Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Мерекелік дастархан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Мерекелік дастархан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік дастархан. Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын артады. дәстүрден тыс әдістер арқылы сурет салуды игерді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы





Shape1





Тобы: №10 «Балауса»


Тәрбиешілер: К.Исаева














2019-2020 жыл




Күні: 11.04.2020ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: « Мерекелік дастархан»

Мақсаты: Қазақтың дастарханы, қонақ күту рәсімі туралы түсініктерін жетілдіру. Іс-әрекет барысында өз ойын толық жеткізе әңгімелеу арқылы тілін дамыту.Ой –қиялын ұштауға ықпал ету. Әдемі дастарханды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу. Талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд,суреттер, дастархан.

Әдіс-тәсілдер: ойын, ақпараттық технология.


Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңберін құру.


Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

Балабақшам, армысың,

Сені қатты сүйемін!

Достарым, аман бармысың,

Сендерді қатты сүйемін!



Ұйымдастырылған оқу қызметімізді халық әні «Қазақы дастарханым» әнімен ашайық.

Қазақы дастарханым


1. Бүгінгі ел ішінде, 
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
қайырмасы:

Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.

2. Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
қайырмасы:

3. Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын.


Балалар, экранға назар аударайық. /Экраннан дастарханның суреттерін көрсету/.


Дастархан қандай геометриялық пішінге ұқсас? /Балалардың жауабы/



Ұйымдастыру-іздестіру


Тосын сәт.


Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл күйлерің қалай? Мен Қуыршақ Әйгеріммін. Балалар менің үйіме көптеген қонақтар келмекші. Мен қаншама тәттілерді дайындап болып, үстел үстіне қояен десем үстел бетіне жаятын дастарханым болмай қалды. Дастархансыз үстелдің сәні келмейді. Сондықтан сендерден көмек сұрағалы келдім. Маған әдемі дастархан дайындап бересіңдер ме? Қонақтарым келетін уақыт да болып қалды.

/балалардың жауабы/


Олай болса балалар, қуыршақ Әйгерімге көмектесеміз бе?


Ең алдымен 3 топқа бөлініп алайық.


1 топ: Ақ қағаз бетіне дастарханды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен қара карандашпен салып, фломастермен бояу арқылы салып безендіреді.

Айару, Аруназ, Айша, Айбар, Аяжан, Жансая.


2 топ: кір жайғышқа жұмсақ бумашашақтарды қыстырып, ақ қағаз бетіне әртүрлі гүл саламыз.

Барысбек, Әлихан, Ақжүніс, Айзере, А.Нұрасыл, Санжар


3 топ: арнайы стаканда су, су сабынға гуаш бояуын дайындап алып, көпіршіктер жасаймыз. Оны трубочка арқылы үрлеп көпіршік етеміз. Трубочкамен үрлеу арқылы ақ қағаз беті түрлі түсті бояумен боялады.

О.Нұрасыл, Т.Нұрасыл, Раяна, Димаш, Нұршуақ, Аңсар, Нұрайша


Жасаған жұмыстарын үрлеп кептіріп, тақтаға іледі. Өздеріне қай жұмыс ұнағанын айтады.


Арнайы келген құтты қонағымыз балаларға ризашылығын, рахметін айтып өздерін қонақ етіп күтетінін айтып, қоштасады.


Дидактикалық ойын: «Нан дастарханға қалай келеді?»

Мақсаты: Ас атасы-нан екенін, нан бізге оңайлықпен келмейтінін, балаларға түсіндіру.

Ойын шарты: ақ қағаз бетіндегі суреттерге мұқият қарай отырып, нанның дастарханға келу ретін тор көзге санмен белгілеу арқылы көрсетеді.


Рефлексивті-түзетушілік


-Балалар сендерге ойын ұнады ма?

-Біз қандай жұмыстар жасадық?

-қане олай болса біз дастархан басында орындалатын дәстүрлерді айтып өтейік.





Дастархан басында орындалатын дәстүрлер

1) Халық қуанышты да , қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу – бәрі де дастархан басында шешілген. /Аруназ/

2) Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. /Айша/

3) “Таспен атқанды аспен ат” деп халық бекер айтпаған. Себебі дастархан дәмі – киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді. /Айару/


Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар.

Айбар

  1. Ас жүрген жер – береке.

  2. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

Димаш

  1. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

  2. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

О. Нұрасыл

  1. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

А. Нұрасыл

  1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Дастарханның қонақ жайлылықтың мән мағынасын маңыздылығын

білдіреді.


Игереді: Дастарханды әшекейлеу ерекшеліктерін игереді.


Меңгереді: Ұқыпты жұмыс жасауды сұлулықты сезінуді меңгереді.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2021
1300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі