Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Кужасова А.Е. Күні: Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: «Анама сыйлық» Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету,ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті жұмсақ қағаздар, қатты қатырма қағаз,желім,қайшы және үлгі көрнекіліктер. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар Сөздік жұмыс: сабағы,жапырағы,сыйлық.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Сәлеметсіздер ме,!» деп сәлемдесіп аламыз. Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. |
Балалар шеңберге тұрып,шаттық шеңберін қайталады. Сәлеметсіз бе! |
|
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік |
Балаларға үлгі көрнекілікті көрсетіп аналар мерекесі қарсаңында аналарына әдемі сыйлық жасап үйренетіндерін айтамын. «Мынадай сыйлық жасауға келісесіңдер ме?»-деп үлгіні көрсетіп,талдау жасаймын.Қағаз түстеріне балалардың назарын аударамын. Әр балаға қос бүктелген қатты қағазды таратамын,оған әдемі гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіремін.Алдымен гүлдің сабақтарын және жапырақтарын жасыл түсті қағаздан қиып аламыз,оны ораймыз (немесе бұраймыз), сабақтары дайын болған соң,гүлдерін жасау үшін әр түсті қағазды алып,алақан арасына салып умаждап,оны жұмсартмыз,бірнеше рет ашып,қайта умаждаймыз. Көк,сары,қызыл түсті қағаздарды умаждау арқылы гүлдерді жасап,оны гүлдің сабағына орнатамыз. Балалардың қағазды қалай умаждағанын және ол гүлге ұқсағанын қадағалаймын, жеке көмек көрсетіледі. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға,оңға түзу тұр, Солға,солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Балалар үлгіні мұқият қарап,гүлдердің қалай жасалғанын қарап көреді,қағаз түстерін таңдап алады. Алдымен жасыл түсті қағаздан сабақтарын, жапырағын жасайды. Одан кейін көк,сары, қызыл қағаздарды кезекпен-кезек алақан арасына салып умаждайды,оны гүлге ұқсатып сабақтарына орнатады. Өздері жасаған жұмыстарының әдемі болып шығуына, ұқыпты жұмыс жасауға талаптанады. Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған сыйлықтары әдемі болып шығуы үшін әр баланың жұмысына көңіл бөлемін, дұрыс жасалуына көмек көрсетемін,еңбек нәтижелері талданып қорытынды жасаймын. |
Дайындаған сыйлықтарын анасына,әжесіне немесе апаларына сыйға тартатынын айтамын. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қағаздан жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады, олардың түсін,көлемін,пішінін ажырата алуды; Игереді: гүлдерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды; Меңгереді: қағаздан жұмыс жасауда оны көлемі,пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Тақырыбы: "Анама сыйлық"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Кужасова А.Е. Күні: Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: «Анама сыйлық» Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету,ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті жұмсақ қағаздар, қатты қатырма қағаз,желім,қайшы және үлгі көрнекіліктер. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар Сөздік жұмыс: сабағы,жапырағы,сыйлық.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, «Сәлеметсіздер ме,!» деп сәлемдесіп аламыз. Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. |
Балалар шеңберге тұрып,шаттық шеңберін қайталады. Сәлеметсіз бе! |
|
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік |
Балаларға үлгі көрнекілікті көрсетіп аналар мерекесі қарсаңында аналарына әдемі сыйлық жасап үйренетіндерін айтамын. «Мынадай сыйлық жасауға келісесіңдер ме?»-деп үлгіні көрсетіп,талдау жасаймын.Қағаз түстеріне балалардың назарын аударамын. Әр балаға қос бүктелген қатты қағазды таратамын,оған әдемі гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіремін.Алдымен гүлдің сабақтарын және жапырақтарын жасыл түсті қағаздан қиып аламыз,оны ораймыз (немесе бұраймыз), сабақтары дайын болған соң,гүлдерін жасау үшін әр түсті қағазды алып,алақан арасына салып умаждап,оны жұмсартмыз,бірнеше рет ашып,қайта умаждаймыз. Көк,сары,қызыл түсті қағаздарды умаждау арқылы гүлдерді жасап,оны гүлдің сабағына орнатамыз. Балалардың қағазды қалай умаждағанын және ол гүлге ұқсағанын қадағалаймын, жеке көмек көрсетіледі. Сергіту сәті: Ал,балалар,тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып, Біз демалып алайық. Оңға,оңға түзу тұр, Солға,солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық. |
Балалар үлгіні мұқият қарап,гүлдердің қалай жасалғанын қарап көреді,қағаз түстерін таңдап алады. Алдымен жасыл түсті қағаздан сабақтарын, жапырағын жасайды. Одан кейін көк,сары, қызыл қағаздарды кезекпен-кезек алақан арасына салып умаждайды,оны гүлге ұқсатып сабақтарына орнатады. Өздері жасаған жұмыстарының әдемі болып шығуына, ұқыпты жұмыс жасауға талаптанады. Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған сыйлықтары әдемі болып шығуы үшін әр баланың жұмысына көңіл бөлемін, дұрыс жасалуына көмек көрсетемін,еңбек нәтижелері талданып қорытынды жасаймын. |
Дайындаған сыйлықтарын анасына,әжесіне немесе апаларына сыйға тартатынын айтамын. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қағаздан жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады, олардың түсін,көлемін,пішінін ажырата алуды; Игереді: гүлдерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды; Меңгереді: қағаздан жұмыс жасауда оны көлемі,пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыруды.
шағым қалдыра аласыз


