жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу қызметі. "Менің сүйікті отбасым"
"Ұлпан балабақшасы"
АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ
Білім беру
саласы: Әлеуметтік
орта
Тарауы: Қоршаған
орта
Тобы: "Балапан"
Тақырыбы: "Сүйікті
отбасым"
Өткізу уақыты: 12.02.2021
Тәрбиеші: Сәбитқызы Ф
2020-2021 оқу жылы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Күні: 12.02.2021
Білім беру саласы: Әлеуметтік
орта
Бөлімі: Қоршаған
орта
Тақырыбы: "Сүйікті
отбасым"
Мақсаты: Балаларға отбасы құндылығы
туралы түсінік беру, оны сүйе білуге, отбасы мүшелерін құрметтеуге
үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін, қарым-қатынас
дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттырып,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Білімділік: Балаларға өз отбасы мүшелері
туралы айтып, олардың қамқорлықтары туралы түсінік
беру.
Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмалар, ойындар,
әңгімелесу арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ойларын айқын,
емін-еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, кішілерді
құрметтеуге, қамқорлыққа, бауырмалдыққа, бір-бірімізге жақсылық
жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреті,
ақылды тақта, видеоролик,мозайка,ата-аналардың суреттері,ашық
хат.
Билингвалді компонент: отбасы-семья-family,
ана-мама-mother, әке-папа-father, әже-бабушка-grandmother,
ата-дедушка-granddad, аға-брат-brother,
әпке-сестра-sister.
Барысы: Сәлеметсіңдерме балалар?! Кәне
барлығымыз шаттық шеңберіне
тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені жазайық
Уық болып иіліп
Біз шаңырақ құрайық.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің
төбемізде не тұр, бұл қандай зат?
Балалар: Бұл
шаңырақ
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, ал
бұл шаңырақ астында кімдер тұрады?
Балалар: Әке,ана,әже,ата,әпке,аға.
(Отбасы мүшелерін атайды)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше
біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сүйікті отбасым» деп аталады бүгін біз
сендермен өз отбасымыз туралы әңгімелейтін боламыз. Орнымызға
жайғасайық.
Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың да өз
отбасымыз бар. Енді сол отбасы мүшелерін атап
өтейікші.
Балалар: Ата,әже,әке,ана,аға,әпке,іні.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Адамға ең
қымбат-Отбасы. Отбасында сыйластық, татулық, бауырмалдық,
кішіпейілдік болғанда ғана бірлік болады екен
балалар.
Ғажайып сәт. Сайқымазақ. (Әуенмен би билеп
келеді)
Тәрбиеші: Ойй балалар бұл ненің дауысы,
сендер естіп тұрсыңдарма?
Сайқымазақ: Сәлем-сәлемм қалайсыңдар
балалар көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Сәлеметсізбе көңіл күіміз
жақсы!
Сайқымазақ: Балалар сендер менің кім
екенімді білесіңдерме, мені таныдыңдарма?
Балалар Жоқ
Сайқымазақ: Балалар мен Сайқымазақпын
әрдайым адамдардың көңіл-күйлерін көтеріп жүремін. Ал бұнда не
болып жатыр барлығың әдемі болып киініп алыпсыңдар мереке болып
жатырма мен бұны неге білмеймін?
Тәрбиеші: Сайқымазақ келгенің жақсы
болды. Біз балалармен Сүйікті отбасым тақырыбында оқу қызметін өтіп
жатырмыз қаласаң сенде бізге қосыл.
Сайқымазақ: Ооо жақсы болар еді менде өз
отбасымды көрмегеніме біраз күн болып қалды сағыныпта қалдым
сіздермен отырып отбасыма деген сағынышты басып
алайын.
Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз тақтаға
назар аударайық. (видеоролик қосылады)
Тәрбиеші: Балалар, сайқымазақ біз ақылды
тақтадан не көрдік?
Балалар: Отбасы
мүшелерін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл отбасы
мүшелері.
Тәрбиеші: Олай болса балалар
Сайқымазақпен бірге бірінші тапсырмамызды орындайық. Ойй балалар
сендердің тапсырмаларыңды жоғалтып алдым, сендер
көрмедіңдерме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Қап әттеген-ай енді не
істейміз Сайқымазақтанда ұят болды ғой.
Сайқымазақ: Жоқ сіздер көңіл-күйлеріңізді
түсірмеңіздер мен сіздерге тапсырмаларды табуға көмектесемін. Қазір
мен бір сиқырлы сөзімді айтып көрейін мүмкін көмектесіп қалар.
(Фокус жасалады абрака-дабра деп шарды жарып тапсырмаларды алып
шығу керек.)
Тәрбиеші: Ой Сайқымазақ бұны қалай
жасадың рахмет саған .
1-Тапсырма.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бізге берілген
бірінші тапсырма ол отбасы мүшелерін бір үйге жинақтау екен
орындауға дайынбызба балалар?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар отбасы
мүшелерін дұрыс орналастырдыңдар.
2-Тапсырма.
Тәрбиеші: Олай болса балалар 2-ші
тапсырмамызғада келіп жеттік. Бұл жерде сендерге мозайка берілген,
сендер сол мозайканы құрастыру арқылы бір отбасының суретін
шығаруларың керек дайынсыңдарма балалар?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар барлығың
жақсы жасадыңдар , енді сендер дұрыс жасадыңдарма оны көру үшін
ақылды тақтаға қарайықшы барлығымызда осындай сурет шықты ма
балалар?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Керемет онда сендер бұл
тапсырманыда дұрыс орындадыңдар.
Сайқымазақ: Уффф балалар сендер
отыра-отыра шаршамадыңдарма, мен болсам зерігіп кеттім. Балалар мен
сендерге өзімнің биімді билеп берсем, сендер менімен бірге
билейсіңдерме?
Балалар: Иә
билейміз
Тәрбиеші: Олай болса балалар ортаға
шығып Сайқымазақтың бізге алып келген биін
билейік.
Сергіту сәті (Сайқымазақпен би видеоролик
қосылады.)
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар өздерің
биші екенсіңдерғой.
Тәрбиеші: Иә балалар тамаша биледіңдер.
Енді орнымызға жайғасайық.
Сайқымазақ: Ой мына сыйқырлы тақтада
кімнің суреттері ілініп тұр, балалар бұл сендердің ата-аналарыңның
суреттеріма?
Балалар: Иә
Сайқымазақ: Ойй қандай әдеміі. Балалар
маған бір ой келіп тұрғаны, сендер аналарыңды, әкелеріңді жақсы
көресіңдер ма?
Балалар: Иә
Сайқымазақ: Олай болса ата-анамызды қуанту
үшін ашық хат жасап оларға сыйға берейік.
Тәрбиеші: Өте тамаша ой екен Сайқымазақ.
Олай болса балалар мына сыйқырлы тақтадан өз ата-анамыздың суретін
алып ашық хат жасайық.
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Оййй жарайсыңдар балалар енді
осы ашық хатты үйге апарып ата-анамызға сыйға
береміз.
Сайқымазақ: Недеген ақылды балалар едіңдер
сендермен бүгінгі күнім керемет өтті, сендердің қастарыңда
қалғым-ақ келіп тұр бірақ маған қайту керек балалар сендерге
көп-көп рахмет мына қолымдағы шарларды сендерге сыйлық ретінде
бергім келіп тұр.
Тәрбиеші: Сағанда көп-көп рахмет
Сайқымазақ бізді ұмытпай жиі келіп тұр Сау
болыңыз!
Балалар: Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені
білді: Отбасы ол шағын мемлекет
екенін, отбасы мүшелерін кімдер құрайтынын
білді.
Нені
игерді: Отбасы қарым-қатынасының,
отбасы ол ең жақын адамдардың ошағы екенін
игерді.
Нені білу
керек: Отбасы мүшелері әрдайым
бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп, әрқашан тату болуды. Отбасындағы
әрбір адамның еңбегін бағалауды, бір-біріне құрметпен қарауды білу
керек.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген