Материалдар / Ұйымдастырылған, кіріктірілген ашық іс-әрекеті. Тақырыбы: "Аққала бізде қонақта"

Ұйымдастырылған, кіріктірілген ашық іс-әрекеті. Тақырыбы: "Аққала бізде қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс мезгілі, оның құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту. Қарапайым математика дағдыларын қалыптастыру, бес көлемінде санауға, геометриялық фигураларды танып, атай білуге, тәулік бөліктері ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұсақ қол моторикасын, ойын арқылы танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялдарын арттыру. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қауіпсіздік сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбиеші: Сейдашева Ж.А

Ұйымдастырылған кіріктірілген оқу іс- әрекеті:

Білім беру саласы: «Таным, әлеумет, шығармашылық, коммуникативтік»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері, жапсыру, сурет салу.

Тақырыбы: «Аққала бізде қонақта»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, оның құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту. Қарапайым математика дағдыларын қалыптастыру, бес көлемінде санауға, геометриялық фигураларды танып, атай білуге, тәулік бөліктері ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұсақ қол моторикасын, ойын арқылы танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялдарын арттыру. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қауіпсіздік сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Қажетті құралдар, көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, интерактивті тақта, желім, қар, клеенка, түрлі-түсті бояулар, ақ шарлар, қағаздан қиылған ұлпа қарлар, ыдыстағы ұлпақарлар, аққала суреттері.                                                   

Әдіс-тәсілдер: Дәстүрден тыс сурет салу әдісі, ойындар, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, қызықтыру сәті, музыкалық дыбысты қолдану.

Алдын-ала жұмыс: Қыс мезгілі туралы әңгімелеу, лепбук, бақылау.


Мотивациялық қозғаушылық:

Балалар бүгін бізде ерекше күн, шаттық шеңберін жасап, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік жылуын алайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Қайырлы таң! Сәлеметсіздер ме!


Балалар келген қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге тамаша бір жыл мезгілі туралы жұмбақ

жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады.

Бұл қай мезгіл болады? (Қыс мезгілі)

Слайд: Тақтада қыс мезгілінің суреті көрінеді. Балалар, тақтада қай мезгіл бейнеленген? Айналаның барлығы аппақ түске боялғандай.


- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс айларын атап беріңдер?
 -Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.

Интерактивті тақтамен жұмыс: слаидтан қыс мезгілінің суреті көрсетіледі.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы терезе»

1. Балалар, қыс мезгілі құбылыстарын атап, ерекшелігін сурет арқылы айтады.

-Қыста ауа райы қандай болады?

(Суреттер шығады: қар жауады, күн суытады, боран, аяз, тұман, өзен-көлдерде мұз қатады).

-Қыста қандай құстар мекендеп  қалатынын  білесіңдер ме? (суық торғай, қарға, сауысқан).

Қыс мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар жылы киіне бастайды. Қыста күннің көзі көрінсе де, жылынбайды.

Қауіпсіздік ережесі:
-Мұздан сақ болу керек.

-Қарды, мұзды жеуге болмайды. Ол таза емес, әрі суық. 
-Мұзды жермен ақырын жүру керек. 


Қыс туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.


Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болып қатады

Жып жылтыр болып жатады. Аяжан


Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша, бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен. Нурислам


Жапалақтап аппақ қар,
Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап. Ибраһим


Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. Анель

Қарға, қарға, қарғалар.
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса - қар болар.
Бұтаға қонар қарғалар. Айбар


Жарайсыңдар балалар.


Қызықтыру сәті:

Балалар бүгін бізге хат келді. Мен соны сендерге көрсеткім келіп тұр.

Мына қолымдағы хаттың суығын ай. Кімнен, қайдан келді екен? Хатты ашып оқиды. «Балалар, мен сендермен күнде дос болып жүргеніме қуаныштымын. Сендердің достарың Аққала».

Аққала хатында былай деп жазады. Балалар, менің қызықты қысқы математика ойын тапсырмаларым бар сендерге. Егер де дұрыс орындасаңдар, соңында сыйлығым бар, алып келемін депті. Орындаймыз ба?

Балалар: - Ия, орындаймыз.

Тәрбиеші: Балалар, Аққала деген кім?

Неге ол, мен сендермен күнде дос болып жүргеніме қуаныштымын деп жазады?

Балалар: Өйткені қазір қыс мезгілі, күн суық, көп қар жауды.

Тәрбиеші: Ал Аққала қандай? (Тақтадан Аққала суреті шығады).

-Аққала неше бөліктен тұрады, түсі қандай? Үш бөліктен тұрады, түсі ақ.

-Қандай пішіндерден тұрады? –Дөңгелектерден.

-Қандай дөңгелектер? (Үлкен, орташа, кішкентай). Санап көрейікші, неше дөңгелегі бар? Тағы несі болады екен? Қолы, мұрны, көзі. Ал неге оны Аққала деп атаған? Өйткені оны қардан жасаған.


1.Ойын: «Есеп шығарайық»

Мақсаты: Есептер шығаруға, ауызша есептеуге жаттықтыру.

2.Ойын: Уақытты бағдарлау. «Тәулік бөліктерін ата».

Мақсаты: Тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту. Тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.


Таңертең Күндіз

Сағат

Кеш Түн


Интерактивті тақтада сағат суреті көрсетіледі (тірек сызба арқылы)

Тәрбиеші: Бір тәулікте неше бөлік бар? –Төрт бөлік бар.

Ұйқыдан оянып, жуынып, балабақшаға қай уақытта келеміз? –Таңертең.

Қай уақытта ойын ойнаймыз, тамақ ішеміз? - Күндіз.

-Қай кезде үйге қайтамыз? –Кешке.

-Қай кезде қараңғы болады, ұйықтаймыз? –Түнде.



3.Дидактикалық ойын: «Қай пішінге ұқсайды?»

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы балалардың білімдерін бекіту. Қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын таба білу дағдыларын дамыту.

Үшбұрышқа – шырша, үйдің шатыры, бас киім.

Төртбұрышқа – орамал, үстел, сағат, жастық.

Дөңгелекке – күн, аққала, ұлпақар.



Тақпақтар:

Пішіндерді үйрендім

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш бұл үйлердің,

Шатырына ұқсайды. Нурай


Бөлініп – ап екіге,

Отырған сәт шетінде.

Төртбұрыш та ұқсайды,

Үстелдердің бетіне. Медина


Өмірің менің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ, аяғы

Бір айналым баяғы. Арсен

Жақсы, рахмет балалар.


Тосын сәт: Сықырлаған дыбыс естіліп, Аққала келеді, қолында қабы мен шелегі бар. Шелегіне қар мен мұз салып әкеліпті.

Тәрбиеші: - Балалар, қарандаршы бізге кім келді? - Аққала келді. Балалар амандасады.
Аққала: - Балалар, мен сендерге қызық ойын әкелдім, сыйлығым бар. Бірақ тапсырмаларымды орындап болған соң беремін.


Тәрбиеші: Балалар, әрі қарай ойын тапсырмаларды орындау үшін, кедергілерден өтейік. Музыка қойылады.

1.Ойын: «Қысқы ойындар» Аққала қызық ойын ойнатады, сиқырлы шаршымен.

Шарты: Шаршыны айналдыра лақтырған кезде, бетіне қандай түсті ұлпақар түссе, сол түсті дөңгелекті ашып, қысқы ойынды атау керек.

Шаршыда (ашық көк, ақ, ақшыл қызғылт, күлгін, ашық қоңыр, ашық қоңыр) түсті ұлпақарлар суреті. Қысқы ойындар: (қардан аққала соғамыз, қар лақтырып ойнаймыз, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз, мұзда конькимен сырғанап, хоккей ойынын ойнаймыз доппен)


2.Дидактикалық ойын: «Шатасқан сандар»

Мақсаты: Баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Шатасқан сандардың орнын тауып қоюға, ретімен дұрыс санау дағдыларын дамыту. 5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру. Нешеу (ұлпақар) санап, санына қарай орнын тауып қою дағдыларын дамыту.


3.Ұлпақармен ойын: «Сөзді керісінше айт» (Триз ойыны)

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету. Көлем, кеңістіктегі ара - қатынас туралы білімдерін бекіту.

Көрнекілік: Ақшақар.

Барысы: Балаға ақшақарды беріп, қарама - қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «көп» десе бала «аз» деп жауап береді. (Үлкен-кіші, ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, биік-аласа, оң жақ - сол жақ, алыс-жақын, алдында-артында, жоғары-төмен, ауыр-жеңіл, кең-тар)


Сергіту сәті: «Ұлпа қарлар». Балалар музыкамен шеңбер бойымен қимылдар жасайды, музыка тоқтаған кезде ортадағы үш түсті ұлпақарларды алып орталықтарға бөлінеді. Ұлпа қарлар жетпей қалған балалар Аққала құрастырып, жапсырады. (Аққалаға ақ шардан, қара түймелері, мұрнын сәбізден, қызыл ерін, бас киімдері бар)

Аққала достары көп болғанына қатты қуанады, рахмет айтады.

Балалар шығармашылық орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.

Балаларға үлгі жұмыс көрсетіледі.


Тәрбиеші: Енді балалар сендерді үстел үстінде орындайтын әр түрлі қызықты орындалатын тапсырмалар күтіп тұр.

Мына сиқырлы ұлпа қарлармен түсіне қарай шығармашылық орталықтарға бөлініп, орындарымызға отырайық.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

1.«Түрлі-түсті пішінді Аққалалар» (үшбұрыш, төрт бұрыш, дөңгелек) суретіне қарай түрлі-түсті пішіндерді жапсыру.


2.-Көк қағаз бетіндегі клеенкаға балалар түрлі-түсті бояумен қыстың суретін салады.

Тәрбиеші: Балалар, мына үстел үстіндегі заттарға қарайықшы, нелер тұр?

-Көк қағаз. қылқалам, желім, тұз, тұғыр, шырша ұлпақар салу үшін.

Тәрбиеші: Біз бүгін сендермен түрлі-түсті боямен, желім, майда ақ тұз, сурет саламыз (балаларға сурет салу әдісін түсіндіру).

Балалар есімізге түсірейікші қандай әдіспен ұлпақарды саламыз.

Қылқаламның түгін желімге малып алып, қағаздағы ұлпақарға желімді жағу керек. Бірінші ұлпақардың шуақтарын саламыз, сосын оюларын. Шуақтарын қылқаламман жоғарыдан төмен, оң жақтан, солға қарай саламыз. Енді ауада салып көрейікші.

Жағып болған соң қылқаламды тұғырға қойып, майда тұзды сеуіп, бояу жағып, шеттеріне қар суретін салу.

Жұмысымызды аяқтаған соң қылқалам түгін суға малып, сүрткішпен сүртеміз.


3.«Үстел-үсті» шығармашылық, зеттеу орталығында балалар жұмыс жасайды.

Тәжірибелік жұмыс: Мұзды, қарды, зерттейді.

Қар ақ, мамық, жұмсақ, үлпілдек, тез ериді, жеңіл, әр түрлі.

Түсі ақ, иісі жоқ. Қарды қолмен ұстап көрейікші. Алақандарың нені сезіп тұр? Қар суық, жабысқақ, мамық, көп ұлпа қардан тұрады. Не өзгерді? Жылы алақанымызда ериді, демек ол жылыдан еріп суға айналады. Еріген су таза емес, сондықтан қарды жеуге болмайды.


-Қар еріп, аязда ол мұзға айналады. Мұзды ұстап көреді. Қандай өзгеріс болды: суық, түссіз, қатты, сынғыш жылтыр.

«Қарама-қарсы» сөздерді айту.

Қар жұмсақ - мұз қатты.

Қар жеңіл - мұз ауыр.

-Балалар қалай ойлайсыңдар қар суға бата ма, жоқ па?

Тәрбиеші қарды қолға алып, оны қысып, қар кесегіне айналдырып, ыдыстағы суға салады. Қар суға батпайды екен. Әр әрекетті жасаған сайын, балалардан не байқағандарын сұрайды.

 - Енді балалар суды мұздатқышқа салып қатырсақ, су неге айналды?
 - Иа, мұзға айналады. Осы пішіндерді көк түстеріңе бояңдар.
 - Бұл тәжірибеден балалар, біз бояумен мұздың түсін өзгерте алдық.

-Ал еріген қардың суына, сабынды су қосып, көк түсті көпіршіктерді тамашаладық.  


Суреттерің әсерлі болып шығуы үшін әдемі әуенмен жұмыстарымызға кірісейік.

Балалардың жұмыстары (жеке көмек көрсетіледі).

Тәрбиеші: Енді үстел үстіндегі ұлпа қарларды қолымызға алып, тыныс алу жаттығуын жасайық.

-Тыныс алу жаттығуы: «Ақшақарлар ұшады», ыдыстағы қарларды түтікше

арқылы үрлеп ұшыру.

Мақсаты: Балалардың тыныс алу мен шығару жүйесін нығайту, дұрыс тыныс алуға үйрету. Мұрын арқылы терең тыныс алып, түтікпен үрлегендей демді ақырын шығарайық. Тесігінен түтікшемен үрлеген кезде ыдыс үшінде ақшақарлар ұшады.

(Үстел үстінде тұрған қағаздан жасалған ақшақарлар жібі бар).

Балалардың жұмыстарын бағалап, мадақтау.

.

Саусақ жаттығуы:

Мақсаты: Саусақ жаттығуы арқылы балалардың қолдың ұсақ бұлшық еттерін нығайту және дамыту.

Кіп-кішкентай саусақтар

Шаршамайды талмайды.

Себебі бұл саусақтар,

Жаттығулар жасайды.

Саусақтарды қосамыз

Жұдырықты соғамыз.

Алақанды ысқылап,

Шапалақты соғамыз.


Тәрбиеші: -Аққала көрдің бе, біздің балалар барлық тапсырмаларды орындады.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, сендер білімді балалар екенсіңдер.
Жарайсыңдар, балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, тапқыр екенсіңдер! Мен жылы жерде көп тұра
алмаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанымда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар Аққаламен қоштасайық! (аққала шығып кетеді)


Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау:

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? -Ия, ұнады.

-Біз не туралы айттық? -Қыс мезгілі жайлы.

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай ойындар ойын – тапсырмалар орындадық?

Сандармен, пішіндердің неге ұқсайтынын атап, Аққала құрастырып, жапсырып,

қар, мұзды бақыладық.

Ненің суретін салдық? -Қыстың қар жауған суретін салдық.

-Сендер бүгін барлығың жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларыңды дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар балалар. Мақтау, мадақтау.

Қазір орнымыздан тұрып, қонақтармен қоштасайық.

Жүректен – жүрекке:

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс мезгілінің құбылыстарын, қысқы математикалық ойындарды, Игереді: қысқы математика ойын тапсырмаларын орындауды, қар, мұздың

қасиетін, тәжірибе жасауды.

Меңгереді: сұрақтарға жапуап беріп, қауіпсіздік ережерін меңгереді.




08 Ақпан 2025
182
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі