «Өрнек», «Икс», «Плюс», «Куб», «Архимед», «Альфа» тәрізді айтуға жеңіл, әрі қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Әсіресе бірінші шығарылған газет қызықты, оқуға жеңіл, көз тартарлықтай, жазуы аз, иллюстрациясы көп, шрифтісі мазмұнына сай, өмірмен тығыз байланысты болғаны жөн. Осындай газетті әрбір оқушы оқиды. Әрі газеттің тәрбиелік мәні бар. Сонда ғана оны қызыға оқиды. Газет оқушыны тартуы үшін ондағы жазу ірі, әдемі әріппен жазылғаны дұрыс.

Газетті оқушы бойы жететін жерге ілу керек. Егер газетті жоғары ілсек, ондағы жазуды оқушы оқи алмайы. Газетті таза сақтау үшін фанерге не қатты картонға кнопкамен бекітіп, бетін әйнектеп қою керек. Әйнекті бекіту үшін фанерге жұмсақ қаңылтырдан құлақшалар қағып, оны қайырып бекітсе болады.

Газет үшін сурет альбомының парағы жарайды. Егер оны ұзыннан желімдесек, бір жарым парағы, ал тігінен желімдесек, екі парағы жеткілікті. Әдетте бір парақ та жетеді. Газеттің мұндай көлемі ықшам, суретті газет шығаруға әрі оны папкада сақтауға ыңғайлы келеді. Папкада сақталған газеттер үйірме журналы міндетін атқарады. Сондықтан оны керек кезінде қайыра пайдалануға мүмкіндік туады. Әсіресе, үйірменің соңғы отырысында немесе жылдық қорытынды кезінде көрме ұйымдастыруға, математикалық кеш үстінде сыныпты безендіруге жарамды әрі даяр материал екендігі аян.

Газеттің материалын мұғалімнің өзі таңдап даярласа, оны шығарысуға қамқорлыққа алған жоғары сынып оқушылары көмектеседі.

Математикалық ойындар. Санмен ойындар, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шық), басқатырғылар (түрлі фигуралар құрастыру) болып бөлінеді. Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да тереңірек. Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға, индукция мен дедукцияға, аналогияға, математикалық заңдылықты ашуға, зейін мен есті дамытуға, ұжымдыққа, жігерілікке, ұстамдылыққа, кейінге көз тастауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді. Сондықтан да біз кітапшада келтірілген ойынның көпшілігіне әдістемелік нұсқау мен оның оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз.

 Математикалық үйірме. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі — үйірме жұмысы. Жас буын түрліше құбылыстың сырына құмартып, әр нәрсеге әуестене, жауап іздейді. Осы құштарлықты арттыруға, ой-өрісін бағыттап, кеңейтуге үйірмеде қаралатын жұмыс түрлері жауап береді. Үйірмеде математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру, талдау, синтездеу, индукция мен дедукция, аналогия арқылы тұжырым жасауға үйренеді. Үйірмеге қатыстыру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжым намысы үшін күресуге баулимыз. Әсіресе бұл қасиеттер көрнекі құралдарды даярлауда, газет шығаруда, экскурсияға барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда  айқынырақ байқалады.

Үйірме жұмысына әр оқушы еркімен қатысады. Бірақ оқушыны 1—2 үйірмеге ғана қатыстыру тиімді. Оған қатысатындарды жігерлендіріп, қолдап, қызығушылығын оятып отыру керек. Ол үшін үйірме отырысын ұйымдастырмас бұрын, мұғалім сабақ кезінде оқушыларды пәнге қызықтырып, ынталандырып отырғаны жөн. Осы мақсатта жұмбақтарды, өлең есептерді, ребустарды, фокус-тарды, таяқшалар мен ойындарды пайдалану тиімдірек келеді.

Егер мектепте   параллель сыныптар   болса, бірнеше үйірме ұйымдастыруға болады. Күні бұрын үйірме жоспары жасалып, бекітіледі. Кезінде оқушылардың талап-тілектеріне байланысты, оның кейбір пункттері өзгеруі мүмкін. Жоспар құрғанда оқушылардың өздерін үйірме жұмысына тікелей   қатыстыру жағы ойластырылады. Мұғалім оқушының жұмысын бағыттап, оған көмектесіп отырады. Үйірме жоспары жеке отырыстарға бөлінеді. Ол әр сыныпқа бөлек жасалады. Отырыс екі-үш жетіде, қысқа  уақытқа   арналып,  мұғалімнің  басшылырымен тікелей даярланып өткізіледі. Үйірме отырысында тақпақтар, жұмбақтар айтылып, ребустар, есептер, викториналар шешіледі. Жарыстар ұйымдастырылып, түрлі ойындар ойналады, газет   шығарылады.   Отырысқа қажет жабдықтар, көрнекіліктер, материалдар алдын ала даярланады. Бұл тұста оқушы көмегі айтарлықтай болғаны жөн. Әрбір отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын мұғалім   күні бұрын   ойластырады.   Әдістемелік нұсқау қажет болатын жұмыстар түріне алдын ала дайындық, ескертулер жасалынады. Анықтық үшін тек үш отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз, өйткені оны әрбір мүғалім айқындай алады. Әрбір отырыс соңында қорытындыны мұғалім жасайды. Үйге тапсырмалар  береді. Қорытынды   кезінде негізгі мәселелер қайталанып, ес-кертулер жасалады. Белсенді қатысқандар аталып, келесі отырыс қашан болатыны хабарланады. Сондай-ақ әрбір жыл аяғында үйірменің соңғы отырысы ұйымдас-тырылады. Ойланылған жүйелі бекіту болса ғана окушы есінде үйірме жұмысының нәтижелері көбірек қалады. Ол үшін   үйірме отырысының   жабдықтары,  журнал-газеті   сақталады.   Үйірмеде   қарастырылған есептер, викториналар түрлі жарыстарда ұсынылады. «Мен неге үйрендім?» тақырыбы бойынша жыл бойындағы материалдарды мүғалім қайталайды. Осы тұста кейбір есептер, фокустар еске түсірілуі, есепті шешу тәсілдері айтылуы мүмкін. Үйірме мүшелері өзара пікір алысып, білімдерін жүйелеп, толықтырады. Мұғалім кейбір материалдың пайдасын бағалауы тиіс. Осы мағынада математикалық заңдылықтық пайдасы туралы да айтады. Соңында, келесі жылдың жоспарына қысқаша тоқтап, жазға тапсырма береді.

 ҮЙІРМЕ ОТЫРЫСТАРЫ

I сынып

(II жарты жылдық)

1 — о т ы р ы с.

Өлең есеп «Қосу».

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі,

Қанша болды,

Қолда бары?

(Жауабы: Алты)

(Б. Тәжіметов)

 

Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

Егіз қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен.

(Қос қол)

Математикалық тақпак «Екеу дегенше, бекем де».

Бірді бірге қосқанда,

Екеу болады.

Жалғызсырап, жасқанбай,

Бекем болады.

Екі қолды қосқанда,

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспандап,

Ұшады емес пе?

Тіркелсе екі дөңгелек,

Өзің тебетін,

Зырылдайтын дөңгелеп,

Велосипедің…

(М. Әлімбаев)

 

Ойын «Көңілді санау».

 

Әдістемелік нұсқау. Бұл математикалық жарысқа жатады. Сондықтан екі немесе бірнеше команда звено бойынша қырағылығын сынасады. Қай команда тапсырманы тез орындаса, сол команда жеңімпаз атанады. Жеңімпаз командаға үлкен жалауша, ал жеңілгендерге кіші жалауша беріледі. Тақтада төмендегі 1,а-суреттегідей толтырылған және бір-бірден бос таблицалар күні бұрын сызылып даярланады. Таблица тор көздерінде бірден он алтыға дейінгі сандар жазылған. Ойынды екі команда басшылары бастап, толтырылған таблицадағы сандарды сызып ретімен бос таблицаға қайта толтыруы керек. Командадағы оқушы екі-екі саннан жазуы тиіс. «Кірісіңдер!» сөзі жарыстың басталғанын білдіреді. Қай команда шатаспай, бос таблицаны тез толтырса, сол жеңеді.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Отырыс материалдары оқушыны тыңдай білуге, аңғарымпаздыққа, ұжымдыққа, ортақ заңдылықты байқауға тәрбиелейді. Мәселен, «Көңілді санауда» сандар тор көзде белгілі тәртіппен орналасқан. Оны байқау — таблицаны тез толтырудың кілті. Егер мұндай заңдылықты оқушылар аша алмаса, отырыс қорытындысында мұғалім айтып, оқушылардың көңілін аударады. Келешекте ескерулері керектігін нұсқайды.

 

 

2 — о т ы р ы с.

Математикалық тақпақ «Кім қаншада?».

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.

(С. Әлімқұлов)

 

Математикалық жұмбақ.

 

Үш шырпыдан бір есік,

Құрастырып көр шешіп.

(П әрпі)

 

Математикалық жаңылтпаш.

 

Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш.

(С. Көшекбаев)

 

Математикалық өлең есеп «Санамақ».

 

 

(Ж а у а б ы: 55 ойыншық)

(Е. Өтетілеуов)

 

Әдістемелік нұсқау. Өлең алдын ала плакатқа көрнекі етіліп жазылады. Мұндағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарын қызыл түспен жазса, негізгі ой қосымшадан ажыратылып есепті тез шешуге көмектеседі. Есептеудіқ тез әдісі топтау көрсетіледі және артықшылығы айтылады. Әрі бұл оқу бағдарламасына сай. Ш е шу і. Барлығы:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9+10

(1 + 10) + (2+9) + (3+8) + (4 + 7) + (5 + 6)

11 + 11 + 11 + 11 + 11

Бұл бес ондық және бес бірлік, яғни 55.

Отырыстың оқу-тәрбиелік сипаты. Тақпақ материалы еңбек зейнеті рахатқа бөлейтіндігін байқатса, жұмбақ салыстыру арқылы қорытынды жасауга баулиды. «Санамақ» қызығушылыққа, ұстамдылыққа, аңғарымпаздыққа, негізгіні қосымшадан ажыратуға үйретеді. Оны мәнерлеп оқу дұрыс сөйлеуге, есепті талдау математикалық заңдылықты байқауға тәрбиелейді.

 

3 — о т ы р ы с.

 

Математикалық санамақ «Бәрі қанша құс болды?»

 

Мынау да бір санамақ,

Өздерің кер саралап:

Төбеден төрт бектергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды?

(Ж а у а б ы: 31 құс)

 

Математикалық тақпақ «Есеп».

 

Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

Сол досым сол алманың

Бәрін алсын!— дей салдым.

 

(Қ.  Мырзалиев)

 

Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

а) Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да.

Ұзындығы жазулы түр бойында.

(Сызғыш)

б) Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар:

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді ойлар намысын.

(Шахмат)

(Қ. Мырзалиев)

Математикалық жаңылтпаш.

 

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

(Қ. Мырзалиев)

 

II сынып

1 – о т ы р ы с.

 

Математикалық өлең — есеп «Бәрін бірге ойлап қой».

 

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

 

(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)

 

Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

а) Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр.

(Дойбы)

(Қ. Мырзалиев)

 

б) Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.

(Велосипед)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Сүт сату».

8, 5 және 3 литрлік бидон бар, 8 литрлік бидоннан 6 л сүтті қалай құйып алуға болады?

 

(Ж а у а б ы: 2-суретте берілген.)

 

Математикалық жаңылтпаш.

Ұшы үшкір ұшқыр үш

жебе алдым,

Үшеуі де үшкір, үшқыр

деп алдым.

(М. Әлімбаев)

 

2 — о т ы р ы с.

 

Әзіл есеп «Топ үйрек».

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

(Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)

 

Математикалық фокус. «Сан ойла».

 

Әркім өзінше бір сан ойлап, оған менен бес қоссын. Одан ойлаған санын алып тастасын. Сонда нәтижеде бес қалады. Мен қалай таптым, кім айтады?

Фокустың сырын тапқан оқушы ойынды жүргізеді. Егер ондай оқушы табылмаса, мұғалімнің өзі жүргізіп, соңынан фокус сырын түсіндіреді.

Фокус сыры. Нәтижені табу қосындыдан санды азайту қасиетіне негізделген:

 

(х + а) — х = а,

мұндағы а – ойын жетекшісінің қосуға ұсынатын саны.

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».

Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.

 

(Ж а у а б ы: 3-суретте берілген.)

 

Математикалық жұмбақ.

а) Тышқаннан басқа батпаған,

Бір шланг, төрт баған.

(Піл)

 

б) Мың найзалы жалғыз батыр

Жауларына алғызбай тұр.

(Кірпі)

(Қ. Мырзалиев)

 

3 — о т ы р ы с.

 

Математикалық викториналар.

 

Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.

(Жауабы: 2-2 = 2+2, 1*2*3 = 1+2+3)

 

Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Жүз төрт түйме,

Он бір ине.

(Есеп шот)

(М. Әлімбаев)

 

Математикалық ойын «Қызықты квадрат»

 

Методикалық нұсқау. Екі командаға бірдей тапсырма беріліп, әр командадан бір-бір оқушы шақырылып, 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып тақтадағы квадратты толтырту керек. Берілген квадраттың жолдары мен бағандарындағы сан-дардың қосындысы, сол сияқты суретте көрсетілген үзік сызықтар бойынша орналастырылған сандардың да қосындысы 6 болсын. Квадратты қай команда бұрын толтырса, сол ұтады. Әр командаға а – суреттегідей жеке квадрат сызылады.

 

(Ж а у а б ы: 4,б-суретте берілген.)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Үш қоян».

Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?

(Ж а у а б ы:  бір оқушы қоянды торымен алған.)

 

 

4 — о т ы р ы с.

 

Әзіл есеп. «Кітап саудасы».

Рауан мен Ержан кітап дүкеніне кіріп, кітап қарады. «Әзіл» есеп кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Ержан бұл кітапты сатып алуға оның 19 тиыны жетпей тұрғанын айтты. Олар екеуіндегі ақшаларын қосса да бұл кітапты сатып ала алмайтынын білді. Сонда кітап неше тиын тұрады? Олардың қанша ақшасы болды?

(Ж а у а б ы:     19 тиын; Рауанның 18 тиыны, Ержанның
0 тиыны болған.)

 

Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»

 

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер?

 

(Ж а у а б ы:  Бес торғай, 5-суретте берілген.)

 

Математикалық викториналар.

 

13 шырпыдан метр деген сөзді құрастыр.

 

6-сурет

 

(Ж а у а б ы:  6-суретте берілген.)

 

 

Көңілді санау «Бес тоғыз».

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан бес тоғыз шығатындай етіп топтап, олардың қосындысын ықшам әдіспен табыңдар.

 

Шешуі. Қосындысын табу.

 

1+8,  2+7, З + б, 4+5 және 9,9 x 5 = 45.

 

(Жауабы: 9×5=45.)

 

 

5 — о т ы р ы с.

 

1. Математикалық жаңылтпаш.

 

Есет ағам ет асатар

Ет асатса, бес асатар.

(Қазақ ауыз эдебиетінен.)

 

Жүздің жартысы екіге бөлгенде неше болады?

 

(Жауабы: 25.)

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Алма ал». 7-суретте 16 алма көрсетілген. Алтауын алғанда баған мен жатық жолда екі немесе төрт алма қалатындай болсын.

 

(Ж а у а б ы:   7-суретте сызылатын алмалар боялып берілген.)

 

Әдістемелік нұсқау. Алдын-ала плакатқа тор көз көрнекі етіліп сызылады. Алма суреті жеке карточкаларға салынады да, олар кнопкамен бекітіледі. Бұл алманы қозғауға мүмкіндік береді. Әрі нәтиженін дұрыс немесе қате екендігін бірден байқатады.

 

Математикалық тақпақ «Бес»

 

Қарсы алғанда мамасы,

Мектебінен Қошайды,

«Бес» алған-ау шамасы,

Бес саусағы шошайды.

 

(Т. Бердияров)

 

III сынып

 

1 — о т ы р ы с.

 

Математикалық ребус шешу (8-сурет)

Математикалық жұмбақ.

 

а) Қатар жазып саусақты,

ТТ                 Түйістір екі бармақты.

Екі қолдың арасы,

Қандай әріп қарашы?

(М)

 

 

ә) Төрт әріптен тұрамын,

Түрлі сөзді құрамын.

Т-ны кесіп тастасаң,

Биігірек жер болам.

Қайта ойланып қарасаң,

Сый-құрметі — төр болам.

Жарты Т-дан бастасаң

Лаулап жанған от болам.

Бұл қай сөз?

(Төрт)

 

Математикалық жаңылтпаш.

 

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

 

(О. Әубәкіров)

 

Математикалық фокус. «Ойлаған санды табу».

 

Сан ойла. Оны екі еселеп, 5-ті қос. 5-ке көбейт. 10-ды қосып, 10-ға көбейт, Нәтижең қанша? Ойлаған саныңды табамын.

 

Мысалы. 9*2=18.   18+5-23.    23*5=115.

 

115+10 = 125.   125*10 = 1250.

 

Фокус сыры. Нәтижеден 350-ді азайту керек. Айырманың жүздігі ойлаған сан болады:

1250—350 = 900. 9 — ойлаған сан.

 

2 — о т ы р ы с.

 

Математикалық ойын «Қызықты квадрат» (9-су-рет).

 

Ойын ережесі. Екі команда өкілдеріне қиындығы бірдей тапсырма беріледі. Олар 2, 3, 6, 8, 9 цифрларын пайдаланып, квадраттық бос көздерін жатық жол, тік жол және үзік сызықтар бойынша есептегенде, цифрлар қосындысы 15 болатындай етіп толтыруы керек. Қай команда бұрын толтырса, сол команда ұтады. Команда өкілдері класқа карап тұрып, бастаушының «Кірісіңдер!» деген белгісі бойынша бастайды.

 

(Ж а у а б ы: 9, б-суретте берілген.)

 

Математикалық викторина.

 

Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?

* * * * – * * * = 1.

 

(Жауабы: 1000—999 = 1.)

 

Геометриялық басқатырғы.

Қарындаштың ұшын көтермей, үш кесінді жүргізу арқылы үш квадратты алты үшбұрышқа бөлу керек.

(Жауабы: 10-суретте берілген.)

 

Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 

Айқасқан екі таяк,

Тұрады жоқты сұрап.

(Икс)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?

 

(Жауабы:  екеуі, өйткені  сөндірмеген біреуі жанып кетеді)

 

б) 11-суретте неше үшбұрыш сызылып көрсетілген?

 

(Жауабы: 8.)

  

 

 

3-отырыс

Математикалық викториналар.

а) Сегіздікпен 1000. Тек қосу таңбасын пайдаланып сегіз сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.

(Жауабы: 888+88 + 8+8+8 = 1000.)

 

б) Неше   беттік дәптерлер    болады?

(Ж а у а б ы: 12, 18, 24, 32, 36, 48, 96.)

 

Кім қырағы? Цифрларының қосындысы 18 болатындай етіп, карточкаларды үш топқа жікте:

 

2637 1638 1368 2376 1395 2367 2673 1863

 

Жауабы:  1, 2 және 3 цифрларының орны бойынша топтаймыз:

1638   2637   1368

1368   2376   2376

1395  2367  1395

1863  2673  2367

 

3. Геометриялық басқатырғы «Тоғыз нүкте» (12-сурет).

12, а — суреттегі 9 нүктені қарындаштың ұшын көтермей, төрт кесіндімен қосу керек.

(Жауабы: 12, б-суретте берілген.)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Мысықтар».

Үйдің әрбір бұрышында бір-

бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр?

 

(Ж а у а б ы: төрт, сурет арқылы түсіндіріледі.)

 

Математикалық ойын «Таңқаларлық цифрлар» (13-сурет) .

Мұнда келтірілген жазбалардың тамаша сыры бар. Бұған кітаптық сол жақтағы төменгі бұрышынан қараңдар. Қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Енді оң жақ төменгі бұрыштан қараңдар. Мұнда да қосуға берілген дұрыс мысалды көресіңдер. Оның үстіне барлық бірден тоғызға дейінгі цифрлар пайдаланылған. Осындай тағы бір жазбаны келтіріңдер.

 

(Ж а у а б ы: 13-суретте берілген.)

 

4 — о т ы р ы с.

 

Ойын. Шығыршықты үшбұрыш. Дөңгелек бойында қосындысы 39 болатындай етіп 1, 2, 3, … 9 сандарын үшбұрыш бойына орналастыру керек (14-сурет). Ш е шу і. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысын табайық:

 

1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 = 45.

 

Мұнан   дөңгелек   бойындағы сандар қосындысын азайтсақ, үшбұрыштар төбесінде тұратын сандар қосындысы табылады. 45 –  39 = 6. Әр төбедегі санды табу үшін 6-ны үш қосылғышқа жіктеуіміз керек. Жіктеп 6=1+2+3 екенін табамыз. Қалған 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларды дөңгелек бойына еркін түрде орналастырамыз. Е с к е р т у. Есепті ойын түрінде ұйымдастыруға да болады. Ол үшін плакат даярланады. 1, 2, …, 9 цифры жазылған дөңгелекшелер картоннан ойылып алынады. 4—5 минут оқушылар кезекпе-кезек ойнап көргеннен кейін, есепті шешу мәселесі қойылады. Есеп шешіледі.

 

 

Математикалық ребус шешу (15-сурет).

 

(Ж а у а б ы: Азайту.)

 

Математикалық викториналар. «Табиғат әлемінен».

а) Неше туыс? 7 туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар   барлығы   нешеу?
(Жауабы: 7 ағасы, бір қарындасы бар. Барлығы 8 туыс).

б) Неше машина керек? Әр машина 5 тонна жүк көтерсе, 20 тонна 200 кг жүкті тасу үшін неше машина керек? (Ж а у а б ы: 5 машина, себебі  4 машинаға жук сыймайды.)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а)  Қандай сан барлық   санға қалдықсыз бөлінеді?

 

(Ж а у а б ы: Нөл.)

 

б) Көшедегі   өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар   саны қанша болғаны?

(Ж а у а б ы:   Отыз бір.)

 

Таяқшамен жаттығу.

 

16, а — суретте таяқшадан фигура құрастырылған. 5 таяқшаны алып тастап, уш квадрат құрастыру керек, (Ж а у а б ы: 16, б-суретте берілген.)

 

 

 5 — о т ы р ы с.

 

Математикалық викториналар.

а)  12-беттік   оқушы   дәптерінің   салмағы  қанша?

 

(Жауабы: 35 г.)

 

б)  Құны әр түрлі 10 монета бар. Олардың арасында бірдейі   бар ма?

 

(Жауабы: — Иә, себебі монеталар 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20, 50 және 1 сомдық болады. Бұлардың барлығы 9. Демек, монеталардың біреуі құны жағынан қайталанады.)

 

Таяқшамен жаттығулар.

а) Алты квадрат. 12 таяқшадан бірдей 6 квадрат құрастыру керек.

(Ж а у а б ы: Таяқшаларды куб түрінде орналастырамыз.}

 

б) Бокал және шие (17-сурет).

5 таяқшадан «бокал» құрастырылған. Ішінде шие бар. Екі таяқшаны қозғалту арқылы шиені бокал сыртында қалдыру керек. (Жауаб ы: 17,б-суретте берілген.)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

 

а) 18-суретте неше бұрыш көрсетілген?
(Ж а у а б ы: Сегіз.)

 

б) Цифрларды қозғап дұрыс теңдік шығар:

 

а) 83 – 17 = 21   б) 31+2=33

б) 13 + 2 = 33,
Жауабы:       а) 83 – 71 = 12,

 

 

Фокус деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

 

Ж а у а б ы: Фокус деген сөзді бірінің астына бірін бес рет жазып, қиғаштап оқысақ тағы екі рет фокус деп оқитын боламыз. Сонда небары ол сөз жетеу болады  (19-сурет).

 

6 — о т ы р ы с.

Математикалық викториналар.

а)Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км
шабады?
б) 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.

Е с к е р т у. 66 саны   карточкаға алдын ала жазылады.

 

(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)

 

в) Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?

г) Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңілісі   қанша болса, сонша ағасы бар. Осы семьяда неше ер бала, неше қыз бала бар?

(Ж а у а б ы: 1 ұл, 2 қыз бар.)

 

Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.

а) Екі әкесі мен екі баласы үш  алманы  бір-бірден  бөліп қалай бөліскені?

 

(Ж а у а б ы: Әкенің   баласы және оның баласы   болғаны. Сонда небары үш адам. Олардың үш алманы бір-бірден бөлісуіне болады.)

 

б) Квадрат тәрізді алаңның төрт бұрышының әрқайсысында бір-бір ағаш өсіп тұр. Ағашты кеспей, алаңды қалайша кеңейтуге болады?

 

(Ж а у а б ы: 20-суретте берілген.)

 

Геометриялық басқатырғы «Бірден сызып шық».

 

Қарындаштың ұшын қағаздан алмай бірден сызып шық (21-сурет.)

 

 

Е с к е р т у. Сурет стрелкасыз беріледі.

 

Таяқшымен жаттығу.

а) Екі шырпыны ауыстырып, сиырды артына қарату керек.

(Ж а у а б ы: 22 – суретте берілген)

 

  

 

б) Үш шырпыны қозғап, өрмекшіге ұқсас фигураны қарама-қарсы бағытқа қаратыңдар (23, а-сурет).

(Ж а у а б ы: 23, б-суретте берілген.)

 

 Ескерту. Шешудің мүмкін бір жағдайы келтірілген.

 

 

Математикалық ойындар.

 

а) Үш пешка ойыны. Әдістемелік нұсқау. Тақтадағы (24-сурет) көрсетілген ақ және қара пешкалардың орнын өзара ауыстыру керек. Олар бірінен бірі аттап кете алмағанымен, жолда не қуыста кідіре алады. Пешкалар орнын бұрын ауыстырған жеңімпаз атанады. Ойын звенолар арасында ұйымдастырылады. Ол үшін әр звеноның өз алдына ойын жабдығы болуы тиіс. Оны картоннан алдын ала даярлап алу қажет.

Оқу-тәрбиелік сипаты. Ойын оқушының ой-өрісін кеңейтіп, көз алдына елестету қабілетін дамытады. Ұстамдылыққа, коллектившілдікке үйретеді.

б) 9-ға көбейту. Бір таңбалы санды 9-ға көбейту үшін пайдаланылады. Алақанды жайып, солдан оңға қарай саусақты санаймыз да қажет көбейткішті бүгеміз. Берілген саусақтың сол жағы ондықтарды, ал оң жағы бірліктерді білдіреді.

 

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

 

(IIIсынып)

 

Кеш программасы:

Бастаушы сөзі.

Монтаж «Математика өмірде».

Есептер шешу.

Тақпақ «Математика».

Фокус. «Лезде қосу», «Белгісіз сандардың қосындысын табу».

I  б а с т а у ш ы: — Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік (басын иеді).

II бастаушы – Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем! «Қызықты  математика» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

I бастаушы: — Мұнда Сіздер математикалық монтаж, қызықты есептердің, фокустардың куәсі боласыздар.

II бастаушы: – Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес, кешке белсене қатысушылар болсаңыздар, біздер оған еселеп қуанамыз.

I  бастаушы:

Бірігіп бас қостық осында,

Ойланып, көңілді көтеріп.

Бір есеп жүрсе егер басыңда,

Оны да шешіп бір кетелік.

 

II б а ст а у ш ы:

Бұл жерден естірміз талайды,

Есеппен сап басып не шуды,

Сол есеп әрқашан қалайды,

Өз мәнін дұрыстап шешуді.

 

I б а с т а у ш ы:

Есептің қызығын көретін,

Боламыз десеңдер білімгер.

(Екеуі қосылып:)

Ең дұрыс шешімді беретін,

Жауапты дәл таба біліңдер.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке тәжім етеді. I бастаушы кетеді).

 

II бастаушы: Қазір сіздер «Математика өмірде» атты математикалық монтаж тыңдайсыздар. Монтажға қатысушылар I—II класс оқушылары (II бастаушы ке-теді, монтажды орындаушылар көпшілік алдына шығады).

1- оқушы (1 сынып):

Сан мен таңба тұр сап түзеп,

Орындап формула әмірін.

Кім айтсын ән-жырдан жақсы деп,

Есептің қоңырқай өмірін.

 

2-оқушы (Псынып):

Болмаша ойға алаң, сәл сабыр,

Мен айтсам, ағымнан жарылам,

Сенің бар айналаң, емірің,

Есептік заңына бағынған.

 

3-оқушы (1сынып):

Заводтар салынып нуларда,

Шын оттар жанар ма жалынсыз.

Тепловоз рельспен зулар ма,

Математиканың заңынсыз.

 

4-оқушы (II класс);

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп,

Космостық сапарды мықтасақ.

Осының бәрін біз жасар ма ек,

Алдымен есептеп шықпасақ.

 

(Бастарын иіп, көпшілікке құрмет көрсетеді. Оқушылар сахнадан кетеді.)

 

II бастаушы көтеріңкі дауыспен: —Енді есептер шешелік (сәл кідіріп):

Бір килограмм түбіт ауыр ма, әлде бір килограмм қорғасын ауыр ма?

 

(Ж а у а б ы: Салмағы бойынша екеуі де бірдей, ал алып тұрған көлемдері әр түрлі.)

 

I  бастаушы: 26-ны 6 екі арқылы жазу керек.

 

(Ж а у а б ы: 26 = 2 • 22 : 2 + 2 • 2.)

 

II бастаушы тақтадағы жазылған төрт нүктені көрсетіп: Қаламның ұшын дәптерден көтермей төрт нүктені үш кесіндімен қос.

 

(Жауабы: нуктелердің арасын екі бағытта қосуға болады.)

 

Есептер сұрағы оқушылар түсінгенше қайталанып, түрлі жауаптар алынады. Жұмыстардың дұрыстығын, құндылығын, оқушылар тапқырлығын мұғалім баға-лайды.

I бастаушы: — Енді математикалық тақпақ тыңдаңыздар. Орындаушылар III класс оқушылары.

 

 

І-оқушы:

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

 

2-оқушы:

Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Математика —

Ең манызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның

тілін біл.

 

3-оқушы:

Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика —

Ең маңызды ғылым бұл.

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

 

II бастаушы: Қазір сіздер «сиқыршыны» көресіздер (фокусшы тақта алдына шығады).

 

Фокусшы: 1 — фокус. Лезде қосу. Тақтаға сендермен кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған, цифрлар саны бірдей үш сан жазамыз. Мен жауабын бірден айтамын. Сенбесеңдер, көріңдер. Тақтаға бірнеше оқушы шығып, төмендегі сандар қосындысын табу керек болсын.

156 — тақтаға шыққан оқушы

843 — фокусшы

372 = 1+371 — тақтаға шыққан оқушы

 

(Ж а у а б ы: 1 371 — фокусшы.)

 

Тағы да көрсетейін.

645 — тақтаға шыққан оқушы

354 — фокусшы

187=1 + 186 — тақтаға шыққан оқушы.

 

Ж а у а б ы: 1 186 — фокусшы.

 

Т а б у   ә д і с і. Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір цифрын (1, 5, 6) тоғызға дейін (8, 4, 3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы санды (372) жаздырып, өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны (1 371) табу ушін соңғы саннан 372 бірді шегеріп, (.372—1) пайда болған сан (371) алдына бір жаз-сақ (1 371) болады.

2-фокус. Белгісіз сандардың қосындысын табу. Тақтаға сіздермен кезектесіп, әрқайсысы мыңнан аспайтын бірнеше сандар жазамыз. Қосындысы неше болатындығы конверт ішіндегі қаразда жазулы. Оны фокусшы жазып, есіне сақтайды. Тексеріп көріңіздер. Тақтаға төмендегі сандар жазылсын. Әрине, ол екі, үш, төрт, т. т. парлар болуы мүмкін. Қалай болғанда да жазылған сандар жолы тақ болып шығып отырады.

 

345 — тақтаға шыққан оқушы

2 пар сан,

барлығы 5 жол


654 — фокусшы

127 — тақтаға шыққан оқушы

872 — фокусшы

 

349 = 2 + 347 — фокусшының қосымша жолы

 

(Ж а у а б ы:  2 347 — конверттегі сан.)

 

Тағы көрсетейін, қараңыздар!

 

456 — тақтаға шыққан оқушы

543 — фокусшы

567 — тақтаға шыққан оқушы

3 пар сан,

барлығы 7 жол


432 — фокусшы

671 — тақтаға шыққан оқушы

328 — фокусшы

 

701 = 3 + 698 — фокусшының қосымша жолы

 

(Ж а у а б ы:  3 698 — конверттегі сан.)

 

Табу әдісі. Конверт ішіндегіалдын ала жазылған сан шығу үшін фокусшы тақтаға шыққан оқушы жазған санды 999-ға дейін толықтыратын сан жазып отырады. Әуелі оқушы жазып, фокусшы оны толықтырады. Бұған қосымша соңғы жолды тағы да фокусшы жазады. Фокусшының ақырғы жазатын саны қалай болса солай таңдалмай, конверт-ішіндегі санның (мысалы, 3 698) мыңдық разрядын көрсететін цифрмен (3) бұл цифрсыз (3) жазылатын санның қосындысына (698 + 3 = 701) теқ болады. Кезектесіп жазылатын парлар саны қанша болса, конверт ішіндегі фокусшының жазып қойған санының мыңдар саны да сонша болады. Біздің мысалымызда 2 пар болса, жауапта екі мың, 3 пар болса, жауапта 3 мың т. т. Фокусшы нәтижесін тақтаға шыққан окушыға немесе кешке қатысушылардың біреуіне тексертіп көру фокустың әсерлілігін күшейтеді. Көрсетілген фокус бірнеше рет қайталанып, окушылардың өз бетінше фокустың сырын ашуына жағдай жасау керек. Мұндай мақсатты оқушылар алдына қойып, оқушылар шеше алмаған күнде мұғалім түсіндіріп беруі тиіс.

I бастаушы: — Сонымен, кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Кешті аяқтау. Оны мұғалім жабады. Кеште белсенділік көрсеткендер атап өтіледі де, кешті даярлаушыларға алғыс айтылады.

 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР САНМЕН ОЙЫНДАР

 

Жүз ойыны. Ойын ережесі.   Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды. Біріншісі 1-ден 10-ға дейінгі бір санды   атайды. Екіншісі оған 10-нан аспайтын бір санды қосады да, қосындыны айтады. Біріншісі оған 1-ден 10-ға дейінгі бір санды қосып, қосындысын атайды. Осылай кезекпе-кезек ойнау арқылы, кім 100-ді бұрын атаса, сол ойында ұтып шығады.

Әдістемелік нұсқау. Әуелі ойынды кезектесіп 2—3 пар оқушы ойнайды. Одан әрі мұғалім бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін алғашқыда қандай санды атауы керек еді? — деген сұраққа тірейді. Оқушыларды ойландырады. Жауапты мұғалім төмендегіше түсіндіру арқылы өзі береді.

Ұтыс сыры. Оны ойынның соңғы кезеңін талдау ашады. Бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін соңғы жүрісінін, алдында 89 = 100—(10+1) жүрісін жасауы тиіс, өйткені екінші ойыншы енді 100-ді бір жүріс арқылы шығара алмайды. Бірінші ойыншы бұрын 89—(10 + + 1)=78 санын атайды. Осылай талдау барысында бірінші ойыншы үшін ұтудын, тиімді сандары табылады. Олар: 100, 89, 78, 67, 56, 45, 34, 23, 12 және 1. Бұл сандарға зер салып қарасақ, олар бірінен-бірі 11-ге артық. Бұдан бірінші ойыншы 1-ді атайтындығы көрінеді. Ол екінші ойыншыны 12, 23, 34, … сандарына дейін толықтырып отырады. Мысалы, екінші ойыншы нәтижесі 7 болса, бірінші ойыншы оны 12-ге дейін толтыруы үшін 5-ті қосуы тиіс. Бірінші ойыншы бұдан басқа сандарды атаса, екінші ойыншы жүрісті ұтуына болады. Ол үшін екінші ойыншы жоғарыда аталған сандарға толтыруы тиіс. Ұтыс әдісін үйренгеннен кейін де жаттықтырулар жүргізіледі.

Оқу-тәрбиелік сипаты. Талдау мен салыстыру арқылы оқушыларды қорытынды шығаруға, есін дамытуға тәрбиелейді.

18 таяқша ойыны. 0 й ы н е р е ж е с і.   Ойынды екі оқушы ойнайды. 18 таяқша үймесінен кезекпе-кезек 1, 2, 3 және 4 таяқша алуға болады. Әркім қанша таяқша алатынын өзі біледі. Соңғы таяқшаны кім алса, сол ұтады. Қалай жеңімпаз атануға болады. Ойлан.

Н ұ с қ а у. Алдыңғы ойындағыдай талдау арқылы қарсыласыңда 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек. Сонда соңғы таяқшаны өзің аласың.

О қ у – т ә р б и е л і к   сипаты.   Талдау, салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға үйренеді.

Ойша өшірілген цифр ойыны (25-сурет).

Ойын ережесі. Алдымен 1 – ден 9-ға дейін цифр жазылған таблица жасап алу керек. Ойынға бірнеше бала қатыса алады. Ойынды бірінші бастаушы дауыстап таблицадағы  әрбір цифрды ретімен көрсетіп, 11-ге дейін санауы тиіс. Санақ басталатын цифрды басқарушы айтады. Таблицада барлығы 9 цифр болғандықтан, ал санау 11-ге дейін жүргізілетіндіктен, ойнаушы таблицаның соңғы 9 деген цифрына жеткеннен соң, таблицадағы бірінші тұрған цифрдан бастап санауды жалғастырады. Айталық, басқарушы 4 цифрын көрсетсе, онда ойнаушы 11-ге дейін санап 5 цифрына келеді. Бұл 5 цифры таблицадан ойша өшірілді деген сөз. Оны әркім ұмытпауы тиіс. Енді 11-ге дейін санау қатардағы келесі цифрдан (6-дан) басталады, бірақ өшірілген цифр санаққа қосылмай, одан аттап өтіледі. Санауда мұны ескермегендер ойыннан шығарылады.

Екінші айналымда екі цифр өшірілетін болады. Ойын өшірілмеген бір цифр қалғанша жалғастырылады. Ойыншыға таблицада ешбір белгі қоюға болмайды, ондай белгіні тек басқарушы жасайды. Басқарушыда әрбір ойыншыға арналған бақылау таблицасы болады. Кім өшірілген цифрды көп аттаса, сол жеңімпаз атана-ды. Оны басқарушы айтады.

О қ у – т ә р б и  е л і к с и п а т ы. Ойын зейін мен есті тәрбиелеуге көмектеседі.

Екі санды өзара көбейту. Әдісті бір орынды екі санды өзара көбейту үшін қолдануға болады. Бірақ санды өз-өзіне көбейтуге болмайды. 7-8-ді түсіндірейік. Көбейткіштерден әрқашанда 5-ті азайтамыз. Сонда қалдық 2 және 3 болады. Солдан оңға қарай бірінші қолдан 2-саусақты, ал екінші қолдан 3 саусақты бүгеміз. Бүгілген саусақты қоса есептегенде сол жағы ондықты, ал оң жағы бірлікті көрсетеді. Бірліктерді өзара көбейтіп, ондықтарға қосамыз. Сонда:

 

20 + 30 = 50,                                    3*2 = 6,

50 + 6 = 56,                                      7*8 = 56

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ!

 

Дека грек сөзі. Мағынасы 10.

Санти латын сөзі. Ол 100 дегенді білдіреді.

Нашар жабылған краннан минутына 110 тамшы, 1 сағатта 600 грамм, ал күніне 14,4 л су ағады. Мектепте 30 кран осылай дұрыс жабылмаса, онда күніне 432 л су босқа төгіледі.

Инелік сағатына 100—150 км ұша алады.

Ара салмағы 0,2 грамнан кішкене көбірек.

Ең ұшқыш құстардың бірі – шымшық. Ол жайшылықта сағатына 70—80 км алады. Самғап кетсе, сағатына 320 км алады.

Тез көбейту.

 

37*3 = 111

37*6 = 222

37*9 = 333

37*12 = 444

 

Мысалды жалғастыр да, неліктен осылай екеніне жауап бер.

 

(Жауабы:  37*3 = 111, 37*6 = 37. (3 + 3) = 111 + 111 = 222. Әрбір келесі сан алдыңғы санды 111-ге арттырғанға тең.)

 

 Мазмұны

 

Алғы сөз.……………………………………………………………………3

Сыныптан тыс жұмыс түрлері. ……………………………………………4

Үйірме отырыстары. ………………………………………………………8

І сынып …………………………………………………………………….-

ІІсынып…………………………………………………………………….11

ІІІ сынып…………………………………………………………………..15

Кеш. «Қызықты математика» ……………………………………………21

Қосымша материалдар санмен ойындар…………………………………25

Сен білесің бе? ……………………………………………………………26

 

 





Алғы сөз

Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәй-кес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қанша- лықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырма- лар ұсынып отырамыз.Бұл жұмыс түрі баланың бағдар- ламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді,әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық бі- лімді жүйелейді.

Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырма- лар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймын. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен та -рауларына сәйкестендірілген:

1.Көп таңбалы сандар

2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер

3.Теңдеулер және оларды шешу

4.Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

5.Есептер және оларды шығару

«Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді»,- деген рас.Соған орай берілген тапсырмалар да мазмұнына сай шартты белгілермен көрсетілді:

Оқы және есептеп жаз

Қызықты тапсырмалар

Сызу жұмыстары

Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызы- ғушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы болсын дегім келеді.


Мақсаты:

Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.


Міндеті:

Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.


Нәтиже:

Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады.




Көп таңбалы сандар

1-тапсырма

Сандарды өсу ретімен жаз:259, 206,251,219,291,20

Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқай-

сысы неше сағат ойнады ?


2-тапсырма

Разрядтық қосылғыштарға жікте:318,504,415,7506.

Дорбадағы 10 асықты он бала бір-бірлеп алды.

Сонда бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?


3-тапсырма

Амалдарды орында:

Shape4 Shape2 5м 12 см 491 105 5 км 6 дм 97 см

3м 15 см 293 178 2 км 2дм 68 см


Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?


4-тапсырма

Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар?

865, 35 мың, 972 мың, 4 млн 671 мың 507 ?

Қарындашты қағаздан көтермей,бір рет жүргізіл- ген сызықтың үстінен қайталап жүрмей, бес жұлдыз -шаны қатар салуға бола ма?


5-тапсырма

4,0,2,3 цифрларын пайдаланып, қандай көп таңба-

лы сан құрастыруға болады?Әр цифрды бір ғана рет пайдалану керек. Құрастырған сандарыңды разрядтық қосылғыштарға жікте.


6- тапсырма

Амалдарды орында:

201·3-(125+207) 624:3+(800-485)

125+235-120·2 315:3+(175-105)

Арбаға жегілген 2 ат 40 км жол жүрді. Сонда бір ат неше км жол жүрді?


7-тапсырма

3м 4 см 6 мм * 3м 1 см 9 мм

6м 8см 3мм * 7 м 9 см 2 мм

3 т 7ц * 35 ц

3 тәул 26 сағ * 4 тәул

Қабырғаларының ұзындығы 5 см 3 мм, 4см 9 мм және 7 см 2 мм болатын үшбұрыштың периметрін табыңдар.


8-тапсырма

1-ден 100-ге дейінгі қатарда неше бірлік бар?



Шамалармен жүргізілетін есептеулер

1-тапсырма

Килограммен өрнекте:

65 т 5 ц, 7 кг, 15 т 6 ц 17 кг, 72 т 3 ц 15 кг.

Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, ал екінші қабырға- сы одан 3 см ұзын, үшінші қабырғасы екіншісінен 2 см қысқа.Үшбұрыштың периметрін тап.


2-тапсырма

Жасырынған санды тап:

5Shape6 Shape5 мм : = 5мм кг·100 = кг

Әкем кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты,ал сағатты шырылдауға 10-ға қойды.Ол қанша сағат ұйықтап алды?


3-тапсырма

Мотоциклші 10 км/сағ жылдамдықпен 3 сағатта қан-ша жол жүреді?


4-тапсырма

Кесте бойынша есеп құрастырып жаз

Қозғалыс иесі

Жылдамдық

Уақыт

қашықтық

Жаяу адам

4 км/сағ

?

20 км

Атты адам

?

4 сағ

48 км





5-тапсырма

Сызба бойынша есеп құрастыр және шығар.Бұл қоз- ғалыстың қай түріне жатады?

Shape8 Shape7 3 км/сағ 5 км/сағ

А С

Екі қаланың арасы 24 км

Shape10

6-тапсырма

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, бір шақырым артқа ке- йін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде өтеді?


7-тапсырма

Бөшеде 200 л бензин бар еді.Одан бірнеше литр бен- зин құйып алғанда,онда құйып алғаннан 4 есе артық бен-зин қалды.Бөшкеде неше литр бензин қалды?


8-тапсырма

Жолаушы барлығы 800 км жол жүрді.Поезбен жүр- геніне қарағанда автобуспен 300 км кем жол жүрді. Автобуспен 50 км/сағ,ал поезбен 55 км/сағ жылдамдық- пен жүрсе, жолаушы неше сағат жолда болды?


9-тапсырма

Суреттегі мәліметтерді пайдаланып, есеп құрастыр

?

Shape11 ? 2 есе артық


Shape12 60 км/сағ



АShape13 Т

480 км

10-тапсырма

Shape21 Shape20 Shape18 Shape16 Shape19 Shape15 Shape17 Shape14 Тік төртбұрыш тәріздес аулада 7 алма ағашы өсіп тұр.Үш түзу сызықпен ауланы 7 бөлікке бөлу керек. Сонда әр бөлікте бір алма ағашынан қалатын болсын.


11-тапсырма

Ғимараттың төрт қабырғасы бар.Әр қабырғаға арала- рын бірдей етіп 3 жалаудан тігілген.Ғимаратқа барлығы неше жалау ілінген?


12-тапсырма

Қырлары 4см болатын текшенің көлемін тап.




Теңдеулер және оларды шешу

1-тапсырма

4 · а = 640 24 640 : а=4 а : 3021 = 4


2-тапсырма

«Барлығы неше қарға?»

Келеді ұшып екі қарға,

Топ достарын ертіп осы талға.

Болды елу әлгі жиын

Санағанда демей қиын

Болмаңыздар әбігер

Табылар ебі бәрі бір.

Айтар есеп шартын кім,

Теңдеу құру тәртібін?

(Жауабы: 2+Х=50

Х=48)

3-тапсырма

Есептің шешуін теңдеу құру арқылы шеш.

Теледидар 28000 теңге тұрады.Ол шаңсорғыштан 4 есе қымбат.Шаңсорғыш қанша теңге тұрады?


4-тапсырма

Бір санды 1000-ға бөлгенде нәтижесінде 2 шығып, 947 қалдық қалады.Белгісіз санды тап.


5-тапсырма

Тиісті санды тауып жаз және жазуды аяқта

Х ·5 = 945 742 : Х = 7

ХShape23 Shape22 = 945 : · Х==

ХShape26 =

Shape27 · 5 = 945

Shape28 = 945


6-тапсырма

Сурет бойынша теңдеу құр және есепті шығар

Бір кесіндінің ұзындығы бірнеше дм,ал екінші ке- сіндінің үзындығы 10 дм.Біріншісіне 2 дм жалғаса,ал екіншісінен 3 дм қиып алса олардың ұзындықтары бір- дей болады.Бірінші кесіндінің ұзындығын тап.

Shape31 Shape30 Shape29 х дм / х+2дм

Shape35 Shape34 Shape33 х дм /х-3дм


7-тапсырма

Сурет бойынша есеп құрастыр және оны теңдеу арқылы шығар

Х дм 2 дм

Shape39 Shape38 Shape37

Shape41

10дм


8-тапсырма

Мына жазулардың ішінен теңдеулерді теріп жаз:

7+9=166, 127-х=136, 5· у=316 (а+15):7 =43

Үлкейген сайын жеңіл болатын не?


9-тапсырма

Қысқаша жазу бойынша есеп құрастыр және оған теңдеу құр.

ТShape42 аңертең-45 кг

Shape43 Кешке -? сонша

Түсте-? одан 5 кг артық


10-тапсырма

Кестені толтыр.

х

6 000

24 000

305 000

4 000 000

Х:10





Х:100





Х: 1000






Қай санға бөлу оңай?


11-тапсырма

Өрнектердің мәндерін тап

с· 60, мұндағы с = 17 b: 60 мұндағы b = 2820, 2920




Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері

1-тапсырма

Мына фигураның ауданын тап:


1дм 3дм


2дм


2-тапсырма

Қабырғасы 1 дм шаршы сыз.Оның ауданын тап.Осы шаршыны әрқайсысының қабырғасы 1 см болатындай етіп, бірнеше кішкентай шаршыларға бөл.Қанша кіш -кене шаршы шықты?


3-тапсырма










Шырпыдан мына төмендегідей фигура жасалған. Бес шаршы қала-тындай етіп, төрт шырпыны алып тастау керек.


4-тапсырма

Аудандары 16 дм 2 және 1600дм 2 шаршының пери-метрлерін тап.Осы шаршылардың қабырғалары туралы не айтуға болады?



5-тапсырма

Қабырғалары 4 дм және 40 см екі шаршының аудан-дарын тап.Осы шаршылардың аудандары туралы не айтуға болады?


6-тапсырма

Кестені толтыр

Ұзындығы

7 м

5 м

Ені

Периметрі





Ауданы






7-тапсырма

Мал қораға 6 метрлік екі білеу ағаштан тік төртбұ- рыш тәріздес етіп терезе жасау керек.Қораның іші жа -рық болу үшін терезенің ауданы мейлінше үлкен болуы тиіс. Терезені қандай пішінде жасаған тиімді болады деп ойлайсың?


8-тапсырма

Қалауыңша тұйықталған қисық сызық сыз.Онымен қоршалған фигураның ауданын палетканың көмегімен тап.




9-тапсырма

Егістіктің 46 га-на тұқым себілгеннен кейін әлі тұқым себілмеген 87 а қалды.Егістіктің ауданы неше м2


10-тапсырма

Жеткіліксіз мәліметтерді орнына қойып, есепті шығар.

ТShape52 Shape51 ік төртбұрыш пішінді бақшаның ауданы га,ал оның ұзындығы м. Бақшаның енін тап.


11-тапсырма

Есептер құрастыр және оларды шығар

18 га

? ?


600м

12-тапсырма

Shape54

Shape55


Тік бұрышты параллелепипед тәріздес аквариумның ұзындығы 9 дм, ені одан 3 есе қысқа,ал биіктігі енінен 1дм ұзын. Аквариумға неше дм3 су сыяды?



Есептер және оларды шығару

1-тапсырма

Сан мәліметтерді өзіңше алып, есепті шығар.

АShape58 Shape59 Shape57 расы км екі қаладан бір мезгілде екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы жолға шығып, сағаттан кейін кездесті.Бірінші пойыздың жылдамдығы км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.


2-тапсырма

«Аққұдық» ауылында 70 отбасы болған.Ал «Бекі»ауы- лында 50 отбасы болған.«Аққұдықтан» бірнеше отбасы, ал «Бекіден» 20 отбасы көшіп кетті.Сонда «Аққұдықта» «Бекіге»қарағанда 2 есе артық отбасы қалды.«Аққұдық- тан» неше отбасы көшіп кеткен?


3-тапсырма

Қысқаша жазуы бойынша есепті шығар.

Керік-750кг

Африка пілі-? 10 есе ауыр


4-тапсырма

Шешуі 210 х+640 өрнегі түрінде жазылатындай есеп құрастыр.Х=3 деп алып, есепті шығар.


5-тапсырма

Есептің сұрағын қойып аяқта және шығар.

6 литр сұйық май 750 теңге тұрады. Жазира апай 280 теңгеге сұйық май сатып алды.


6-тапсырма

Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Де- не шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатар- ға сапқа тұрғызылды.Сыныпта неше ер бала бар?


Машина жолда 5сағат болды да,х км жол жүрді. Оның осы қашықтықты жүріп өткен жылдамдығын өрнек тү- рінде жаз.


7-тапсырма

Ауылдан қалаға қарай автобус және жеңіл машина жолға шықты.3 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 75 км болды.Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ болса, автобус қандай жылдамдықпен жүрген?


8-тапсырма

Жеңіл машинамен екі әкесі ,үш баласы жолға шық -ты. Жолда оларды жол инспекциясының қызметкері тоқтатты.Бес адам отырса да оларды жіберді.Неге?



9-тапсырма

Кесте бойынша есеп құрастыр.

Бағасы

Саны

Құны

?

30

1800 теңге

60 теңге

?

2400 теңге


10-тапсырма

Альфия үй жұмысын орындауды 17 сағат 40 минут- та бастап 19 сағат 30 минутта аяқтады.Ол үй жұмысына қанша уақыт жұмсады?


11-тапсырма

Велосипедші 17 км/сағат жылдамдықпен жүріп оты -рып, 68 км жолды неше сағатта жүреді?

Ұзындығы 9 см-ге тең АВ кесіндісін ортасынан қақ бөл.


12-тапсырма

Беріктің ұстаған ақ балығының салмағын сұрағанда, ол былай депті:«Балығымның құйрығының салмағы 2кг, басының салмағы құйрығы мен кеудесінің жартысын қосқанға тең.Ал кеудесінің салмағы балықтың басы мен құйрығын қосқанға тең.»Беріктің ақ балығының салмағы қанша болғаны?



13-тапсырма

Ғанидың қозылары мен қаздарының жалпы саны 12-ге тең.Ал олардың аяқтарын санап қоссақ, 42 шығады. Ғанидың қозылары мен қаздарының саны қанша?

Shape63 Shape60 Shape62 Shape61

14-тапсырма

Мына фигурада

неше төртбұрыш

бар?

15-тапсырма

Шаңғышы 12 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша жол жүреді?

Тік төртбұрыштың периметрі 20 дм 12 см.Оның бір қабырғасы 2 дм 3 см болса, екінші қабырғасының ұзындығын тап.


16-тапсырма

Спортшы 480 см ұзындыққа секірді.Ал оның секіру биіктігі бұдан 4 есе кем болды.Спортшының ұзындық- қа секіру қашықтығы оның секіру биіктігінен қанша ар-тық?

Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста.Неше жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе артық бола- ды?



17-тапсырма

1.Жайық өзенінің ұзындығы 2530 км, ал Днепр өзені- нің ұзындығы одан 250 км қысқа.Днепр өзенінің ұзын -дығы қанша?

2.Секундпен өрнекте:

4 сағ 15 мин 3с; 5 сағ; 9сағ 15 мин 4с;


18-тапсырма

1.Бірдей 25 кітап 3 900 теңге тұрады. 12 кітап үшін қанша теңге төлеу керек болады?

2. Тиісті сан мен амал таңбасын тауып жаз.

Shape65 Shape64 70 =69 (қалд. 30)

5Shape67 Shape66 03 800 600 = 839 (қалд. )


19-тапсырма

1.Көк киттің массасы 150 т, ал Африка пілі одан 20 есе жеңіл.Африка пілінің массасын тап.

2.Теңдеулерді шеш.

Х · 295 = 887 065 342 · Х = 701 100


20-тапсырма

255 х+ 640 өрнегі бойынша шығарылатындай есеп құрастыр. Х = 14 метр деп алып, есепті шығар.



Логикалық есептер

1. «Көкшетау» лагеріне 120 ұлдар мен 180 қыздар келді. Оларды бір бөлмеге 6 баладан орналастырды. Барлық балаларды орналастыруға неше бөлме кетті.
A) 50
B) 40
C) 100
D) 30
2. Килограммен жазыңыз: а) 2 ц 50 кг б) 1 т. В) 3ц 2кг
А) 25кг, 10кг, 32кг
В) 205кг, 100кг, 320кг
С) 250кг, 1000кг, 302кг
D) 2050кг,100кг, 3020кг
3. Есептеңіз: 783-252•2-279
А) 100
В) 36
С) 50
D) 0
4. Еңбек сабағында екінші сынып оқушылары 24 балға, ал үшінші сынып оқушылары 72 баға жасады. Үшінші сынып оқушылары 2 сыныпқа қарағанда неше балға артық жасады?
А) 99
В) 48
С) 84
D) 46
5. Есептеңіз: 783 – 252 • 2 - 279
А) 15
В) 10
С) 0
D) 20
6. Құлынның салмағы 35 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
А) 5
В) 7
С) 10
D) 6
7. Есептеңіз: 138: 3+111
А) 157
В) 769
С) 154
D)149
8. Есептеңіз: 35 • 4 + 29 • 3
А) 237
В) 347
С) 227
D) 440
9. 54м матадан 9 костюм тігілді, тура соншама көйлекті 27м матаға тікті. 1 костюмге көйлекпен салыстырғанда канша метр мата артық жұмсалды?
А) 4
В) 6
С) 5
D)3
10. Есептеңіз: (23000+51000)+14000
А) 80000
В)98000
С)84000
D)88000
11. Теңдеуді шешініз: 76000 – Х = 6000
А) 700000
В) 70000
С) 7000
D)700
12. Есептеңіз: 497+ С=5300
А) 5497
В) 4973
С) 3953
D)4803
13. Есептеңіз: 14307:3
А) 7102
В) 5609
С) 4769
D) 8779
14. Есептеңіз: 40070кг • 6
А) 320400кг
В) 224200кг
С) 404200кг
D)240420кг
15. Ауылдан екі велосипедші бірдей уақытта қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 12км/сағ, ал екіншінікі 10 км/сағ. 2 сағаттан соң олардың бір-бірінен арақашықтығы қандай болады?
А) 43 км
В) 44 км
С) 28 км
D) 34 км
16. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 6 см, ал ені Х см екені белгілі болса оның ауданын есептеніз.
А) 5Х
В) 12Х
С) 3Х
D)6Х
17. Мәнін табыныз: 64203 : 3 – 72018 : 9
А) 13499
В) 14939
С) 13399
D)14993
18. Дүкенде 3 күн бойы 42000 теңгеге тауар сатылды. Бірінші күні – 22000 теңгеге, ал екінші күні одан 2 есе аз суммаға. Үшінші күні қалған тауар сатылды. Үшінші күні сатылған тауардын суммасын табыныз.
А) 9000
В) 900
С) 90
D)9

19. Теңдеуді шешініз: Х – 560 : 7 = 20000
А) 20180
В) 20080
С) 23180
D) 23080
20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 150х(2х9)
А) 2700
В) 2200
С) 1570
D)2730


2 вар:

Математика 4029
1. Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант алып келді. Асханаға канша килограмм қант алып келді?
А) 200
В) 150
С) 100
D) 300
2. Центнермен жазыңыз: I-) 3т100кг= II-) 5т = III-) 1000кг=
А) 310ц, 50ц, 100ц
В) 310ц, 50ц, 10ц
С) 31ц, 5ц, 11ц
D) 3100ц, 5ц, 1000ц.
3. Есептеңіз: 884 : 4 + 696 - 400
А) 517
В) 688
С) 157
D)167
4. Мектепте 30 мұғалім және 450 оқушы. Мұғалімдердің саны оқушылардан нешеге аз?
А) 350
В) 420
С) 300
D)480
5. Құлынның салмағы 28 кг, бұл үйректің салмағынан 7 есе үлкен. Үйректің салмағы неше?
А) 3кг
В) 7кг
С) 4кг
D) 5кг
6. Есептеңіз: (747+156):3+346
А) 674
В) 747
С) 647
D)947
7. Есептеуді орындаңыз: (138:3+111)+6х7
А) 619
В) 791
С) 199
D) 339
8. Есептеңіз: 189:9-75:25
А) 18
В) 15
С) 17
D) 19
9. Шеберханада 7 қоянбөрік және 7 тымақ тікті. Әр қоянбөрікке 2 теріден, ал тымаққа 4еуден жұмсалды. Жалпы қанша тері жұмсалды?
А) 72
В) 42
С) 13
D)31
10. Есептеңіз: (230000 + 510000) + 140000
А) 67000
В) 890000
С) 790000
D)880000
11. Теңдеуді шешініз: Х + 20000 = 80000
А) 60000
В) 600
С) 60
D) 6000
12. Теңдеуді шешініз: С- 98 =1300
А) 1813
В) 1287
С)1319
D)1398
13. Есептеңіз: 4769х3
А) 17698
В) 13703
С) 14307
D)16138
14. Есептеңіз: 15450 км : 5
А) 2090км
В) 3090км
С) 4905км
D) 3950км
15. Арақашықтығы 81км болатын екі ауылдан, бірдей уақытта бір-біріне қарай 2 көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншінікі 15км/сағ. Қанша сағаттан соң олар кездеседі?
А) 3сағ
В) 4 сағ
С) 5 сағ
D)6 сағ
16. Алмас екі костюм үшін 7200 тенге төледі. Егерде пальто костюмнан 2 есе артық турса, Алмас екі пальто үшін қанша теңге төйлеу керек?
А) 1444
В) 3600
С) 7206
D)14400
17. Төртбұрышты бөлменің ұзындығы 5 см, ал оның ауданы 30м2 екені белгілі болса, Бөлменің енін есептеніз.
А) 5м
В) 4м
С) 6м
D)3м
18. Өрнектің мәнін табыныз: 17619 • 5 + 6120 • 3
А) 11645
В) 106455
С) 17654
D) 176455
19. Теңдеуді шешініз: 3090:10-Х=209
А) 100
В) 110
С) 120
D) 130
20. Ыңғайлы жолмен есептеңіз: 560: (10х7)
А) 5
В) 7
С) 6
D) 8



Тест № 1


Ең үлкен үш таңбалы және ең кіші төрт таңбалы сандардың қосындысын тап

а/ 190

ә/ 999

б/1909

в/1999

г/ 1009


Есепте: 588 : 7

а/ 14

ә/ 127

б/ 147

в/ 167

г/ 137


Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз:

а/ 6349 = 600+349

ә/ 6349 = 6000+300+49

б/ 6349 = 6300+ 40+9

в/ 6349 = 6000+300+40+9

г/ 6349 = 6340+9


72 сантиметрдің сегізден бір бөлігін тап.

а/ 8 см

ә/ 9см

б/ 7см

в/ 9000 км

г/ 90000км


Шаршының ауданы 36 см/кв. Шаршының қабырғасының ұзындығын тап.

а/ 5см

ә/ 9 см

б/ 30 см

в/ 18 см

г/ 6 см


Тікұшақ 320 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша километр ұшады?

а/ 1028км

ә/ 1280км

б/ 2180км

в/ 1820км

г/ 1802км


8 санының кубын тап.

а/ 64

ә/ 510

б/ 464

в/ 512

г/ 24


9 санының квадратын тап.

а/ 18

ә/ 81

б/ 27

в/ 45

г/ 9

Теңдеудің дұрыс шешімін тап. Х – 1230 = 3000 - 2008

а/ 902

ә/ 2380

б/ 2222

в/ 5008

г/ 1770


Белгісіз санды тап. С: 8 = 24+ 16

а/ с = 40

ә/ с = 320

б/ с = 360

в/ с = 300

г/ с = 302


600720 санында неше ондық бар?

а/ 600 онд

ә/ 6000720 онд

б/ 600720 онд

в/ 6007 онд

г/ 60072 онд


Көбейтудің қандай қасиеті орындалған?

/ 14+12/*8 = 14*8+12*8

а/ ауыстырымдылық

ә/ терімділік

б/ қосуға қатысты терімділік

в/ үлестірімділік

г/ ешқандай қасиеті орындалмаған


Санды өрнекті тап.

а/ х*7=70

ә/ 7*10

б/ 72: 9 = 8

в/ 72-7

г/ х+9


64518 санында барлығы неше жүздік бар?

а/ 64 жүзд

ә/ 645 жүзд

б/ 6451 жүзд

в/ 45 жүзд

г/ 518 жүзд


Бір тәулік қанша секунд болады?

а/ 86040 сек

ә/ 86400 сек

б/ 86004 сек

в/ 84600 сек

г/ 86006 сек


Ұзындығы 6 м сымнан әрқайсысы 90 см –лік 5 бөлік сым кесіп алынады, қалған бөліктің ұзындығын тап.

а/ 45 см

ә/ 100 см

б/ 150 см

в/ 140 см

г/ 450 см


Ұшақ 9000 м биіктікке ұшты.Осы биіктікті километрмен көрсет.

а/ 90км

ә/ 9км

б/ 900км

в/ 9000км

г/ 90000км


Жұмысшылар ұзындығы 60 км жол жөндеді Бірінші күні олар бүкіл жолдың бестен бір бөлігін, екінші күні төрттен бір бөлігін жөндеді. Екі күнде қанша километр жол жөндеген?

а/ 27 км

ә/ 24 км

б/ 36 км

в/ 25 км

г/ 42 км


Нәтижелері өзгермейтін жақшасыз өрнекті тап.

а/ / 53-33/: 2

ә/ / 500*4/+/600*3/

б/ /300-50/ *7

в/ / 320-120/ :4

г/ / 36+20/:4


Ұзындығы 7 см,ені 4 см, биіктігі 5 смпараллелепипедтің көлемін тап.

а/ 39 см/куб

ә/ 140 см/кв

б/ 140 см/куб

в/ 104 см/куб

г/ 13см/куб


Машина 2 сағатта 120 км жол жүрген. Оның жылдамдығы қандай болған?

а/ 60 км/сағ

ә/ 50 км/сағ

б/ 6 км/сағ

в/ 600 км/ сағ

г/ 36 км/сағ

Тасбақа 5м/мин жылдамдықпен қозғалады, ол 10 минутта қандай арақашықтыққа жылжиды?

а/ 100м

ә/ 50 м

б/ 2 м

в/ 20 м

г/ 500 м


Тік төртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 24 м/кв. Бақшанаң ені 3 м. Ұзындығы нешеге тең?

а/ 8м

ә/ 6м

б/ 19м

в/ 16 м

г/ 20 м


Шаршының периметрі 40 см. Оның қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?

а/ 9 см

ә/ 6 см

б/ 10 см

в/ 8 см

г/ 12 см

Артық өлшем бірлікті көрсет.

а/ 1 см/кв

ә/ 1 км

б/ 1 м/кв

в/ 1 дм/кв

г/ 1 мм/кв


Жауап кілті:


1

2

3

4

5

6

7

8

в

б

в

ә

г

ә

в

ә

9

10

11

12

13

14

15

16

б

б

г

в

б

ә

ә

б

17

18

19

20

21

22

23

24

25

ә

а

ә

б

а

ә

а

б

ә

Тест № 2


Егер орындалған амал бөлу болса, өрнек қалай аталады?

а/ қосынды

ә/ бөлінді

б/ айырма

в/ көбейтінді

г/ бөлгіш


Көбейту амалының заңы қанша?

а/ 2

ә/ 1

б/ 4

в/ 3

г/ жоқ


Сәйкес келетін разряд бірлігін тап: 10 жүзд мың ...

а/ 1 мың

ә/ 10 мың

б/ 1 млд

в/ 1 млн

г/ 100 мың


Әр класта қанша разряд бар?

а/ 3

ә/ 2

б/ 1

в/ 4

г/ 6

Масса бірліктерін анықта.

а/ мм, см, дм

ә/ л, см, дм

б/ г, кг, ц, т

в/ сағ, мин, сек

г/ м, кг, сағ


Теңдеудің дұрыс шешімін тап: х+14*7 = 100

а/ 98

ә/ 2

б/ 198

в/ 20

г/ 100



Туристер пойызбен 237 км, автобуспен 189 км және параходпен 70 км жол жүрді. Туристер барлығы неше километр жол жүрді?

а/ 496 км

ә/ 307 км

б/ 495 км

в/ 490 км

г/ 426 км


Шаршының қабырғасы 25 см. Оның периметрін тап.

а/ 50 см

ә/ 75 см

б/ 100 см

в/ 125 см

г/ 150 см


Ұшақ 3 минутта 30 км ұшты. Егер ол жылдамдығын минутына 5 км арттырса, 40 минутта қандай қашықтыққа жетеді?

а/ 400 км

ә/ 500 км

б/ 600 км

в/ 100 км

г/ 200 км


Пойыздың жылдамдығы 65 км/сағ. Екі бекеттің арасы 195 км болса, осы аралыққа қанша уақыт жүреді?

а/ 2 сағ

ә/ 3 сағ

б/ 4 сағ

в/ 5 сағ

г/ 6 сағ


Қалдықпен бөлуді орындап, дұрыс шешуін тап: 3: 9

а/ 0 /қалд. 6/

ә/ 0 / қалд. 3/

б/ 0 / қалд. 9/

в/ 0 / қалд. 0/

г/ 0


Ұзындығы қандай тік төртбұрыштың ені 2 см болғанда, периметрі 20 см болады?

а/ 6 см

ә/ 5 см

б/ 8 см

в/ 7 см

г/ 10 см


4 м жүн мата 32 тг тұрады, ал 1 м жібек 7 тг тұрады. Осы маталардың қайсысы қымбат және қанша қымбат?

а/ Жібек мата 4 тг қымбат

ә/ Жібек мата 2 тг қымбат

б/ жүн мата 1 тг қымбат

в/ жүн мата 2 тг қымбат

г/ Жібек мата 7 тг қымбат


Автомобиль 180 км қашықтықты 2 сағатта өтті. Автомобильдің жылдамдығы неге тең?

а/ 90 км/сағ

ә/ 60 км/сағ

б/ 175 км/ сағ

в/ 80 км/ сағ

г/ 100 км/ сағ


Қалдықпен шығатын өрнекті тап:

а/ 225250: 530

ә/ 45500: 70

б/ 1450: 150

в/ 6840: 90

г/ 684: 6


Бір санды 3 еселегенде нәтижеде 82 мен 11- дің қосындысына тең сан шығады. Сол санды тап.

а/ 279

ә/ 30

б/ 93

в/ 31

г/ 3


2 км – дің төрттен бір бөлігін тап.

а/ 300м

ә/ 500 м

б/ 200 м

в/ 100 м

г/ 1000 м




Есепте: 1376 : 8 * 500

а/ 68030

ә/ 86020

б/ 86023

в/ 86000

г/ 60286


Дұрысын тап: 980081 + / 341640 – 1263 * 109 /

а/ 118462

ә/ 118454

б/ 1184054

в/ 10032

г/ 28005


Теңдеудің дұрыс шешімін тап: х * 9 = 12 * 6

а/ 9

ә/ 6

б/ 8

в/ 10

г/ 7


Өрнек құрып оның мәнін белгіле: 480 мен 520 – ның қосындысын 50 мен 5 – тің бөліндісіне бөл.

а/ 10

ә/ 1

б/ 100

в/ 1000

г/ 0


Қосындының мәнін тап: 400000 + 30000 + 1000 + 900 + 60 +3

а/ 40301963

ә/ 431963

б/ 4031963

в/ 4310963

г/ 40031963


Бақа денесінің ұзындығы 5 см. Бұл оның секіру ұзындығының 40- тан бір бөлігі. Бақаның секіруінің ұзындығы нешеге тең?

а/ 200 см

ә/ 20 см

б/ 150 см

в/ 25 см

г/ 250 см


5/1 метр неше дециметр болады?

а/ 1 дм

ә/ 2 дм

б/ 20 дм

в/ 10 дм

г/ 11 дм


Егер уақыт пен қашықтық белгілі болса, қозғалыс жылдамдығын қалай табуға болады?

а/ уақыт : қашықтық

ә/ қашықтық * уақыт

б/ қашықтық : уақыт

в/ жылдамдық * уақыт

г/ жылдамдық * қашықтық


Жауап кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12



ә

в

г

а

б

ә

а

б

б

ә

б

б



13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

б

а

б

в

ә

в

б

б

б

ә

а

ә

ә




Тест 1


Бес жүз жеті мың екі санын тап.

а/ 560047

ә/ 507002

б/ 56700

в/ 560004


2 он мыңдық және 3 мың 6 жүздіктен тұратын санды тап.

а/ 200360

ә/ 20360

б/ 23600

в/ 93300


Қай разряд бірінші класқа жатады?

а/ 6- разряд бірліктері

ә/ бірлік мыңдар

б/ жүздіктер

в/ ондық мыңдар


Ең үлкен төрт таңбалы санды көрсет

а/ 10000

ә/ 9990

б/ 9999

в/ 9000


Ең үлкен үш таңбалы және ең үлкен екі таңбалы санның айырмасын ең үлкен бір таңбалы санға бөл.

а/ 100

ә/ 10

б/ 9 в/ 90


1272364 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз және дұрыс жауабын көрсет.

а/ 1272364= 120000+723+64

ә/ 1272364= 12700+36+60+4

б/ 1272364= 1000000+200000+70000+2000+300+60+4

в/ 1272364= 12720+36+4


Аталған өрнектің мәні неге тең? 85 км 215 м + 2 км 670 м

а/ 87 км 885 м

ә/ 94 км 685 м

б/ 78 км 124 м

в/ 86 км 785 м


5 т жүк 2 т 300 кг – нан қаншаға артық ?

а/ 4 т 600 кг

ә/ 2 т 710 кг

б/ 2 т 700 кг

в/ 1 т 200 кг

3

9. Берілген 7 жазу неге тең?


а/ 7+7+7

ә/ 7*7*7

б/ 7+3+3

в/ 3*3*3*3*3*3*3


2 метр 40 см – ден қанша есе қысқа?

а/ 4 есе

ә/ 5 есе

б/ 20 есе

в/ 100 есе

11.Тік төртбұрыштың ені 14 м, ұзындығы одан 2 есе үлкен. Тік төртбұрыштың ауданын тап.

а/ 190м/кв

ә/ 86 м/кв

б/ 48 м/кв

в/ 392 м/кв


12.Бір қатардан 16 кг, екіншісінен 64 кг қияр жиналды. Барлық қиярды 10 кг – нан себетке салды. Қанша себет қажет болды?

а/ 60

ә/ 2

б/ 124

в/ 8


13.Берілген теңдік «а»-ның қандай мәнінде тура болады? а*8+900:9==116

а/ 128

ә/ 2

б/ 4

в/ 27


14.Салыстыр. Мына белгіні / = / қайда қою керек?

а/ 15 * 2 * 5 15*10

ә/ 320+12+8 10+320

б/ 82-49-3 91-57+2

в/ 26+18+7 72-28


15. Өрнекте. 3 тәул 15 сағ = ... сағ

а/ 54 сағ

ә/ 46 сағ

б/ 87 сағ

в/ 100 сағ

6 см, 20 см, 3 см қабырғалы параллелепипедтің көлемі неге тең?

а/ 29 см/куб

ә/ 360 см/куб

б/ 36 см/куб

в/ 58 см/куб


Дұрыс қойылған жақшаны тап. 100*10-10+46+54=100

а/ / 100 * 10/ - 10 + 46 + 54 = 100

ә/ 100 * 10 – 10 + / 46 + 54/ = 100

б/ 100 * / 10 – 10/ + 46 + 54= 100

в/ 100 * 10 - / 10 + 46 /+54 = 100


18. Қай түзулер параллель болып болып табылады?

а/


әShape72 Shape71 /

бShape74 /

Shape75

в/

Shape76

40 км/сағ жылдамдықпен жүрген теплоход 5 сағатта қанша жол жүреді?

а/ 8 км

ә/ 45 км

б/ 200 км

в/ 35 км


Қатесіз жазылған бағанды тап:

а/ 50025

* 4

200100



ә/ 60012/3

6 24

12

12

0


б/ 820005

- 67024

852081


в/ 102870

+ 2406

105470

Салыстыр: « < » белгісін қайда қоюға болады?

а/ 4 сағ 50 мин ... 450 мин

ә/ 203 мин ... 2 сағ 3 мин

б/ 3 тәул 14 сағ ... 86 сағ

в/ 3 сағ 25 мин ... 200 мин


Мен екі таңбалы сан ойладым. Ойлаған санды оның сандарының қосындысының мәніне бөлгенде бөлгішке тең сан шықты. Мен қандай сан ойладым?

а/ 72

ә/ 64

б/ 49

в/ 81


Қай теңдеудің мәні х = 1362 болады?

а/ /х+3/*5=6825

ә/ 5859: 7 +х = 10989

б/ 6*х+908 = 4052

в/ 34: х+1257 = 1259


Берілген өрнектің мәні неге тең? 5*25*/1345-345/:50

а/ 250

ә/3500

б/ 2500

в/ 1270


Аспазшы бірдей бағаға 7 қасық және 4 шанышқы сатып алды. Қасыққа ол 490 теңге төлесе шанышқыға неше теңге төледі?

а/ 210 тг

ә/ 560 тг

б/ 280 тг

в/ 200 тг


Жауап кілті:


1

2

3

4

5

ә

б

Б

б

а

6

7

8

9

10

б

а

Б

ә

ә

11

12

13

14

15

в

в

Ә

а

б

16

17

18

19

20

ә

б

А

б

а

21

22

23

24

25

ә

в

А

б

б





Тест № 2


Сандарды салыстырып дұрыс таңбасын белгіле:

352000 * 357000

218000 * 281000

а/ < =

ә/ < <

б/ < >

в/ > <

3 3

2. Есептеп дұрыс жауабын тап: 3 + 7

а/ 48

ә/ 1071

б/ 1072

в/ 370


3.Өрнектің мәнін есепте: 60000: 1000*10

а/ 6

ә/ 600

б/ 60

в/ 6000

4. Ауылда бір күнде 1200 кг жүзім жиналды. 200 кг өздеріне қалдырып қалғанын әрқайсысына 10 кг – нан салып жәшіктермен қалаға жіберді. Қалаға қанша жәшік жіберілді?

а/ 120

ә/ 140

б/ 100

в/ 6


5. Теңдеудің дұрыс шешімін тап: х-1230 = 3000-2008

а/ 992

ә/ 2380

б/ 2222

в/ 5008


6. 590020 санына қайсысы сай келеді?

а/ бес миллион тоқсан мың жиырма

ә/ бес жүз тоқсан мың жиырма

б/ елу тоғыз мың жиырма

в/ бес мың тоғыз жүз жиырма


7. Ұшақ 7000 м биіктікке ұшты. Осы биіктікті шақырыммен көрсет.

а/ 7 км

ә/ 70 км

б/ 77 км

в/ 700 км


Нәтижелері өзгермейтін жақшасыз өрнекті тап.

а/ /43-23/*2

ә/ /400*6/+/700*2/

б/ /700-400/*7

в/ /230-80/*4


Дұрыс жауабын тап: 7 кг 600 г- 3 кг 900 г

а/ 3 кг 700 г

ә/ 4 кг 400 г

б/ 3 кг 600 г

в/ 3 кг 500 г


Тура емес теңсіздікті тап:

а/ 5009-324 < 4395

ә/ 3 т > 500 кг

б/ 270*2:10 = 54

в/ 934-707-64 < 27*7


Екі санның қосындысын және айырмасын тап. 734508 және 345792

а/ 1180300, 388715

ә/ 1083000, 388716

б/ 1080300, 388710

в/ 1080300, 388716


Қай өрнектің мәні 262836 – ға тең?

а/ 81464*4

ә/ 150345*3

б/ 725318*2

в/ 87612*3


Мына санның цифрмен дұрыс жазылуын көрсет: алты жүз отыз жеті мың.

а/ 600037

ә/ 600370

б/ 600737

в/ 637000


Жұмысшылар ұзындығы 80 км жол жөндеді. Бірінші күні олар бүкіл жолдың бестен бір бөлігін, екінші күні төрттен бір бөлігін жөндеді. Екі күнде қанша километр жол жөнделді?

а/ 36 км

ә/ 34 км

б/ 27 км

в/ 25 км

Теңдеудің дұрыс құрастырылып жазылғанын көрсет: белгісіз сан мен 5 санының айырмасын 17-ге арттырып 60 санын алдық.

а/ х-/5*17/ = 60

ә/ х-/5+17/ = 60

б/ /х-5/+17 = 60

в/ /х-4/*17 = 60


Тура емес теңдікті тап:

а/ 9145-7583 = 1544+1234

ә/ 140*5: 100 = 7

б/ 360:4 * 100 = 9000

в/ 7 т = 7000 кг


Тік төртбұрыштың ұзындығы 72 см, ені 9 есе кем. Периметрін тап.

а/ 72 см

ә/ 105 см

б/ 160 см

в/ 448 см


Мәнін тап: / 100520-470/:50+13980

а/ 14181

ә/ 15980

б/ 13982

в/ 15981


Бір шаршының қабырғасы 32 мм. Осы шаршының периметрі мен ауданын тап.

а/ 64 мм/кв, 12 мм

ә/ 1024 мм/кв, 128 мм

б/ 1000 мм/кв, 120 мм

в/ 196 мм/кв, 100 мм


Қиылысу кезінде тік бұрыш құрайтын түзулер қалай аталады?

а/ қисық

ә/ сәуле

б/ параллель

в/ перпендикуляр


21. Қай сан жазылмаған? 1, 3, 9, ... 81

а/ 12

ә/ 18

б/ 24

в/ 27


Екі пойыз кері бағытқа бір бекеттен бір мезгілде аттанды. Бірі 170 км, екіншісі одан 60 км аз жол жүрді. Осы кезде олар бір – бірінен қанша қашықтықта болды?

а/ 110 км

ә/ 170 км

б/ 280 км

в/ 230 км


Алдыңғы санынан соңғы саны 2 есе үлкен болатын үш орынды санды көрсет.

а/ 136

ә/ 236

б/ 248

в/ 421


3600 км – ді 4 сағатта ұшып өту үшін ұшақ қандай жылдамдықта ұшу керек?

а/ 909 км/ сағ

ә/ 800 км/ сағ

б/ 900 км/ сағ

в/ 901 км/ сағ




Жүз мыңдық қайсысында жоқ?

а/ 5607348

ә/ 9700080

б/ 100003

в/ 4004600


Жауап кілті:


1

2

3

4

5

ә

в

ә

б

б

6

7

8

9

10

ә

а

ә

а

а

11

12

13

14

15

в

в

в

а

б

16

17

18

19

20

а

б

в

ә

в

21

22

23

24

25

в

б

в

б

в



Пайдаланылған әдебиеттер


«Бастауыш мектеп» журналдары.

2. Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.

Ш.Х. Құрманалина, Өміртаева Р.Қ Алматы «Атамұра» 1997ж.


3.«Қосымша есептер» Сәрсекеев А.С. Көкшетау 2001 ж.


4. Математикадан өзіндік, бақылау жұмыстары.

Қ. Әубәкірқызы, Ә. Наурызбайқызы, Алматы «Рауан» 1995 ж.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!