жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үйренгенім көп менің
Тақырыбы: Үйренгенім көп менің
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: достық,адамгершілік қасиеттері.
|
Мақсаты: адамгершілік құндылығы,адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Ресурстар: үнтаспа,релақсация жаттығулар жиынтығы,оқулық,дәйексөз,дәптер. |
|
Сабақ барысы:
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»:Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп,жүрек соғысын тыңдаңыз.Барлық мүшео\леріңізге ішкі қуаныш,күлкі толқынын жіберіңіз. Айнала тыныштық.Өзіңізді жеңіл сезініңіз.Жеп-жеңіл мамық сияқтысыз.Жоғары көтеріліңіз.Көйлегіңіз қандай әдемі!Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.Қандай тамаша!!!Еркіндік.Жүрегіңізді қуаныш билейді.Күнге қарай ұшып келесіз.Жерге қараңызшы,ол сізге қол бұлғайтын сияқты.Алдыңызда баспалдақБұл-сіздің арманыңыздың баспалдағы.Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз,көтеріле беріңіз,сіз шаршамайсыз.Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді.Бір кезде сіз ғажайып бақтың ортасында тұрсыз. Алдыңызда алтын тақ тұр.Айналасыеа сәуле шашады.Бұл –сіздің өмірдегі өз орныңыз..Енді сіз өз өміріңіздің қожайыңысыз. Айналаға қараңыз,қандай тамаша!Алуан түрлі хош иісті гүлдер,сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп,сізге сәт спар тілейтін сияқты.Құстардың сайрағаны естіледі.Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз.Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр.Олардың біреуі сізге қарай бұрылды.Тұмсығыңдағы асыл тастармен безендірілген жалтжұлт еткен тәжді байқадыңыз.Ол-сіздікі! Енді алдыңызға мақсат қойыңыз.Сізде үлкен күш-қуат бар!Менімен бірге іштей қайталаңыз:Мен қабілеттімін,ең ақылдымын,ең әдемімін,ең ерекшемін,ең күштімін,ең бақыттымын Қайтадан жеңіл көтерілім,баспалдаққа келіңіз,төмен қарай түсе бастаңыз. 1,2,3-көзімізді ашамыз. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді |
|
|
3. Дәйексөз. «Үйренгенің өзіне жақсы,жасағаның ерге жақсы»халық даналығы. -Балалар,мен сендердің жауаптарын тыңдап,қуанып қалдым.Жарайсыңдар!Жақсы мен жаманда ажыратап,адами жақсы қасиеттерді үйрену арқылы жақсы өмір сүруге қажетті көп құндылықтарды білдіңдер,ойларың,ақылдарың өсті.Сол білгеңдеріңді өздерің айтқандай әр түрлі жағдайларда қолдану арқылы адамдарға,айналаңа жақсылық жасадыңдар,оларды қуанттыңдар,елге пайда келтірдіңдер. «Үйренгенің өзіне жақсы,жасағаның ерге жақсы»деген осы. |
|
|
4. Әңгімелесу. Н.Абрамцева ізімен «Қолшатыр» атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылы талдайды.
(балалардың жауаптары тыңдалады) |
. |
|
5. Шығармашылық жұмыс. «Нағыз адам болу үшін........» /Оқушылар жауаптарын ақ параққа жазады,түйін шығарады/ |
|
|
6. Топпен ән айту. -«Өзін-өзітану елі» күн тәрізді барлық адамды, соның ішінде бізді де жарыққа, жылылыққа бөлейді, жылылыққа бөлейді, жақсылыққа жетелейді. Балалар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып мұғаліммен бірге «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін шырқайды.
|
|
|
7. Үй тапсырмасы. Жаз бойы қандай жақсы істерді істегендерді жазып жүру. |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше ! |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген