«Ботақан» ІІ кіші тобының
ұйымдастырылған оқу іс−әрекетінің технологиялық
картасы
Тәрбиеші: Кужасова
А.Е.
Күні:
Білім беру
саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
салу.
Тақырыбы: Әдемі
көйлек.
Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге
үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салу
дағдыларын қалыптастыру, әдемілікке
тәрбиелеу.
Алдын− ала жүргізілетін
жұмыс: Қыздардың көйлектеріндегі
өрнектерді қарау, бақылау, мозаика құрастырып
ойнау.
Қос тілдік
құрам: Әдемі көйлек−красивая
платья.
Әдіс−тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ−
жауап.
|
Іс-
әрекет
кезендері
|
Тәрбиешінің іс-
әрекеті
|
Балалардың іс-
әрекеті
|
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Балаларға педагог қуыршақ
Айсананың жылап отырғанын айтады, қуыршақтан кім ренжіткенін
сұрайды. Айсана:
−Маған ешкім де
тиіскен жоқ, ешкімде ренжіткен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа
шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап
отырмын.
Педагог балаларды Айсанаға
көмек беруге шақырады. Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін
сұрап, түстері, өрнектері, ұзын−қысқалығы, әдеміліктері жайында
әңгімелеседі.
|
Балалар таңданып,
қуыршақ Айсанадан неге жылап отырғандығын
сұрайды.
Балалар Айсанадан
қамықпауын сұрап, оған арнап әдемі көйлектің суретін салып
беретіндіктерін айтады.
Балалар қыздардың
көйлегі ұзын, сары, қызыл, көк, гүлдері бар, дөңгелектері,
жұлдызшалар, үшбұрыштары бар, кейбір қыздардың көйлегі ұзын немесе
қысқа екендігін естеріне түсіріп
әңгімелейді.
|
|
Ізденушілік
Ұйымдастыру-шылық
|
Педагог балаларға
әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны ,
қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді.
Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы
дөңгелек түсіруге болатынын, оны салу жолдарын педагог көрсетіп,
балалрға бағыт береді. Сүрткішті дұрыс пайдалануды,
бір−біріне бөгет жасамай, дұрыс
отыруды естеріне түсіреді.
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрайық,
Белімізді
жазайық.
Жоғары−төмен
қарайық,
Оңға−солға, түзу
тұр.
Бойымызға күш
жинап,
Біз демалып
қалайық.
Тыныс алу жаттығуын
жалғастырады.
|
Дайын көйлек
үлгісіне балалар гуашпен, оң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған
түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады немесе мөртаңбаны
пайдаланып басу тәсілімен көйлекті сәндейді. Кейбір балалар сұқ
саусақпен салады.
Балалар орындарынан
тұрып, бой сергіту сәтін қимылмен көрсетіп
жасайды.
Аузы мен мұрнын қолмен жауып,
ашады. Тыныс алу жаттығуларын екі−үш рет
қайталайды.
|
|
Рефлексивті-
түзетушілік
|
Айсана балалардың әдемі
көйлектің суретін салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті
пйдаланғандарын сұрайды. Күшік досына қалаған көйлекті киіп
баратындығына қуанып, рақмет айтып
қайтады.
|
Бір бала дөңгелекті,
біреуі мөртаңбаны қалай қолданып орындағандарын айтып беруге
тырысады. Қуыршақ Айсанаға рақмет айтып, өздері жұмыс жасаған
орындарын жинайды.
|
Күтілетін
нәтиже:
Білу: көйлектер әртүрлі
болатындығын.
Үйрену: маңайындағы басқа адамдарға
көмектесу қажет екендігін.
Меңгеру: мөртаңба, қылқалам,
саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей
білуді.