Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме. «Халықтар достығы»
Мақсаты: Суретке қарап қысқа мәтін құрауды үйрету.
Міндеттері: Білімділік: Өз
ойларын толық, еркін жеткізе білуге жетелеу. Граматикалық дұрыс
сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Әртүрлі ұлт өкілдері бейнеленген суреттер, «Бірлік күні»
тақырыбына сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмысы: ынтымақ.
Қостілдік компонент: Достық-дружба, бірлік-единство,
ынтымақ-согласие.
-
|
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
«Балабақша!»01-«Г»№1
Өлең
оқиды:
Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Гүл
бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ
көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық
халық бейбіт күнді қолдасын.
-Өлеңде
не жайлы айтылған?
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
|
Бәрі
бірге айтады.
Үстелді
жағалай отырады.
Мұқият
тыңдайды.
Өз
түсінгендерін айтады.
-Біз Қазақстан Республикасынада
тұрамыз.
|
|
Ұйымдастыру-
іздестіру
|
Әңгімелеу.
-Біздің елімізге әртүрлі ұлт өкілдері тұрады
екен (слайд көрсету).
Біздің Республикамызда әртүрлі ұлт өкілдері бір
шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді.
Олар: орыс, татар, кәріс, ұйғыр,
дүнген.
(суреттерін көрсетеді)
Әрқайсысының ұлты, діні бөлек болса да, бір туғандай болып кеткен.
Бір-біріне құрметпен қарайды. Барлық мерекелерді бірлесіп атап
өтеді. Әсіресе мамырдың алғашқы күні өтетін мерекенің орны
ерекше.
1Мамыр
–Бірлік пен ынтымақ күні.
Сөздік жұмысы:
:Ынтымақ –
бірлік, татулық, достық деген
мағынаны
білдіреді.
-Достықты орысша қалай атайды?
-Ал, бірлікті орысша «единство» деп
атайды.
-Ынтымақты «согласие» деп атайды.
Тақтаға
«1-Мамыр» мерекесі тойланып жатқан сюжеттік сурет іледі.
-Суретте не
бейнеленген?
|
-Мұқият, қызығушылықпен тыңдайды,
қарайды.
Қайталап
айтады.
-Достықты орысша «дружба» деп атайды.
Бірнеше
рет қайталап, естеріне сақтайды.
Мұқият
қарайды.
Суретке қарап, өз ойларын
айтады.
|
|
|
-Қандай
мерекені тойлап жатыр?
-Адамдар
қандай киімдер киген?
Дидктикалық ойын: «Мақалды аяқта»
-
Бірлік
болмай
Тірлік ............
-
Бірлігі
жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ....
озады.
-
Ырыс
алды ...........
-
Тірлік,
тірлік түбі-.......
-
Жұмыла
көтерген жүк ......
Айтылған
мақалдардың мағынасын түсіндереді.
Сергіту сәті:
Ұнаған
екі мақалды жаттап алуды ұсынады.
Дидактикалық ойын: «Ойлап, тап»
Әртүрлі
ұқсастар айтады, қандай әріп жоқ екенін тауып айтуды ұсынады.
1.Ерде бар,
Елде жоқ.
2.Желде бар,
Жолда жоқ.
3.Атта бар,
Отта жоқ.
4.Суда бар,
Буда
жоқ.
|
1 Мамыр
күнін тойлап жатыр.
Әр
ұлттың киімін киген:орыс, қазақ, украина.
-Болмас
-ел
-ынтымақ.
-Бірлік
-жеңіл
Өз
түсінгендерін айтады.
Қандай
жақсы қыз бала,
Бүрмелі
көйлек кигені,
Кәзекейі
оюлы.
Ояды
екен гүл шоғын, Қошқармүйіз, құсқанатын,
Толқын
деген оюды.
Бірнеше
рет қайтталап, жаттап алады.
Мұқият
тыңдайды.
-р
-е
-а
-с
|
|
Рефлексивті-
реттеушілік
|
Қорытынды:
-Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?
-Бірлік
пен ынтымақ мерекесін қай күні атап өтеміз?
-Оларды
бір сөзбен қалай айтуға болады?
-Бұл мерекені сендер жанұяларыңмен қалай атап
өтесіндер?
«Жүректен-жүрекке»01-«Ж»№32
Балалардың достығын
Көрстейік біз бүгін!
Әлемдегі
барлық жанға айтамыз,
Татуласып жүрген
жақсы, байқадым!
|
Сұрақтарға жауап береді.
Өз
ойларын айтады.
Барлығы бірге шеңберге тұрып,
айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу
керек: Мемлекеттік мерекелер
туралы, олардың ерекшеліктері, маңызы жайлы.
Болу
керек: 1-Мамыр мерекесі жайлы
түсінік.
Істей
білу керек: Сурет бойынша бірнеше
сөйлем құрай білуді, өз ойын толық жеткізе
білуді.