400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйірмелердің жасөспірімдерге берері ұлттық спорт түрлерін дамыту .

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 28 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Тосмагамбетова Багитгуль Шамшетдиновна Үйірмелердің жасөспірімдерге берері мол. Қостанай қаласындағы №28 мектеп – гимназиясында әртүрлі пәндік үйірмелер, шығармашылық және спорттық секциялар өз дәрежесінде жүзеге асырылып келеді. Спорттық үйірмелерді атап айтатын болсам, «Үстел теннисі», « Асық ату» , « Бес асық» , «Күрес» , «Таяқ тарту» , «Баскетбол» , «Жас сарбаз» , «Тоғызқұмалақ» , «Садақ ату», «Шахмат» , «Волейбол» үйірмелері жұмыс жасауда. Мен «Асық ату» мен «Бес асық» үйірмесінен сабақ беремін. Үйірмеде үш топ бар: бастауыш сынып оқушылары(1-4), ортаңғы буын оқушылары(5-8) , жоғарғы буын оқушылары(9-11). Барлығы 45 бала қатысады. Жүйелі жүргізілген үйірме жұмыстарының арқасында мектебіміздің оқушылары қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан жеңімпаз атанып, спорттық жарыстардан «спорт шеберіне» үміткерлеріміз де бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



28 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі

Тосмагамбетова Багитгуль Шамшетдиновна

Үйірмелердің жасөспірімдерге берері мол.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамның ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудағы өзектігі артуда. Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салаутты өмір салтын қалыптастыру. Қазіргі ақпараттану заманындағы негізгі мәселесінің бірі де – дене тәрбиесі арқылы баланы салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қазіргі мектептер мен мұғалімдерге қойылатын жекеше талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп: баланы қоғамға пайдалы етіп тәрбиелей отыра, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.Сондықтан да дене шынықтыру сабағымен шектеліп қана қоймай, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, спорттық клубтар мен спорттық ұйымдармен бірлесе әрекет етіп, ең басты мектеп ішінде оқушылардың қызығушылығын анықтай отыра спорттық үйірмелер ұйымдастыру. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру – осы мектеп қабырғасында басталатынын ұмытпай, болашақта дені сау азамат болып өсуіне, алған білімін өмірде қолдана алуын, бос уақыттарын тиімді өткізу жолдарын қарастырып, үнемі бағыт – бағдар беріп, дұрыс жолда жүруіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасау – мұғалімнің оқушы алдындағы міндеті деп ойлаймын. Осы орайда, спорттық үйірмелер өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім беру саласының бір тармағы болып табылады.

Қостанай қаласындағы №28 мектеп – гимназиясында әртүрлі пәндік үйірмелер, шығармашылық және спорттық секциялар өз дәрежесінде жүзеге асырылып келеді. Спорттық үйірмелерді атап айтатын болсам, «Үстел теннисі», « Асық ату» , « Бес асық» , «Күрес» , «Таяқ тарту» , «Баскетбол» , «Жас сарбаз» , «Тоғызқұмалақ» , «Садақ ату», «Шахмат» , «Волейбол» үйірмелері жұмыс жасауда.

Мен «Асық ату» мен «Бес асық» үйірмесінен сабақ беремін. Үйірмеде үш топ бар: бастауыш сынып оқушылары(1-4), ортаңғы буын оқушылары(5-8) , жоғарғы буын оқушылары(9-11). Барлығы 45 бала қатысады. Жүйелі жүргізілген үйірме жұмыстарының арқасында мектебіміздің оқушылары қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан жеңімпаз атанып, спорттық жарыстардан «спорт шеберіне» үміткерлеріміз де бар.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту біздің облыста үлкен басымдыққа ие және солай боп қала береді.

Жақын арада Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 140 жылдығына орай «Асық ату», «Бес асық» спорт түрінен облыстық «Алтын сақа» ойынынан турнир өтті. Жарыс жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия ұжымына алғысым шексіз. Жарысқа бірнеше мектептер қатысып,оқушыларым жүлделі орындарға ие болды.Менің оқушыларым Рамазан Әбумансүр 1-орын, Кіндікбай Нұрия 2-орын,Абылай Шыңғыс 3-орын алып қуанышпен оралдық.

Қостанай қаласы,

28 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру

мұғалімі,педагог -сарапшы

Тосмагамбетова Багитгуль Шамшетдиновна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.01.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі