400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйірменің үйретері көп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірменің үйретері көп

Мағжан Жұмабаев «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес,тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау болса, тәрбиеші жазалы» деген екен. Халқымыз ежелден бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Алайда мектеп бағдарламасы баланың жан-жақты дамуының қажеттілігін толығымен қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да үйірменің алатын орны ерекше. Үйірмелердің түрі көп. Соның ішінде спорттық үйірмелер тек денсаулықты шыңдау үшін емес, оқушының мінезін қалыптастыру үшін де маңызды. Кез-келген спорт түріндегі жаттығулар шыдамдылық пен мінезді шыңдауға көмектеседі. Әр үйірменің балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін атқарар қызметі зор.

Жетісай ауданына қарасты Ғани Мұратбаев ауылындағы «Р.Қошқарбаев атындағы № 50 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірнеше үйірме жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Жас футболшылар», «Көркем сөз шебері», «Қызықты математика», «Жас әдебиетшілер», «Қылқалам», «Ұшқыр ой алаңы», «Жас биолог», «Әсем-ай» домбыра үйірмесі, «Жас географ» тағы басқа үйірме топтары жұмысын жүйелі жүргізіп, аудандық, облыстық сайыстардардың жеңімпаздары атануда.

Осы орайда, дене шынықтыру пәнінің Қосымша білім беру педагогы ретінде өзімнің жүргізіп отырған «Жас футболшылар» үйірмесіне тоқталғым келеді. Футбол – бүгінгі таңда дене шынықтыру пәні аясында танымал және көп талап етілетін, оқушылардың қызыға ойнайтын спорт түрлерінің бірі болып табылады. Футбол сияқты командалық ойындар оқушылардың тек физикалық қабілеттерін ғана емес, психологиялық тұрақтылығын, стратегиялық ойлауын және командалық жұмысты дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушының уақытын тиімді өткізуіне, бос уақытын болдырмауға ықпал етеді. Алайда спорттық жетістіктерді арттыру үшін дұрыс тәсілдер мен әдістерді таңдау қажет. «Жас футболшылар» үйірме тобы жас ерекшелігіне қарай 4 топқа бөлініп, сабақ кестелері бойынша өткізіледі. Оқушыларға үйірме сабақ барысында футбол тарихынан бастап жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, техникалық дағдыларын жетілдіру үшін қолданылатын жаттығулар мен тәсілдер үйретіледі. Алдағы уақытта үйірме өз жемісін беріп, оқушыларымның үлкен жетістіктерге жететініне сенімім мол.

Кез-келген үйірме балаларды өмірге бейімдеп, қоғамда өздерін дұрыс ұстауға дағдыландырады. Сондықтан баланың тәрбиесіне отбасында өмірге келген күннен мән беріп, қабілетін байқаған күннен дамытуға атсалысайық.

Бақыт Аубакиров,

«Р.Қошқарбаев атындағы № 50 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қосымша білім беру педаогы

Жетісай ауданы.

Ғани Мұратбаев ауылы.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.11.2025
43
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі