Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсат-міндеттері:  Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.  Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.  Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қатысушының аты-жөні

Жұмыс орны

Тел нөмірі, эл почтасы


Кужасова Айымгул Есенжановна


Шаған ЖОББ мектебі жанындағы "Балбөбек " шағын орталық тәрбиешісі

87471851740

kuzhasova.a@mail.ru

Күні: 15.04.18жыл

1.Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсат-міндеттері:

  • Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.

  • Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.

  • Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ, логикалық ойын, сахналау, санамақ.
Көрнекіліктер: Жыл басына таласқан хайуанаттардың бетпердесі, үлестірмелі материалдар, АКТ.
Алдын-ала жүргізідетін жұмыстар: Ертегіні үнтаспадан тыңдау.
Билингвалдық компонент: Сары- желтый,

Қызыл- красный,

Жасыл-зеленый,
Көк-синий,

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды дөңгелене тұрғызу

«Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық.

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңберге дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталап, апайлармен амандасады.

Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің айларын атап беріндерші?

  • Ерекшеліктерін кім айтып береді?

-Балалар менсіздерге сыйлық алып келдім.

Ғажайып сәт: Сыйлық қорапшасынан шарлар ұшып шығады.

-Балалар мына шарлар қандай әдемі, олардың сендерге алып келген әр-түрлі тапсырмалары бар екен.Әр шардың өзінің жасырған ертегісі бар екен?

-Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса әр шардың түстерін үш тілде айтып беріндер.

Көк шар: Мысығым, мысығым бері келші, мен миіз тауып алдым......

Қызыл шар:
Атамнан да құтылдым,
Әжемнен де құтылдым,
Қояннан да құтылдым

Енді сеннен құтыламын.......



Сары шар:

Есікті ашыңдар, мен сендердің аналарыңмын, жоқ, біздің анамыздың дауысы жіңішке.



Жасыл шар:
Ерте, ерте, ертеде хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты. - Жыл басына таласқан хайуанаттарды есімізге түсіріп атап көрейік.

- Ал, енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсымыз рөлге бөліп ойнап көреміз бе?

(Маскамызды киіп аламыз)

Балалар тақтада берілген жануарларды атап береді

Әр бала ертегі кейіпкерлерінің маскасын киіп, ертегіден үзінді сахналайды.

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты

(Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады)

-Тәрбиеші: -Жарайды, жарайды таласпандар, күн шыққанша барлығымыз отырып, бір тапсырма орындап уақыт өткізейік.

1- логикалық тапсырма:

«Менің базарым»

Мақсаты: Ертегідегі жануарлардың қандай өнім беретінін, қандай пайдасы бар екеніндігі туралы мәлімет бере отырып, оларды дұрыс таба білуге үйрету.
Шарты: жыл басына таласқан хайуанаттардың өнімдерін өз стақандарына апарып салу.

Ойын: Балалар шеңбер болып тұрады. Ойын бастаушының көзін байлау.Бастаушы ұстап , дыбысы арқылы ажыратады.

2-логикалық тапрсырма:«Орынын тез тап»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: Берілген жануарларды өз орындарына апарып тез құрастыру.



-Балалар күннің шығатын уақыты да болып қалды.

Балалар осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүше

-Көктем

-Наурыз, сәуір, мамыр

-Балалардың жауабы


Балалар түрлі – түсті шарларды көріп таң қалып қуанады.

-Балалар ертегілер еліне саяхатқа шығатынына қуанады.


-Иә әрине.

Көк-синий-blue

-«Мақта қыз бен мысық» ертегісі


Қызыл- красный- red

-«Бауырсақ» ертегісі






Сары- желтый- yellow

-«Жеті лақ» ертегісі




Жасыл-зеленый-green

-«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

Жылқы (Ерәділ)
- Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын.
Түйе (Анеля)
-Ал мен сен көтере алмайтын ауырды көтеремін.Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр: (Д.Амина)
Адам мені жегіп жер жыртып, егін егеді.Сүтімді ішеді, құрт май жасайды.
Қой
(Айша)
-
Мен болмасам киіз үйді немен жабар еді, жүнімді қырқып киіз басады, арқан жіп еседі, киім тоқиды. Шаруаға мен пайдалымын..
-
Ит: Төрехан
Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Бөтен біреу көрінсе, үріп хабар беремін..
-Тышқан: Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын күнді көрсе, сол жыл басы болсын.

Интерактивті тақта арқылы жануарлар беретін өнімдерді өз стақандарына салады.

Балалар шеңбер болып тұрады. Ойын бастаушының көзін байлау.Бастаушы ұстап, дыбысы арқылы ажыратады.


Жыл басына таласқан жануарларды рет-ретімен өз орындарына орналастырады.








Тақтадан күн көрінеді.Сол кезде тышқан:
Күннің шыққанын мен көрдім

Мен жыл басы боламын!



Рефлексиялық -түзетушілік

-Балалар біз бүгін қай ертегіні сахналадық?

-Күнді кім бірінші көрді?

-Кім бойына сеніп жылдан құр қалды?

Оқу іс-әрекеті кімге несімен ұнады?

-Жыл басына таласқан хайуанаттар.

-Тышқан

-Балалардың жауабы



Күтілетін нәтиже:



Нені біледі: Балалар жыл атауларын біледі, оларды рет-ретімен атауды біледі

Қандай түсініктерді игерді: Сөздік қорлары толығып, ертегіні сахналай білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындау барысында жан-жануарлардың қандай өнім беретіндерін біледі, үлкен-кіші ұғымдарын меңгереді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2032
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12