Материалдар / "Ұжымдағы қарым-қатынас" психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұжымдағы қарым-қатынас" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұжымдағы қарым-қатынас" психологиялық тренингі ұжымдағы ауыз біршілік пен қарым-қатынасты нығайту үшін жақсы. Мен өз ұжымыммен педагогикалық кеңесте өткіздім. Мұғалімдер белсене қытысып, өздері туралы, әріптестері туралы ақпарат алды, және маған рахметтерін айтты. Егер жаңадан жұмыс жасап жүрген психолог ханымдар болса, осы материалдың азда болса көмегі тиіп қалар деген оймен сайтқа жариялауға бел будым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2019
5573
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байгожина А.Е. «Ұжымдағы қарым – қатынас» психологиялық тренинг

Тақырыбы:  Педагогикалық ұжымның қарым – қатынасы

Мақсаты: мұғалімдерді өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Міндеттері:
Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар:  түрлі –түсті шарлар, стикер, жапон әліппесі.


Педагог-психолог: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.
Олай болса, тренингімізді бастаймыз.

1.Сәлемдесу   «Жапон әліппесі»  жаттығуы

А – ка     З – з      П – но    Ц – ми    Б – зу       

И – ки    Р – ши   Ч – кэ    В – ру     К – мэ  

     С – ари   Ш,Щ – хи    Г  - жи    Л – та   Т – чи                 

      Ь,Ъ,Ы – зук    Д – тэ    М – рин     У – до            

     Э – мэй    Е – ку    Н – то       Ф – лу   Ю – фу

     Ж – су     О – мо    Х – ри       Я – на

Мұғалімдер осы әліппе арқылы өздерінің есімдерін жапон тілінде жазып, айтып шығуы керек. Мысалы:  Бегайым деген жапон тілінде -Какизукрин, Айнур деген-Какитодоши.

2. Қыздыру жаттығуы «Өзін-өзі бағалау».
Мақсаты: шаршағандықты басу, психологиялық және коммуникативтік жайлылықты жасау, әріптестеріне деген қызығушылығын ояту.

Тапсырма.
1. Сіздің басым эмоциялық күйіңіз ұжымдастарыңмен жағымды қатынасқа түсуге көмектеседі деп ойласаңыз –
шапалақтаңыз,
2. Егер сіз айналадан қандай дыбыстар шықса да, тек жақсы сөздерді еститін болсаңыз –
көршіңізге күлімсіреңіз;
3. Егер сіз әр адамның жеке өзіндік эмоциясын білдіру стилі болатынына сенімді болсаңыз –
мұрныңыздың ұшына қол тигізіңіз;
4. Егер сіз дүкенде сатушы күлімсіремеді деп, ұсынылған киімді киіп көруден бас тартсаңыз –
басыңызды шайқаңыз;
5. Адамдармен келіспеушілік болған жағдайда, сіз дауласудан бас тарта алмасаңыз –
аяқпен тарсылдатыңыз;
6. Егер сіз ашуыңызды жұдырықпен ұрып білдіретін болсаңыз -
өзіңізді құшақтаңыз;
7. Егер сіз таныстарыңызды өзгеше әрекетпен таңғалдыратын болсаңыз —
қолыңызды бұлғаңыз;
8. Егер сіз кейде өзіңізге тиесілі жақсының барлығын кейде ала алмайтын болсаңыз –
аузыңызды қолыңызбен басыңыз;
9. Егер сіздің басыңыздан өткеріп жатқан теріс эмоциялар тек жағымсыз әсер көрсететін болса –
басыңызды изеңіз;
10. Оқушыларыңыздың эмоциясы сіздің эмоцияңызға байланысына сенімді болсаңыз-
«иә» деп айтыңыз.



3. «Ашулы шарлар»
Шарты: 9 қатысушы ортаға шығып, бір - бір шарды үрлеп, ұстап тұрады;

3 қатысушыға шарды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек. Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
- Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
3 қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
- Енді қалған 3 қатысушы шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу - ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.

Қортынды: әріптестер адам сезімін, эмоциясын бақылай білу әркімнің өз қолында, тез ашуға, эмоцияға бой алдырмайық! Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын, үлкен рахмет айтамын!

4. Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?


«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу

Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!


«Күн шуағы» жаттығуы
Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.


Қатысқандарыңызға рахмет!












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!