«Қатынас» білім беру саласы бойынша ересек немесе мектепалды даярлық топтарының жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін сурет бойынша әңгімелеуге арналған тақырып таңдап (ертегі) ұйымдастырған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әтеш пен тоты» ертегісі (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балаларды айтылған ертегіні эмоционалды қабылдап, тыңдай білуге үйрету. «Қатынас», «Шығармашылақ» білім беру салаларын кіріктіре отырып, ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру және есте сақтау қабілетін дамыту. Өздері тыңдаған ертегіні сахналау дағдысын қалыптастыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру; Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету «АКТ» бойынша флипчарт аймағында дидактикалық ойындар ,сұрақ-жауаптар, жұмбақ жасыру, ертегімен таныстыру, ойын ойнату. Триз. Мнемокесте әдістері. «Теріс айналған ертегі» әдісі
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Интерактивті тақта,ертегі мазмұны бойынша суреттер. Дидактикалық үлестірмелі материалдар.
Билингвистикалық компонент: Құстар-птицы, үй құстары-домашние птицы, әтеш-петух, тоты-попугай.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І-Кіріспе бөлім
Саламатсыңдарма балалар? Ең алдымен орнымыздан тұрып сәлемдесіп алайық.
https://www.youtube.com/watch?v=qM2j9lq_pEw
(«Сәлем» әні)
Қазір жылдың қай мезгілі? (қазір жылдың қыс мезгілі). Ауа райы қандай? (ауа райы суық).
«Миға шабуыл» әдісі
- Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?
-Сендер көптеген ертегілер білесіңдер. Еске түсірейікші.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты:Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.Қандай ертегі түрлерін білетіндігін сұрау.Ауызша айту дағдыларын дамыту.
Барысы:Кім көп ертегі білетіндігі боынша балалармен өзара жарыс ұйымдастыру.Ертегіні кім көп оқитындығын білу.Тәрбиеші белгілі ертегі кейіпкерін айтады,ал балалар кейіпкердің қай ертегіге тиесі екендігін табады.
-Атасы мен апасынан қашқан кейіпкер? «Бауырсақ»
-Әжесіне қонаққа баратын кейіпкер? «Қызыл телпек»
-Қатықты төгіп алып,оны қайта іздеп әкелген досы мен бірге тұратын? «Мақтақыз бен мысық»
-Атасы үлкен көкөніс түрін еккен кейіпкері бар ертегі? «Шалқан»
-Әр түрлі жануарлары көп ертегі? «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
-Біреу мұздан,ал екіншісі ағаштан үй салған кейіпкері бар... «Түлкі,әтеш,қоян»
-Бірінен соң бір жануар тауып алған ертегі? «Үйшік»
-Орманның шетіне үйшікте,
Біріге үшеуі тұрады.
Үйінде үш қасық, үш ыдыс, үстелі,
Үшеуден төсегі тұрады «Үш аю» ертегісі
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,балалар. Енді бүгін біз тағы бір ертегімен танысамыз.
-Балалар, сендерге ертегі ұнайды ма?
І

Жұмбақ жасыру.
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар. (әтеш)

Қауырсыны құлпырған,
Мың бояулы гүл тұнған
Сайрағанда дауысы,
Әнге бөлер тау ішін.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.(тоты)
- Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші: - Құстар екіге бөлінеді. Үй құстары және дала құстары
- Үй құстары: тауық, әтеш, қаз, үйрек, күрке тауық.
- Тотықұс – әлемдегі ең әдемі сұлу құстардың бірі. Олардың жүндері, қауырсындары түрлі –түсті болады.
-Ал,балалар,кім тауық жайлы біледі?
Құстардың етін, тауықтың жұмырқаларын жейміз. Олардың жүндерінен жастық жасайды.Құстардың баласын балапан деп атаймыз.
-Олай болса, бүгін біздер «Әтеш пен тоты» ертегісімен танысамыз.
Мнемокесте арқылы ертегіні мазмұндау
Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты.
Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен. Бір күні тоты әлгі кербез әтешке келіп:
Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімімде жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,-деп қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп тотықұс жасанып тұрып киініп алды да, қай мезгілде келетінін айтады.
Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр, дауысыңды естейін – дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін әтеш тотықұспен әдемі киімін іздеп, таң атысымен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.

Түсіндірме жұмыс. Қоқыраю-өзінше болу,ешкімге қарамай жүру.
Маңғаздану- айналасындағыларға қарамай
Жөні түзу-әдемі емес,дұрыс.
Дауыстап шақыр-айқайла.
Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын сұрау.
Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
-Әтеш немен достасты?
-Тоты әтешке берген сөзінде тұрды ма?
-Әтеш неге таң атысымен айқайлап шақыра береді екен?
-Досына солай жасауға бола ма?
Тіл ұстарту жаттығулары: Тар-тар-тар, Ұшып кетті құстар.
Еш-еш-еш , Шақырады әтеш.
Ты-ты-ты, Әдемі құс тоты.
Қостілділік: Құстар- птицы. Үй құстары-домашние птицы.
Әтеш –петух. Тоты-попугай.
Тиым сөздер: Құс ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Мақал айту: Құсы жоқ болса, көл жетім.
Елі жоқ болса, жер жетім
«Теріс айналған ертегі» әдісі
Шағын жүйелі деңгейдегі ертегімен жұмыс. Шағын жүйелі элементтерін дәйектілікпен өзгерту.
Мысалы: Ерте, ерте, ертеде бір әдемі тауық болыпты деп тәрбиеші айтса, балалар ертегіні жақсы түсінсе, «жоқ» тауық емес әтеш болыпты деп түзетеді.
-Жарайды дұрыс, әтеш болыпты. Ол барлық құстармен және жан-жануарлармен дос болыпты..
-Жоқ, ол ешқандай құстарменде, жан жануарменде дос болмапты. Оның жалғыз досы болыпты. Ол тотықұс екен деп балалар әрі қарай ертегі желісін дұрыс айта бастайды.
Сергіту сәті «Аңдар биі»(білімкидс)
ІІІ-Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?»
Мақсаты: Жануарлармен, құстардың қайда тұратынын дұрыс айтып және тауып орналастыру. Әтеш – тауық қорада. Тотықұс – торында. Құс ұясында, аю – апанда, құмырсқа- илеуінде, тышқан-інінде т.с.с...

Т

«Алақан» әдісі
Бас бармақ: Не ұнады?
Балан үйрек: Жаңа не білдім?
Ортан терек: Не жөнінде ойландың?
Шылдыр шүмек: Өз қоржыныма не аламын?
Кішкене бөбек : Не білгім келеді?
«Денсаулық» Білім беру саласы бойынша
Қимылды ойын: «Достастық»
Шарты: Музыка ойналады. Екі бала арқаларын бір-біріне түйістіріп тұрады. Аяқтарын топылдатып, ренжіген кейіп танытып, қабағын түйеді. Бір-біріне жымиып, қарайды да, қолдарын ұстап, көңілді айналады. Музыка тоқтағанда балалар күліп: «Татуластық, достастық» деп, бір –бірін құшақтайды.Ойын 2 рет қайталанады.
Күтілетін нәтиже:Құстар туралы біледі.Ертегі мазмұнын түсінеді.Мұқия тыңдап,сұрақтарға толық жауап беріп,ойларын бөлісе алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған Оқу Қызметі

шағым қалдыра аласыз