Дөңгелек
үстел 10-11 сынып
Тақырыбы:
Ұлды ұясында баулы
Мақсаты: оқушыларды
әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандық
пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа
баулу, ата- аналарға ұлтымызға жат
қылықтардан ұл мен қыз баланы
қорғау
қажеттігі туралы ой салу, ортаға ой
салу барысында бала тәрбиесіне көңіл
бөлу
Түрі: пікірлесу
Көрнекіліктер:
интерактивті тақта , тәрбиеге байланысты
нақыл сөздер
Әдістері: Ой
қозғау, сұрақ-жауап, болжау әдісі,
релаксация
Барысы:
І
Ұйымдастыру кезеңі
ІІ
Кіріспе
Тәрбие
үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс
десек , отбасынан басталатын тәрбие
мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың
отбасында өмірге келген әр бала ес
біліп, етек жыйғанша , негізінен әке мен
ананың тәрбиесінде болады.
«Өз
балаңды өскенше, немереңді өлгенше» ,«
Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті»
деп халық даналығы айтқандай, ата мен
әже үшін немеренің орны бөлек.
1.
Ата мен әженің қазіргі таңдағы бала
тәрбиесіндегі үлесі қандай?
2.
От басындағы сыйласым рәсімін қалай
түсінесіздер?
Қазағымның
салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлім
ой тәрбие көзін қалдырған
Салт-дәстүрді
ардақтайық ағайын
Қазақ
атты үлкен кіші балдырған
Осы
көріністер бойынша не айтар едіңіздер?
Ой
толғау ( Оқушыларға мәтіндік
сұрақтар)
1.
Жаздың әдемі бір күнінде бір кісі өзінің
баласымен бақшаға барып, екеуі егілген
ағашты көреді. Сонда әкесі баласынан
былай деп сұрайды: «Мына ағаш неліктен
тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?»
2.
«Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап
апарып келсең де, өтей алмайсың?»
деген
ұғымды қалай түсінесің?
Ұлт
мұратының ұлы байлықтарының бірі – жас
ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып
кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін
мәселе.Батыр Б. Момышұлы «Тәрбие-тәртіптің
құлы» десе , ақын О.Сүлейменов «Адам
тағдырын тәрбие шешді» деп жазады. Бәрі
де шындық.
Тәрбие
кешіктірілсе кешірмейтін, дұрыс бағыт
алмаса, қалпына қайтіп келмейтін нәзік
те, кәделі де сауатты, игілікті деізгілікті
іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен,
келешегімен кемел болса, мұның мөлдір
бастауы, алтын тамыры-тәлім тәрбие
ісінде жатыр.
1.Қыз
бойынан қандай қасиеттерді көргің
келеді?
2.
Қыздарға байланысты қандай мақал-мәтел
білесіздер?
Сергіту
сәті. Мына ғажайып табиғат
көріністерін тамашалап, бой сергітейік.
1.
« Сәби-ұл-Отан қорғаушы-әке-ата» сөзінің
мағынасын ашу.
2.
Көбінесе, бала тәрбиесінің жауапкершілігі
әрбір отбасында әйелге жүктеледі. Ал,
ер азамат көбінесе, материалдық тұрғыдан
қамтамасыз ету рөлін атқарады. Қалай
ойлайсыз, қыз баланың тәрбиесімен –
анасы, ұл баланың тәрбиесімен — әкесі
айналысуы тиіс сияқты ма?
Оқушыларға
сұрақтар
1.
«Әке – асқар тау,
Ана
– бауырындағы бұлақ,
Бала-
жағасындағы құрақ» деген ұғымды қалай
түсінесің?
Болжау
әдісі:
— Бірде
көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«Балапандарым,
мен сенднрге бір жұмбақ айтайын, сендер
соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз
ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа
өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құйрыққа
күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер?»
Қорытынды.
Қазіргі
жас өркен – мемлекетіміздің болашағы.
Сондықтан да , балаға – бір отбасының
ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы
деп қарау керек сияқты. Ұлы Абай атамыз:
«Баланы ең алдымен ата-анасы , сосын
ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы
тәрбиелейді» деген екен.