жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Қызықты математика
БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК
«Таңшолпан» ересекетер тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Қызықты математика
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Математика негізі
Мақсаты:1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау,кеңістікті бағдарлау,көп-аз ұғымдарын бекіту,санамақтар айтуға баулу,танымдық қабілеттерін арттыру
тәрбиелік:балаларды зейінділікке,алғырлыққа тәрбиелеу
білімділік:білімге құштарлықтарын арттыру,ой-өрістерін кеңейту
дамытушылық:логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойындар
Көрнекіліктер:суреттер,сандар,асықтар,үлестірмелі материалдар
Қостілділік компонент:неше-сколько,сиқыршы-волшебник,санамақ-считалка
Барысы: Шаттық шеңбер
Армысың,көк аспан!
Армысың,жер-Ана!
Қайырлы таң,достарым,
Қайырлы таң,бақшамыз!
I.Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі.
-Балалар,таңертең біздің топтың алдынан мынадай әдемі қорапша тауып алдым.Сосын бәріміз бірге бұл қорапшада не бар екенін көрейік деп алып келдім.Бірақ,қорапшаның қақпағы ашылмай тұр,соған қарағанда бұл жай қорапша емес сияқты.
Сол кезде бөлмеге қолында таяғы бар Сиқыршы жүгіріп кіреді:-Мен қорапшамды жоғалтып алып едім,мені сиқырлы таяқшам осында алып келді.Мынау менің қорапшам ғой,қайтарыңдар маған!(қорапшаға ұмтылады).
-Сәлеметсіз бе,сиқыршы,кешіріңіз,біз бұл қорапшаны тауып алдық,сізге қайтарамыз.Бірақ ең алдымен,оның ішінде не бар екенін білгіміз келген,онымен қорапша ашылмай тұр.Мүмкін,сіз бізге көмектесерсіз!
-Ой,сәлеметсіздер ме,балалар,мені кешіріңіздер.Әрине,көмектесем,өйткені,бұл қорапша менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңыздар ғана ашылады.Ендеше,дайынсыздар ма?
-Дайынбыз!
II.Ұйымдастыру-ізденушілік кезеңі.
-Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз математика негізі,біздер сиқыршы тапсырмаларын орындау арқылы өз білімімізді көрсететін боламыз.
Сиқыршының тапсырмалары
а) Логикалық сұрақтар:
-Қол ұзын ба,жол ұзын ба?
-Аю үлкен бе,қоян үлкен бе?
-Ағаш биік пе,бұта биік пе?
-1саны көп пе,5 саны көп пе?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
ә) «1-ден 5-ке дейін тура және кері сана»
Балалар кезекпен шығып,екі тілде санайды.(орыс және қазақ тілінде)
б) «Адасқан сандар»(асықтар арқылы)
Ретсіз орналасқан сандарды асықтар арқылы ретімен қойып,орналастырады.
в) «Кім санамақ біледі?»
Балалар кезекпен шығып,санамақ айтады:
1.Бір дегенім-бірлік,
Бірге ойнап,күлдік.
2.Екі дегенім-есті,
Ел жайлауға көшті.
3.Үш дегенім-үскі,
Ұшып жерге түсті.
4.Төрт дегенім-төсек.
От жағамын көсеп.
5.Бес дегенім-бесік,
Бөбек жатар өсіп.
Жарайсыздар,балалар,енді орнымыздан тұрып,сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті
1 дегенде тұрайық,
2,3,4.Алақанды ұрайық.
Сол жаққа бұрылып,
Оң жаққа бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Тапсырма орындауды жалғастырайық.
г)Д\о: «Санға сәйкес суретті орналастыр»
Балалар алдындағы жолақшаларға берілген нұсқаулыққа сәйкес суреттерді жолақшалардың жоғарғы,төменгі жақтарына және ортасына орналастырады.Және суреттер санын айту арқылы көп,аз ұғымдарын бекітеді.
д)Д\о: «Көбелектің қанатында неше шеңбер орналасқан?
Сиқыршы:Жарайсыңдар,балалар!Менің тапсырмамның бәрін дұрыс әрі тез орындадыңдар,ақылды,білімді балалар екенсіңдер!
Сіздерге алғысым ретінде қорапшамды сыйға беремін.Сау болыңыздар,мен қайтайын(шығып кетеді).
III.Бағалау кезеңі.
-Балалар,бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
-Ұнады.
-Тапсырма орындау арқылы қандай математикалық ұғымдарды еске түсірдік?
-Тура және кері санау,санамақ айту,кеңістікті бағдарлау,көп,аз ұғымдарын
-Жарайсыздар,балалар,енді сиқыршының қорапшасы ашылды,ішінде түрлі-түсті бояулар бар екен,сыйлықты қабыл алыңыздар!
Осымен оқу қызметіміз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген