Ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: қарындаш ізің салайық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыбы: қарындаш ізің салайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы балаларға арналған сурет салудан оқу іс әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары:шығармашылық, коммуникация.

Бөлімі:сурет салу.

Тақырыбы:Қарындаш ізін салайық.

Мақсаты:сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:үш саусақты арасына қарындашты дұрыс ұстауға үйрете отырып,

көлденеңінен, тігінен сызықтар сызуды үйрету. Қағазбен, майлы

қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу, ұсақ саусақ

моторикасын дамыту, балаларды ептілікке үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

біледі:түстерді атап, түзу сызық салуды;

түсінеді:қарындаш туралы, оны дұрыс ұстап, қағазға із қалдыруға

болатынын және онымен іс-әрекет жасайтынын;

қолданады:қарындашпен сызық сызуды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: №1«Қарындаш ізін салайық»

демонстрациялық материалдар, «Қарындаш ізін салайық» үлестірмелі

материалдар, түрлі түсті қарындаштар және «қарындаш» ойыншығы.

Сөздік жұмыс: қарындаш.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балалардың назарын өзіне аударады. Ертегі айтып береді.

– Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін.

Ерте, ерте, ертеде... бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне, мынадай екен (қорапты

көрсетеді). Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне тоқталып

өтеді де), оның ішінде не бар екен? (Қорапты қозғалтып, ішіндегі

қарындаштарды тықырлатады).

Сөздік жұмыс: қарындаш.

2. Негізгі кезең.

– Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы қорап болды.Өйткені,

ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді. Кәне, ашып көрейік, – деп майлы

қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп, – бұл таяқшалардың түстері де сан

алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып, балалардан

олардың түсін сұрайды).

– Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр. (Олар қағаз бетіне кезек-кезек

шығып би билеп, «Көңілді із» қалдырмақшы болады). (Қағазбен

таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып, келесі сұрақтар қояды).

– Мынау не?

–Түсі қандай?

Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады, бірақ қарындашты өте

қатты басу қажет емес. Егер қарындашты қатты бассақ, қағаз жыртылып

қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып

үйренеміз.

– Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай

бірнеше түзу сызықтар жүргізеді).

– Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштың ізі, кім айтады? Қызыл,

көк, қара сызықтарды сызғанда қолды батыл, үзіліс жасамай жүргізіп

көрсетіп, балалардың қол, саусақ қимылдарын жетілдіруге көңіл аударады.

Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, 2–3 рет ауада сызық жүргізеді.

Сурет салу тәсілін түсіндіреді

– Үш саусағымызбен қарындашты ұстап солдан оңға және жоғарыдан

төмен қарай сызықтар саламыз. Сурет салу кезінде қарындашты қатты басуға

болмайды.

Солдан оңға қарай және жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар

салады.

–Қандай әдемі түстер!

Қандай қарындаштың іздері екенін кім айтады?

Сергіту сәті.

«Өзіңе ұнайтын түсті тап!» ойынын ұйымдастырады.

Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.

Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды

пайдаланып, әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды жинап,

орнына қойыңдар. Қарындаштарын жинатады. Қағаздарды педагог жинап

алады да, қарындашпен салынған суреттерді балаларға көрсетіп, әрқайсысын

бағалап әңгімелейді.

3. Рефлексия.

Педагог балалардың жұмыс барысын бақылап, басшылық жасап, бағыт

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі