ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ө.Жәнібеков атындағы №19 жоббм
Тақырыбы: «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау»
Авторы: Есенова Р.Ж
Пәні: Математика
Шымкент-2025
Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, «Математиканың қорғаның тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек ету керек
Мақсаты:
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Өзектілігі:Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру
Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді. Ұялшақ, тұйық балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән.
Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады.Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізудің тиімді тәсілі- топтық жұмыс.
Топпен жұмыс кезінде көптеген жаңа қырларынан оқушылар өздерін көрсете алды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артып түгелдей белсене қатысатын болды. Мысалы: жеке жұмыс барысында сабаққа немқұрайлықен қарайтын , қызығушылықтары төмен топтық жұмыста ыңталары артып, ой өрістері дамып, жаңа қырларынан ашыла бастайды, оқушылар топтық жұмыс кезінде өзіне деген сенімділігі,сұраққа жауап беру жылдамдығы, сыныптастырының алдында қысылу мінезі жоғалып, өзін –өзі еркін ұстай алатындығы байқалды.Оқушының өзіне ғана емес, топқа деген жауапкершілігі бар екені де байқалды. Топпен жұмыс жасау кезінде оқушылар топта басқа балалармен ой бөлісіп, өз ойын ортаға салып, жеке ой бары байқалды. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы күшейіп, топпен ұйымшылдық , келісімділік , бір- біріне деген сенімділік , өзара пікір алмасу , түсіністікпен қарау ,бір-біріне сенім арту белсенділігі байқалады.
-
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталар жүйесі
-
Оқу мақсаты: 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;
-
Әдіс тәсілдер
-
«Алдын-ала берілген атаулар»
-
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануы сұралады. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
-
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады.
Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:
1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу,
2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.
Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады. Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
1.Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар;
2.Нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл – ой әрекетін белсендіруге,сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
-
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлінеді. Осы аралықта 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9-11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарның көмегі тиеді. Тәжірибеге сәйкес оқушылардың төмендегідей есептерді шығару барысында функционалдық сауаттыллықтары дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады.
-
№ 1. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не шығын көрді? (1000 тг пайда)
-
№ 2. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)
-
№ 3. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде есек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, есек те бар? (30)
-
№ 4. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланның алдында 51 адам бар болса, онда қатарды неше адам болғаны? (65)
Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады. Ойын- балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және білімділікке үйренеді.Сондықтан математика сабағындағы ойын арқылы білімін шыңдап ой өрісін кеңейте алады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді , мінез- құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Деңгей бойынша сараптау ой еңбегінің дамуына байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады. Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері: 1- топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ. Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ. Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар. Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс. Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет. Оқу материалын қорытындылап , бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар беріледі.Мысалы, математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың «Разрядтық қосылғыштарға жіктеу» тақырыбы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, орташаларға кестені құруды,ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толтыруды тапсыруға болады. Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын: тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды.Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады . Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады. Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу , сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа тоқталайық:
-
Математика – ғылым болысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – куре тамыры ретінде қарастырылады.
-
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
-
«математикалық сауаттылық» ауызша жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгеру қабілетін шыңдайды.
-
Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
-
Математика болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық сызбаларымен қосындыларын жинақтауда. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл педагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір он сегізінші ғасырда пайда болған [4].
Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:
- жеке жұмыс карточкасы, тесттер, өзгертілген тапсырмалар, тренажер-карточкалар, шығармашылық тапсырмалар, ақпарат-карточкалар, есептің шешім үлгілері бар карточкалар, конспект-карточкалар.
Ұстамдылық алгоритмі:
1. Баланың психологиялық дамуы бойынша не білу қажет: түсіну (жолдары - кинестетикалық (дене қозғалысы мен мимика), есту, көзбен көру) назар аудару (ерікті, еріксіз) ес, зерде (вербальды, вербальды емес Вербальды қарым-қатынас -. тіл (есту) арылы байланыс, вербальды емес - қимыл тілі)
2. Әр баланы түсініп, қабылдауға ұмтылу
3. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру
4. Не көрсету қажет: дұрыс талап етушілік шексіз сабырлық әділ қатаңдық оқушының мүмкіндіктеріне сенім
5. Оқушының позициясына тұру
6. Мысқылшылдыққа жол бермеу
7. Еркін диалог жүргізе білу
8. Вербальды емес қарым-қатынасты (тірегіш сигналдар, суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану
9. Сөздіктермен және басқа нықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету
10. Оқытуда не қолдану қажет: - Алға озып оқыту - Топпен атқарылатын жұмыстардың әр түрлері - Өзара тексеру, өзін өзі тексеру - Сабақта блок-конспекттерді қолдану
11. Оқу материалын тиімді бөлу (қиыны - алдында!)
12. Сабақ материалын көп рет қайталап, бекіту
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі желерді сақтау қажет:
Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру. Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс. Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру. Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн. Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді. Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде. Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек. Оған қалай жетуге болады? Бұл жағдайда деңгейлеп оқыту әдісісіз нәтижеге жету мүмкін емес. Деңгейлеп оқыту әдісін сабақтың әр кезеңінде қолдана аламыз: тақырыпты бекітуде, үй тапсырмасын тексерерде, өзіндік жұмыста. Деңгейлеп оқытуда дидактикалық материалдар қолдануы көзделеді:
Деңгейлеп оқыту оқушылар білімін жаңа әдіспен, рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Барлық оқушы өз жұмысын 1- деңгейден бастайды. Бұдан әрбір оқушы 5ұпай жинап алады. Бұл нашар оқитын оқушыларға ең қажетті минималды білім көлемін меңгеруге кепілдік береді. Қабілетті оқушы келесі тапсырмаларды орындай береді. Рейтинг жүйесімен анықтау- нағыз объективті әдіс. Деңгейлеп оқыту технологиясын сабақтарда үнемі қолданып тұрамын.Әрбір деңгей тапсырмасын түрлендіруге тырысамын.
Сонымен, қазіргі уақыт жаңа әдісті, шығармашылық ізденісті талап етеді. Мұғалімнің негізі міндеті – оқушыларға терең де, тиянақты білім беру.
Білім беру маңызы жаңартылған сайын, әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттілігі күн санап арта түсуде.
Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, «Математиканың қорғаның тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек ету керек.
Қорытынды
Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу білім сапасын арттырады, оқушылардың оқу деңгейін көтереді, оларды қоғамға қажетті қабілеттермен қамтамасыз етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау»

шағым қалдыра аласыз