Ұйымдастырған іс-әрекет

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырыбы: «Сиқырлы су»



Тәрбиеші:Муканова Аймира Гайдаровна











Ортаңғы топ

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Сиқырлы су» 

Мақсаты: Су туралы білімдерін кеңейту. Іс – тәжірибе жасауға сүйіспеншілік пен қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақты өткізу әдісі:

  1. Ойын: ойын кейіпкерін енгізу «жаңбыр»

  2. Практикалық: Іс-тәжірибие

  3. Сөздік: Балалармен әңгімелесу, тәрбиешінің түсіндіруі, іздену сұрақтары.

Құралдар:  Пластмассалық стақандар, шыны стақандар, су, қант, сұйық май, акварельді краска, бояғыш (краситель), шприц, көпіргіш дәрі (шипучий асперин), тарелкелер, қасықтар, ермексаз, оттық, пипетка, қырынуға арналған көпіргіш, түрлі- түсті смайликтер (әр балаға жеке беру)

Сөздік жұмыс:  бояғыш (краситель), пипетка.

 бояғыш -краситель, қырынуға арналған көпіргіш- пена для брития.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеп талаптану

Жаңбыр – қонаққа келеді.

Ол өзінің көңілсіз екенін айтады:

Балалар мен өзім туралы ештеме білмеймін. Сондықтан менің көңіл күйім жоқ. Сендер сондай ақылды, білімді балаларсыңдар ғой  мүмкін  мен жайлы білетін боларсыңдар.

Тәрбиеші: -көмектесеміз бе, балалар!


Балалар жаңбыр келгенге қуанады.

Балалар жаңбырдың неге көңілсіз екеніне таң қалады.


Балалар мұқият тыңдайды

  • Ия, көмектесеміз.


 




Ұйымдастыру

шылық ізденіс

Сұрақ-жауап:

жаңбырдың дыбысы естіледі:

-Балалар не естіп тұрсыңдар?


Жаңбыр жауғанда жерде не болады?


Ал суды тағы қайда кездестіруге болады?



Су не үшін керек?

-Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды. Ия, балалар сусыз өмір, тіршілік жоқ. Дұрыс айтасыңдар.

Балалар! Сендер білісіңдерме судың сиқырлы қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс – тәжірибиелер мен сиқырлар көрсетуге болады. Қазір

нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжірибелер (эксперименттер) жасаймыз, сондықтан сендерді зертханаға шақырамын.

1-тәжірибе:

Бұлт және жаңбыр зертханасы:

Қараңдаршы балалар, біздің столымыздың үстінде көк түсті тағам бояуы, пипетка, қырынуға арналған көпіргіш және суымен шұңғыл шыны ыдыс тұр.

Қырынуға арналған көпіргіштен бұлт, ал көк түсті тағам бояуынан пипетка көмегімен жаңбыр тамшыларын жасаймыз.

Түсіндіру, қауіпсіздікті сақтайды.

Тамаша, жарайсыңдар!

-Не жасадыңдар?

Сонымен не жауды?

Жаңбыр неден пайда болады?




Яғни, жаңбыр судан пайда болады екен.


Жаңбырдан кейін не пайда болады?


Олай болса келесі зертханаға барайық:

-онда бару үшін жаңбырға су туралы тақпақтар айтып берейік:


2-тәжірибе:

Кемпірқосақ зертханасы:

Жаңбырдан кейін кемпірқосақ пайда болады дедік ия, қазір кемпірқосақ жасайық:

Әр баланың алдында нөмірленген бір стақаннан тұрады:



1-ші стақанға қант салмаймыз,


2-ші стақанға 1 қасық қант саламыз,


3-ші стақанға 2 қасық қант саламыз.


4-ші стақанға 3 қасық қант саламыз,


5-ші стақанға 4 қасық қант саламыз


6-шы стақанға 5 қасық қант саламыз


7-ші стақанға 6 қасық қант саламыз

Әр стақанға бірдей етіп су құямыз да бұлғаймыз, қант суға толық араласуы керек. және қызыл, қына сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін (фиолетовый) түстерді араластырамыз да кері санау арқылы, суды шприцпен алып 7-ші стақаннан бастап басқа көлемі үлкендеу стақанға, шприцты стақанның шетіне тигізіп тұрып құямыз. Сонда кемпірқосақ тәрізді су пайда болады.


СҰРАҚ: -Барлығын бір ыдысқа жинағанда олар неліктен араласып кетпеді?


Жақсы, жарайсыңдар! Сендерге ұнады ма?

Сергіту сәті:


Жаңбыр: Мен де сендермен бір серігіп алайыншы:




Балалар, енді келесі зертханаға барайық:

3- тәжірибе: Көпіргіш зертханасы:

Алдарыңда: сұйық май, су, стақан, әртүрлі-түсті бояғыш (краситель), асперин (шипучий) көпірткіш тұр.

1. Алдарындағы стақандарына жартысынан көп болатындай етіп сұйық май құяды.

2. Үстінен су құямыз, су сұйық майдан ауыр болғандықтан астына ағып түсіп, сұйық май үстіне көтеріледі.

3. Әртүрлі-түсті бояғыш (краситель) саламыз, (май мен су араласпайды езілген бояғышты стақанға салған кезде шар тәріздес көпіршіктер түрінде суға түсіп, суды бояйды.)

4.Енді асперин (шипучий) саламыз (асперин көпірткіш болғандықтан, реакция жүреді)

СҰРАҚ: - Май мен су неге

араласпады?

-Су неге көпірді?

Сендерге ұнады ма?

Судың қалай қозғалысқа енетінін көрдік.



-Келесі зертханаға барғанша су туралы мақалдар, көркем сөздер айтыңдар:

4-тәжірибе: Сумен ауа:

Бұл экспериментті жүргізу үшін бізге тәрелке, су,) стақан, краска, қылқалам, пластилин және 2 сіріңке қажет.

1.Стақандағы суды , ұнайтын түсті

краскамен араластырамыз.

2. Тәрелкенің ортасына пластилинді

жабыстырамыз

3.Пластилиннің үстіне 2 сіріңкені

басын жоғары қаратып орнатамыз.

4. Стақандағы суды абайлап сіріңкеге

тигізбей тәрелгеге құямыз.

5. Үлкендер сіріңкені жағып береді,

6. Сіріңкенің үстіне стақанды

төңкеріп жабамыз.


СҰРАҚ: -Тәрелкедегі су қайда кетті?

Стақанмен жапқаннан кейін от сөніп қалды, стақан ішіндегі ауа суыды да қысымы (давление) азайды.

Сондықтан суды сорып алды.

ЯҒНИ: шамалы отты сусыз жауып та сөндіруге болады екен.


Жарайсыңдар, сендерге ұнады ма?

Ойын: «Күн мен жаңбыр»

  Ойынның шарты: Әуен қосылады

күн шықты дегенде сендер билейсіңдер, ал жаңбыр жауып күн күркірегенде сендер қолдарыңды көтеріп шатыр жасап отыра қалуларың керек.



-жаңбыр жауып жатқан дыбысты естіп жатырмыз..

-Жаңбырдан кейін жерде су, батпақ болады.

Суды - өзендерде, көлдерде, аквариумда кездестіреміз, үйдегі кранда да ағып тұрады.


-Су тамақ істеуге, ішуге, жуынуға, кір жууға, үй жинауға керек, өсімдіктердің, жан- жануарлар дың, бәріне су керек.

 

Қызығушылықтары артады. 

 

  Судың бетіне қырынуға арналған көпіргішті бұлт қылып шашады, ал алдын-ала езілген көк түсті бояуды пипеткаға сорып алып, бұлттың үстіне тамызып жаңбыр тамшыларын жасайды.



Шешім: Көпіргіштен бұлт жасадық, көк түсті бояуды бұлтқа тамыздық, бұлттан бояу жаңбыр болып суға тамшылады, яғни су түсін өзгертті,

-жаңбыр жауды.

-Жаңбыр судан пайда болады.

Күн қатты ысығанда су буға айналып аспанға ұшады да, бұлтқа айналады. Бұлтқа көп су жиналғаннан кейін жаңбыр болып жауады..


Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығады.

 

 Тақпақтар айтады...

Жау - жау, жаңбыр,жау жаңбыр

Жауған жаңбыр жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің аузы ашылсын.           

Моншада да, үйде де

Жуынамын күнде мен.

Тамаша екен бұл деген

Балақайлар бәрің де, 

Дос болыңдар су менен.

Білсін мұны балалар,  
Сусыз құрғақ далалар. 
Сусыз қараң қалалар, 
Ескертеміз бар ұлға, 
Ескертеміз бар қызға 
Суды босқа ағызба.




  Түсініп жұмысқа мұқият кіріседі.  


Қант қосқан әр стақанға бірдей етіп су құямыз да бұлғаймыз, қант суға толық араласуы керек.

-қызыл түске бояйды,


-қына сары түске бояйды,


сары түске бояйды


-жасыл түске бояйды.

-көгілдір түске бояйды.

-көк түске бояйды.


-күлгін түске бояйды.


 


 Номері бойынша басқа да стақандардағы қант қосылған, түсі өзгертілген суды шприцпен алып, шприцты үлкен стақанның шетіне тигізіп тұрып құямыз. Сонда кемпірқосақ пайда болады.


Шешім: Су жеңіл, оған аздап қант қоссақ ауырлайды, Қантты көбірек қоссақ, ол одан да ауыр болады. Қанты көп су астында қалады да, қанты аз су ортасында ал қант қоспаған су үстіне шығады. сондықтан араласпайды. Шприцпен дұрыс жіберу арқылы кемпірқосақ пайда болады.

  • Ия, ұнады.


Қимыл – қозғалыс жасайды.

Кап-кап, тук-тук-тук,

Тереземді кім қақты?

Таңертең жаңбыр жауып

Балаларды оятты.

Кап-кап, дон-дон-дон,

Тамшылар тамып жатыр.

Егер шықсаң далаға,

Қолшатырды ұмытпа.


Қызығушылық танытады:



  1. Стақанға жартысынан көп болатындай етіп сұйық май құяды.


  1. Үстінен су құяды.



  1. Әртүрлі - түсті бояғыш (краситель) салады.



  1. асперин салады.



Өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды: Сұйық май мен судың құрамы (тығыздықтары) әртүрлі болғандықтан олар араласпайды: Сұйық май суға қарағанда жеңіл.

Асперин салғаннан кейін суда еріп, суды қозғалысқа келтіреді. Асперин көпірткіш болғандықтан, суды көпіртіп жоғары қарай көтеріледі, бірақ майдан жоғары шықпайды.



Мақал-мәтелдер айтады.

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3.Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4. Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.

көркем сөз:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.








-суды ұнайтын түсті

краскамен араластырады.

Тәрелкенің ортасына пластилинді жабыстырады.

Пластилиннің үстіне 2 сіріңкені басын жоғары қаратып орнатады.

Стақандағы суды абайлап

тәрелгеге құяды.

Абай болады..

Сіріңкенің үстіне стақанды

төңкеріп жабады..


Қорытынды: Өйткені стақан ішіндегі ауа жанып кетеді де суды сорып алады. Яғни, жану кезінде стақан ішіндегі ауаның күші стақан сыртындағы ауа күшінен төмен болғандықтан суды сорып алады..


-ия, ұнады.


Қызыға ойнайды.

Рефлексивті

коррекциялау

Өте жақсы балалар, міне бүгін біз сендермен не істедік?

Сонымен: Қандай тәжірибелер жасадық?



Сендерге не ұнады?


Енді тобымызға оралайық.


Жаңбыр: -жарайсыңдар балалар, мен сендерге ризамын, өзім жайлы көп білдім, көңілдендім. үлкен рахмет сендерге, Күніміз әрқашан ашық болсын деп мынадай күн көзін сыйлыққа әкелдім. Смайликтерді табыс етеді.

Қоштасады, кетеді.

суға тәжірибелер жасадық.


«Бұлт пен жаңбыр», «Кемпірқосақ», «Көпіргіш» «Су мен ауа» тәжірибелер жасадық.

Өз ойларын толық айтып береді.



Риза болады.



Ризашылықтарын білдіреді.




Қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Судың қасиетін ұғынады

Іс-тәжірибе жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсінеді

Су ерекшеліктері туралы білімдерін іс-тәжірибе кезінде қолдана алады.














 

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права 





Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: Жаратылыстану

Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.

Мақсаты:

1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 

2. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.  

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, түтікше, жұмыртқа, тұз, стақан, қар, мұз.

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.

- Тамаша!!

Ал,  балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

- Күзде неше ай бар?

- Қандай үш ай?

- Қазір қандай ай?

Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Керемет. Балалар.

 

 

- Қазыр жылдың күз мезгілі.

- Күзде үш ай бар.

- Қыркүйек, қазан, қараша

- Қазыр қараша айы.

- күн суытып, жапырақтар сарғайып түседі, аспанды бұлт торлап, жаңбыр жие жауады.

 

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің  тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі

 

 

 

 

Жауабы: Су. 

 

 

Оқу қызметінің тақырыбы «Су тіршілік көзі» екен.

Судың дыбысын тыңдау.

- Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Су бізге не үшін қажет?

 

- Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады?

- Әрине ериді, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде сендермен тәжірбелер жасаймыз. Ендеше соны дәлелдеу үшін 1-тәжірбеміз: ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соныңна дейін үстелдің үстіне қоямыз.

Тәжірбелер.

І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? 

Судың иісі жоқ

(Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады).

ІІ.Судың пішіні бар ма?

«Суда пішіні жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.ІІІ. Судың дәмі бар ма? 

«Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер.

Судың дыбысын.

Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады

 

 

 

балалар суды иіскеп көреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

балалар суды ішіп көреді

 

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.ІҮ. Судың түсі бар ма? 

«Су — мөлдір»

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағысуға гуашь бояуларынқосайық. Соныменқатар суды мен сүттісалыстырыпкөрейік, су бар стақанғақасықсалайық, қасықкөрінедіме? Иә көрінеді, ал сүтқұйылғанстақанғақасықсалсақолкөрінедіме? Жоқкөрінбейді, сондықтансудыңтүсіжоқ, ол – мөлдірекен.

Балаларсонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақтыпішініжоқ табиғи ресурс.

Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. 

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, олмұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

 Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады

 

 

 

балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады

2.Ұйымдастырушылық – ізденістік

Жұмбақтар:                                                             1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су) 

2. Қыста шыны боп қатады, 

 Жылыда су боп жатады.. (Мұз).
3.Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. 

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр)

4.Қыста ғана болады, 

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

5. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

 

Су туралы қандай өлең шумақтарын білесіндер.

 

 

Ойын.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық.

Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге сыйқыр көрсетейін

Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.1.Стақанға таза су құйып, суға шикі  жұмыртқаны саламын. Жұмыртқа су түбіне батып кетеді 2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды жақсылап ерітемін.3.Енді жұмыртқаны қайтадан  осы суға саламын. Жұмыртқа суға батқан жоқ!4. Тұз судың тұздылығын арттырады. Судағытұздың мөлшері көбейген сайын оның

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұңқар: Су тіршілік негізі

Онсыз өмір сүрмейсін,

Гигиена егізі,

Су деп және білесің.

Мадияр: Су- Табиғат байлығы,Өзен-көлге барасыңКемі екі рет әр күніСуға түсіп тұрасын.

 

 

Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды

 

тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кезкелген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді

 

3.Рефлексиялық – түзетушілік

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусызөмірсүруге бола ма?

Суды күнделіктіөмірдеқалайпайдаланамыз?

Қандайойынойнадық?

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне  белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

- жоқ

-Қатты, бу, сұйық

- жоқ

- үнемдеу керек

- күн мен жаңбыр

 

  •  

- Сау болыңыздар

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Су-түссіз, бояу қосқанда өзгереді.

Игереді: Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Меңгереді: Судың пішіні болмайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі