Жоба
Балалар жылы аясында өтетін
«Ұланымыз ұлы елдің» Х қалалық слетінің сценарийі
Өтетін күні: 23 желтоқсан, 2022 жыл
Өтетін орны: Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі, АКТ зал
Салтанатты кеш өтетін орын алдын-ала әзірленіп, лед экран, көрме даярланады.Ұйымға өтетін оқушылар залға орналасады.
І-бөлім. Слеттің салтанатты ашылуы. Жас Ұлан қатарына қабылдау рәсімі
Фанфар. Ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті достар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
1-жүргізуші: Жас ұлан ұйымының дәстүрлі «Балалар жылы» аясындағы «Ұланымыз ұлы елдің» Х қалалық слетіне қош келдіңіздер!
(Лед экраннан тақырып тұрады)
2-жүргізуші: Сыр өңірінде 114 мыңнан астам жас ұлан болса, Қызылорда қаласы бойынша 32780 оқушы ұйым мүшелігінде. Бұл дегеніміз қаладағы оқушылардың 46,80 % жас ұландықтар деген сөз. Елбасының бастамасымен қуаттап құрылған «Жас ұлан» ұйымы балаларға жаңа ойлар әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін әкелді. Осы уақытқа дейін балалар әлемінде игілікті істер атқарған жас ұландықтар үлкен жетістіктерге жетті.
(Елбасының ролигі)
1-жүргізуші: Қызылорда қалалық «Жас ұлан» ұйымының мүшелері қашанда қайырымды істердің қасынан табылып, халқына пайдалы, өзіне мақсат тұтқан игі істерін ойдағыдай атқарып келеді.
2-жүргізуші: Біз жас ұлан өнегеміз,
Ұл-қызына әлемнің.
Бізден ізгі үлгі алады,
Балалары бар елдің!
1-жүргізуші: Парызымыз-Ұлы Отанға адалдық,
Бойымызда бар өскіндік,балалық,
Барша жанға үлгі –өнеге боламыз,
Біз -Жас ұлан адалдықтан жаралдық!
Ұланбасы: Жас ұлан,Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
Жас ұлан ұйымының туы кіргізілсін.
Ту кіргізіледі. Жас ұлан гимні (Әнұран)
Ұланбасы: Жас ұлан, Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
- Құрметті Жас ұландықтар! «Ұланымыз Ұлы Елдің» Х қалалық слетіне дайындықтары туралы рапорт тапсырылсын!
-Құрметті қалалық «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы!
Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының 5-сынып оқушылары «Балалар жылы» аясында өтіп жатқан «Ұланымыз Ұлы Елдің» Х қалалық слетіне қатысуға дайын.
Рапорт тапсырылды.
Ұланбасы: Рапорт қабылданды.
(Барабанный дроб)
1-жүргізуші: Құрметті жас ұландар! Бүгінгідей салтанатты өздеріңмен бөлісуге құрметті қонақтар келіп отыр.
2-жүргізуші:Қонақтармен таныстыру.
1.
2.
3.
4.
5.
Жастар ұйымдарының мүшелері және баспасөз өкілдері қатысуда.
1-жүргізуші:
Достар сіздер үшін арнайы бас қаладан Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Тайбасарқызының құттықтау лебізін назарларыңызға ұсынамыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ант беру рәсімі.
Ұлан басшысы: Біз Отанның Ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы,
Ант беруге дайын бол!
А Н Т
Мен, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ,біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін!
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1-жүргізуші: Қызылорда қалалық «Жас ұлан» ұйымына қабылданғалы отырған оқушыларға галустук тағу рәсіміне құрметті қонақтарымызды ортаға шақырамыз!
Галустук тағу рәсімі!
Барабан дабылымен галстук тағылып болған соң:
-Сыр елінің Жас ұланы! Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге дайын бол!
Оқушылар: Әрқашанда дайынмын.
Шапалақ. (Керемет, Тамаша,Жарайсың)
Ұланбасы: Жас ұлан! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!
Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.
Ту шығарылады
1-жүргізуші:Құттықтаймыз, құрметті жас ұландықтар! Аға ұрпақ өнегесін жалғастыратын табыстарыңыз толағай болсын!
2-Жүргізуші: Ел ертеңі мына сіздер болашақ,
Ұландарсың өзгелерден дара ,сап
Мойныңызда көк галстук желбіреп,
Ұлы істердің басында жүр мөлдіреп!
1-Жүргізуші: Құрметті Жас Ұландықтар! Берген Уәделеріңе, болаттай берік болып, әрқашан Тәуелсіз еліміздің туын көкте желбірете беріңіздер!
2-Жүргізуші: Құрметті қонақтарымызды жас ұландықтармен естелік суретке түсуге шақырамыз!
Суретке түсу рәсімі.
(оқушылар орындарына отырады )
«Сымбаттым» би тобының орындауында «Үнді» биі қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Ұйым мүшесі болғандарыңыз құтты болсын, достар! Ұлы елдің Ұландары, сіздерден жарқын болашақ үшін игілікті істер мен жаңа бастамаларды күтеміз! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Соңы: Жас ұландар әні
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұланымыз Ұлы елдің"

шағым қалдыра аласыз