400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлан даланың ұлы жыршысы »

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен өткізген конференцияны пән мұғалімдерімен болису максатында жиберип отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарысу ауданы Өндіріс ауылы Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мырзахмет Балқия Серікбайқызының 10-11сынып оқушыларымен өткізген конференциясы

Тақырыбы:«Ұлан даланың ұлы жыршысы »

Мақсаты: Абай өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Абайды оқуды одан әрі жаңартып, білімін толықтыруға, ізденушілікке ықпал жасау, бағыт беру. Абай шығармашылығын оқи отырып, халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,проблемалық, іздендіру, зерттеу.
Көрнекілігі: Абай портреті,кітап көрмесі, сызбалар

Барысы:

Қазағымның данышпаны, данасы,

                    Ұлы тұлға Құнанбайдың баласы.

                    «Абай» атты бір періште келгенде

                    Тербеліпті ұлы қазақ даласы.

         Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі біздің «Ұлан даланың ұлы жыршысы » тақырыбындағы конференцияға қош келдіңіздер! Ұлан даланың ұлы жыршысы болған, қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға Абай атамыздың туғанына биыл 170 жыл толып, республика көлемінде ұлы ақынның мерейтойы аталып өтуде . Ұлы ақын туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай- қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай-әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» -деді.

Абай- қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ саз өнерін жаңа биікке көтерген ұлы тұлға.

Абай - қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға. ( Н.Ә.Назарбаев)

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,

Қазақтың қос арысы, қос данасы.

Қалайша бас имессің оған, сірә.

М.Әуезов бір ғана Абайды немесе оның әулетін ,ағайындық айналасын жазып отырған жоқ, ол бүкіл қазақ халқын,оның ішінде сол ұлы адамның ХIХғасырдағы бүкілтұлғалық бейнесін, халықтың бүкіл халықтық салтын, Абай өмір сүрген заманды бүге -шегесіне дейін қалдырмай көз алдымызға керемет көріністерімен жайып салды.

Ендеше 10-сынып оқушылары дайындаған "Абай жолы" романынан көріністі тамашалайық.(Алғашқы кездесу. "Абай жолы" романының бір фрагменті бойынша көрсетеді.)

Бүгінгі конференцияда Абайды әлемге танытқан, Абай арқылы қазақты танытқан ұлы жазушының " Абай жолы" романы туралы ой бөліспекпіз.Сөз кезегі 10-11-сынып оқушыларына беріледі.

Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын, оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?


Әр елде, әр кезде халық-анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық-анасының есімін , өзінің үздік таланты , өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі -

М. Әуезов. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған , інжу –маржандай жалтылдаған, сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан , халық өмірін жырлауда гректің “Илиадасымен” тең түсетін “Абаймен” әлем халқын шарлауда. Жер-жер,түкпір-түкпір танып жатқан , бас иіп жатқан Мұхаңның "Абайын" бүгінгі қазақ оқырмандары ,оның ішінде мектеп оқушылары оқуымыз керек.Сондықтан да бүгінгі конференцияға белсене қатысып,өз ойларын ортаға салған оқушыларға алғыс айта отырып, кел, жас достар,

Мұхаңның ғажайып "Абайын" халқымыздың ақ арындай қастерлеп, ақ жүрегіндей қадірлеп оқиық! Ол біздің жүрегімізде өзінің кемеңгерлігімен, мәңгі-бақи өшпес жалынымен маздай берсін демекпін!

                   Жастайынан алғыр болған нұр болған,

                   Ұрпақтарға ұлағаты жыр болған,

                   Ұлы жолды бастаған сен Абайсың,

                   Оқып, біліп осы біздер сыр қылған.

                   Халқым сені есте ұстар мәңгілік,

                   Есімің де тұр әлемде жаңғырып,

                   Сенің еткен еңбектерің халқыңа

   Мына өмірде біздер үшін жаңғырық, -

деп «Ұлан даланың ұлы жыршысы » тақырыбындағы конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 шілде
870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі