Мотивациялық
-қозғаушылық
|
Ал,балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық!- деп бізге келген қонақтармен
амандасайық.
-Сәлеметсіздер ме?
-Балалар шеңбер бойына тұрып , бүгінгі күнімізге сәттілік
тілейік.
Жақсы жылы лебіздерімізді
айтайық.
Арайлап атқан таңымыз
Қайырлы болсын күніміз.
Шуақты күннің сәулесі,
Жайнасын бүгін жарқырап!
|
Балалар шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін
білдіреді.
|
Ұйымдастырушылық
-ізденістік
|
-Жарайсыңдар балалар орындарымызға отырмас бұрын әркім
өзіне түстер таңдау керек.
Енді осы қолымыздағы түстер бойынша
отырамыз.
-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз жыл мезгілдері туралы
болады.
-Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Бұл
жұмбақтар жыл мезгілдері болады.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады.
Бұл қай мезгілде болады?
-Жарайсыңдар балалар бұл жұмбақтың жауабы:Қыс
екен.
-Балалар Қыс мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін кім атап
береді?
Қыс мезгілі туралы суретті кім әңгімелеп
береді.
Ал енді қыс мезгілі туралы кім тақпақ
біледі.
Ал, енді келесі жұмбағымызды
тыңдайық.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай салалар толады.
Бүршік жарып,жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Жарайсыңдар бұл жұмбақтың жауабы көктем
екен.
Көктем мезгілінің ауа-райы ерекшеліктерін сұралады.Сурет
бойынша әңгімелетіп,көктем туралы тақпақтар
сұрайды.
-Педагог жаз мезгілі туралы жұмбақ
жасырады.
Көбелектер би билеп,
Еңбекші ара бал жинап,
Балалар тоймай ойынға,
Өтеді қызық көп күндер.
Бұл жұмбақтың жауабы қай жыл мезгілі
екен.
Дұрыс таптыңдар.Жаз мезгілі
екен.
Сурет бойынша әңгімелету.тақпақтар
сұрау.
-Келесі жұмбағымыз қай жыл мезгіне байланысты болар
екен.Мұқият тыңдайық.
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнау алмай,
Денең мұздап тоңады.
- бұл жұмбақтың жауабы күз мезгілі
екен.
Педагог балаларға күз мезгілі туралы сурет бойынша
әңгімелетеді.
-Ал енді осы күз мезгілі туралы кім тақпақ
біледі.
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар
екен.
-дұрыс айтасыңдар бір жылда төрт жыл мезгілі бар
екен.
-Кім қыс айларын атайды?
-Кім көктем айларын атайды?
-Кім жаз мезгілін атайды?
-Кім күз мезгілін атайды?
- Енді қазір біз осы төрт жыл мезгілінің суреттерін
саламыз.
Көк түсті таңдаған топ қыс мезгілінің суретін
салады.
Жасыл түсті таңдаған топ көктем мезгілінің суретін
салады.
Қызыл түсті таңдаған топ жаздың суретін
салады.
Сары түсті таңдаған топ күздің суретін
салады.
Әр топ өздерінің шеберліктерін көрсету керек.Әдемі, ұқыпты
салуыңыз керек.
Ал,енді суреттеріңізді бастауларыңызға
болады.
Педагог балалармен жеке жұмыс
жүргізеді.
Сергіту сәті:
Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты ,қатты жел соқты
гу-гу
Жапырақтар қол соқты
ду-ду
|
Балалар түстер таңдайды.
Түстер бойынша орындарына
отырады.
Балалар педагогті тыңдайды.
Жұмбақтың жауабы:(Қыс).
Қыс мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін атайды.Тақпақтар
айтады.
Жұмбақтың жауабы:(Көктем).
Көктем мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін атайды.Сурет
бойынша әңгімелейді.Тақпақтар
айтады.
Жұмбақтың жауабы:(Жаз).
Ауа райы ерекшеліктерін атайды.Сурет бойынша
әңгімелейді.
Тақпақтар айтады.
Жұмбақтың жауабы:
(Күз).
Күз туралы сурет бойынша
әңгімелейді.
Күз туралы тақпақтар
айтады.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Наурыз, сәуір, мамыр.
Маусым,шілде, тамыз.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Балалар өздерінің түстеріне қарап сурет салуға
кіріседі.
Балалар педагогті тыңдайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимыл –қозғалыстар
жасайды.
|