Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Үйсіз жануарларды қорғайық 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып ұстаздарына,оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні:

Мектеп: Астрахан ауданы Өндіріс орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Рамазан Райгүл Әбілжанқызы


Сынып: 5

Пән: қазақ тілі

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім тақырыбы:

Бөлімше тақырыбы:

5.4.5.5 Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі


Үйсіз жануарларды бірге қорғайық


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Көптеген оқушылар орындай алады:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады, негізгі ойды анықтайды.


Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастырады.


  • Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.


Оқу дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау (жоғары деңгей)


Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы


Пәнаралық байланыс

Биология


Алдыңғы білім

Еңбекқор ара туралы түсінік қалыптасқан


Жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың

басы:

2 минут







3 минут
















Сабақтың ортасы


25 минут

Психологиялық ахуал

«Жақсы сөз жанды жылытар» дегендей бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік.

«Мейірімді жануар» жаттығуы.

Шарты: Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз.Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа.


Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» әдісі

Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер.


  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Олар туралы не білесіңдер?



Үй тапсырмасын сұрау: «Попкорн» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Оқылым алды тапсырма

«Сұрақ-жауап» әдісі

1-тапсырма

Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осы оқиғадан соң не болуы мүмкін? Берілген тақырып пен сурет бойынша мәтін құрап айт.

Дескриптор

- Сурет пен тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;

- Мәтіндегі оқиғаны жүйелі баяндайды;

Қ.Б. «Қол шапақтау» әдісі


Оқылым тапсырмасы

«Балалар философиясы» әдісі

2-тапсырма

Берілген мәтінді оқы. Мәтінге негізделе нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыр.


Әлемдегі ең алғашқы жануарларды қорғау үйі  1695 жылы Жапонияда құрылған. Онда 50 мың үй жануары болған. Ал, жануарларды зорлықтан қорғау туралы заң алғаш рет 1822 жылы  Ұлыбританияда шыққан. Ал, Австралияда ит-мысықтардың құлағын, құйрығын кесуге, жыртқыштарды цирк өнеріне пайдалануға, күшіктер мен мыржықтарды зоодүкендердің сөрелерінде сатуға тыйым салынған. Сол сынды біздің елордамызда да үйсіз жануарларға қамқорлық аз емес. Мәселен, оларға арналған мемлекеттік орталық пайда болады. Жаңа орталықта үнемі төрт жүзге жуық ит пен жүзге жуық мысық ұсталатын болады. Орталық аумағында ит пен мысықтарды жаттықтыруға арналып жабдықталған аула болатынын айтады «Астана ветсервис» өкілі. Жануарлар үйі жартылай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. «Онда байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңдары, карантинді бөлік және жануарларды стерильдеу блогы болады. Жануарларға пана болатын орталықты салу идеясын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұсынған болатын.  

Дескриптор

  • Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар құрастырады;

Қ.Б. «Рахмет» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды


«Сыңарын тап» әдісі

3-тапсырма

Синоним, омоним, антоним сөздердің сыңарын тап.


синоним

омоним

антоним

Баяғыда

ертеде


жуырда

Қой




Бақ




Уайым




Қария




Сүйкімді




Дос




Дескриптор

  • Синоним, омоним, антоним сөздердің сыңарын табады;

  • Қ.Б. «Қол шапалақтау» арқылы









суреттер










































Ғаламтор желісі

obk.kz
























massaget.k





Сабақтың соңы

8 минут


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

4-тапсырма

«Қорғансыз жануарлар» тақырыбында тура, ауыспалы және көп мағыналы сөздерді қатыстырып, диалог құра.

Дискриптор

  • Тура, ауыспалы және көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшелігіне сай қолданады;

  • Сұрақтарды орынды қоя біледі;


Қ.Б. «Қолпаштау»әдісі

«Жарайсыңдар», «Тамаша» сөздер арқылы


Үй тапсырмасы: «Үйсіз жануарларға сен қандай көмек көрсетер едің?» деген тақырыпта әңгіме құрап келу.













Рефлексия

2 минут






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ықшам сабақ жоспарын құру барысында мен оқушыларға қолдау көрсету мақсатында білім денңгейлерінің , қабілеттерінің әр түрлігін ескере отырып, тапсырмалар беруге тырыстым.

Сабақ барысында жұмыс түрлерін түрлендіріп ,жеке жұмыстан , жұптық , топтық жұмысқа ауысып отыруы ескерілді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында «Ой қозғау», «Сұрақ-жауап», « Ойлан, жұптас, бөліс», «Сыңарын тап» әдістерін тиімді пайдалана отырып, әрбір оқушының оқу мақсатына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін стратегияларды жоспарладым.



Сабақтың өн бойында оқушылардың тапсырмаларды қаншалықты орындай алғандарын тапсырма дескрипторлары арқылы және мұғалімнің бағалауы, өзара бағалау және қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылды. Мысалы «Смайлик», « Рахмет» , «Қол шапалақтау » әдісі , « Қолпаштау» әдісі (өзара бағалау) арқылы іске асырылады.

Бұл сабақ мазмұнында қарастырылған тапсырмаларды жүзеге асыру барысында биология пәнімен пәнаралық байланыс орнатылды.

Берілген тапсырмалардың барлығы оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп тудырмайды.

Сабақты құндылықтармен байланыстыру ,яғни ынтымақтастық қарым –қатынас тудыру оқушының сабақ барысы бойы сабаққа бейісмділігін арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды.Сабақтың басында ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбына ашады. Оқушылар жұппен сұрақтарды талқылайды. Жұппен жұмыс кезінде оқушылар бір-бірінен кеңес алады. Оқушылардың жан- жақты қабілеттері ескере отырып, сабақта әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы, балалардың белсенділігін арттыруға тырыстым.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсе: Топтық жұмыс және бағалау

Сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізген екі нәрсе:

1.Белсенді әдістерді қолдану

2.Уақытты үнемді қолдану

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

  • Алдағы уақытта сабақ құру барысында оқушылардың деңгейіне байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды назарда ұстаймын.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12