Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: «Күз мезгілі бейнеленген картинаны қарастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:балалардың пейзаждық кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері: Білімділік: мәнерлік құралдарын бөліп көрсетуге үйрету. Дамытушылық: теңеулер мен салыстыруларды қолдануға жаттықтыру. Тәрбиелік: күзгі табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобындағы ұйымдастырылғаноқу қызметінің

технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күз мезгілі бейнеленген картинаны қарастыру»

Мақсаты:балалардың пейзаждық кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: Білімділік: мәнерлік құралдарын бөліп көрсетуге үйрету.

Дамытушылық: теңеулер мен салыстыруларды қолдануға жаттықтыру.

Тәрбиелік: күзгі табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын ояту

Сөздік жұмысы:_күз, табиғат,жаңбыр, жел

Керекті құралдар: _суреттер, плакаттар

Қостілдік компонент:күз – осень-autumn, табиғат – природа- nature, жаңбыр – дождь- rain, жел – ветер – wind


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық




Шаттық шеңбері:

«Достық» шеңбері 01-«Г»-№18

Достарменен бiр жолда6

Иықтасып жүремiз.

Қиындықта қол ұшын6

Берерiне сенемiз.


Күз туралы өлең оқиды:

Сап-сары күз соныменен келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Жылы жаққа топ-топ болып түзеді бет
,
Жаз қызығын көрген біздің құстар да.
Алма ағашты күз желі бір сілкіп ет,
Өз
і келіп дәл алдыңа түсті алма.
Қолқабас қып әке менен шешеге,
Балалар да рахатқа батады.
Ал күн шыға олар толып көшеге,
Мектептерге кетіп бара жатады.


-Өлеңде не туралы айтылған?

-Күзді тағы қалай суреттеуге болады?



Бәрі бірге айтады





Үстелді дөнгелене отырады.



Мұқият тыңдайды.















Күз мезгілі туралы айтылған.

Күз жаңбырлы. Күз суық.

Ұйымдастыру– іздестіру

Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.


Көздерін жұмып, күз мезгілін елестетеді.


Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме?

Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Суретпен жұмыс:

Тақтаға суреттерді іліп қояды.

Сұрақтарды қояды:

- Суреттерде қай жыл мезгілі бейнеленген?

- Неге сендер солай ойлайсыңдар?





-Сендер күз туралы орыс тілінде тақпақтар білесіндер ме?









-Суреттен тағы не көріп тұрсыңдар?

-Неге?

-Тиін не істеп жүр.

Сөздік жұмысы:

күз – осень-autumn, жаңбыр – дождь- rain, жел – ветер - wind

Сергіту сәті:









Көздерін ашады. Балалардың жауабы





Сұрақтарға жауап береді.




Күз мезгілі бейнеленген




Өйткені жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Жемістер мен көкөністер піседі.

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күн суық.


За красу мы осень

И за щедрость любим:

Ведь она приносит

Урожай всем людям!

 

Осень так богата,

Пахнет вся медами,

Славит край наш добрый

Хлебом и плодами!


Балалар қолшатыр ұстаған.

Өйткені жаңбыр жауып тұр.

Ағаштан ағашқа секіріп, өзіне азық жинап жүр.


Жеке-жеке қайталап айтады, жаттайды.

Бұлт қабағын түйіп ап,
Бүркеп алды аспанды.
Тырс - тырс тырсылдап,
Жаңбыр жауа бастады.

Күнге қолды созамыз
Күннен жылу аламыз
Бойымызға таратып,
Біз көңілді боламыз.

Балалардың еркін жауабы.


«Жаңбыр» қимылды ойыны:

Музыка ырғағымен жүгіріп жүреді, музыка тоқтаған кезде отыра қалу керек (3-4 рет ойнатады)

Халық болжамдары:
- Жыл мезгілдеріне байланысты халық болжамдарын білесіңдер ма?
- Қараша айында кемпірқосақ көрінсе қыс қатты болады. Көктем жаңбырлы болады.

- Қараша айында қар ерте түссе көктем ерте түседі.

-Қарашада маса ұшырасса көктем ерте келеді.


Музыка ырғағымен жүгріп жүреді, музыка тоқтаған кезде, отыра қалады.



Тыңдайды, естеріне сақтайды.


Рефлексивті–

түзетушілік


Қорытынды:

- Қай мезгілі туралы әңгімелестік?

- Қандай ойын ойнадық?

- Күзде нелер піседі?

Рефлексия:

Бүгінгі көңіл-күйлері жақсы болса, сары жапырақтарды алуды, көңіл-күйлері болмаса, жасыл жапырақ алуды ұсынады.

«Жүректен жүрекке»

Күн ашылды.
Даламдай кең пейілім,
 Жүрегім толы мейірім.
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалардың еркін жауабы.










Шеңберде тұрып, бәрі бірге айтады.


Күтілетін нәтиже:


Білу керек: күз мезгілінің байлығын, жомарттығын, табиғаттың жағымды, жағымсыз пайдалы, зиянды кезеңдерін

Болу керек: табиғатқа байланысты халық болжамдары туралы, жыл мезгілдері туралы мағлұмат.

Істей білу керек:тапсырманы дұрыс орындауды, күз мезгілін сипаттауды, салыстыруды.


Тәрбиеші: Жетписова Г.Т.

Тексерді:______________










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12