Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу
қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру
саласы: Таным
Бөлімі:
Құрастыру
Тақырыбы:
Жаңажылдық ойыншықтар
Мақсаты:
балалардың шырша ойыншықтарын қағаздан жасау
дағдыларын қалыптастыру.Жаңа жылдық шыршаны безендіруге
үйрету.Шырша бейнесін геометриялық фигуралардан құрастыру..Жаңа жыл
мерекесіне дайындықтарын бақылау.
Қолданылатын
көрнекіліктер,қажетті құрал жабдықтар
:
жасанда шырша, экран, слайд, шырша суреті,
түрлі – түсті қағаз, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын –
ала дайындалған пішіндер, безендірілген шырша суреті,
салфеткалар.
|
Оқу іс-әрекет кезендері
|
Тәрбиешінің әрекеттері
|
Балалардың іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Сәлемдесу. Қонақ күту
салтымыз, Оқып
біліп жатырмыз. Келген қонақ
сіздерге, Сәлем бердік
жалпымыз. Ұранымыз! Бір,
екі, үш, Отырамыз тып
тыныш. Жалқаулықты
тастаймыз, Сабақты біз
бастаймыз.
|
Балалар қайталайды.
|
|
Ұйымдастырушылық -
ізденістік.
|
Балалар казір жылдың қай
мезгілі? -Қыста далада қандай
өзгерістер болады? -Қыста қандай мереке
бар? -- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер
ме? - Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде
болу керек? -Шыршаны қайдан алуға
болады? -Мерекеге шыршаны дайындау үшін не
істейміз? Жұмбақ шешу. Тікен – тікен тік
пісте, Қысы – жазы бір
түсте. Ол не?( Жақында Жаңа жыл мерекесі болады.Ортада шырша
тұрады, әсем етіп безендіріледі.Онда көптеген ойыншықтар болады,сол
ойыншықтарды қағаздан киып та жасауға болады
екен,балалар. Мултфильм көру «Маша мен
аю» -Балалар біз де Маша мен аю секілді шыршаны
безендірейікші. Д\о Геометриалық пішіндерден шырша
құрастыру. -Балалар, мынау қандай
пішіндер? - геометриялық
фигуралар - үшбұрыш, төртбұрыш,
дөңгелек. - әр түрлі, үлкен, кіші,
орташа -түсі қандай? Ұжымдық жұмыс. Ендеше осы шыршаны
сәндейікші. Қайшымен жұмыс істеу ережесімен
таныстыру. Жеке оқушымен
жұмыс. Сергіту сәті: Бейнеролик арқылы оқушыларды
сергіту. Біраз серігіп алсақ жасаған ойыншықтарымызды
шыршамызға ілейікші
|
Балалар сұрақтарға толық нақты жауап
береді.
Жұмбақты шешеді: шырша
Қайшымен жұмыс жасау ережелерін есіне
түсіреді.
|
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Қорытындылау: - Біз сендермен нені
безендірдік? - Шыршаның түсі
қандай? - Қандай мереке онсыз
өтпейді? - Балалар, сендерге бүгінгі күннің тапсырмасы
ұнады ма? Қиын болды ма? Қызық болды ма? Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен
бөліседі.
|
Балалар сұрақтарына жауап
береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру
керектігін,
Игереді: Сұрақтарға толық, анық жауап беруі
қалыптасқан. :
Меңгереді: Ұжыммен жұмыс істей
алады.