жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Сынып жетекшісі: Омартва А.К.
Үлгерімі
төмен оқушы дегеніміз кім?
Адамның өз мүмкіншіліктерін толық
көрсетуіне кері әсерін тигізетін
қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық,
тұйықтық. Бұл
қасиет негізінен адамда бала кезінен
пайда болады. Одан бала кезден арылмаса,
есейген сайын ол түрлі кедергілерге
алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол
кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға
төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет
төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы
бала бойына жинақталып, тұйықталуға,
іштен тынуға ұласады да, әр кез
сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп,
күресуден бас тартады. Тіпті, баланың
өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды.
Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп,
өмір сүруге деген құлшынысы азаяды,
тіпті өзін жеккөріп кетеді. Ұялшақ,
тұйық балалар табиғатынан үндемейді,
көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы
еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта
қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде
ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті
қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап
қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін
көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен
уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу
сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу,
сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге
кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар
табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар
топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны
басқара алмағандықтан, өзін көрсете
алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай,
тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға
жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің
алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа
қаламын деп қорқады. Осындай сенімдер
3 «А»сынып
Радикұлы
Расулдан байқалады.
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:
Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.
Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.
Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.
Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.
Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.
Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде.
Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Пәні: Әдебиеттік оқу
Р Р .с |
Ма Мазмұны |
Жұмыс түрі |
Жауапты адам |
1 |
Сөйлеу тілін жаттықтыру |
Суретпен жұмыс |
Омарова А.К. |
3 |
Мәтінді оқу, көшіріп жазу |
Көшіріп жазу |
Омарова А.К. |
5 |
Шағын өлеңдерді жаттау. |
Жаттау |
Омарова А.К. |
6 |
Өлеңдерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру. |
Мәнерлеп оқу |
Омарова А.К. |
7 |
Ертегі айту. |
Тіл байлығын дамыту |
Омарова А.К. |
8 |
Сөйлеу тілін жаттықтыру. |
Сурет бойынша әңгіме құрату |
Омарова А.К. |
9 |
Диалогпен берілген әңгімелерді оқыту. |
Рөлдік оқыту |
Омарова А.К. |
10 |
Мәтінмен жұмыс,тақырып қою,сөз таптыру |
Мәтінмен жұмыс |
Омарова А.К. |
11 |
Жұмбақ жаттату |
Жұмбақтар жинақтау |
Омарова А.К. |
12 |
Жаңылтпашты жатқа айту |
Жаңылтпаштар жинағын акелу |
Омарова А.К. |
13 |
Отан,туған жер туралы өлеңдер оқыту |
Мақал жарысы |
Омарова А.К. |
14
|
Мәтінмен жұмыс |
Мәтін талду |
Омарова А.К. |
15 |
Мәтін мазмұнына қарай сурет салдыру |
Сурет салу |
Омарова А.К. |
16 |
Мәнжазба жазу |
Ақын-жазушылардың өміріне тоқталу |
Омарова А.К. |
17 |
Мәтінді оқу,көшіріп жазу |
Мәтінмен жұмыс |
Омарова А.К. |
18 |
Жыл мезгілдеріне өлеңдер жазу |
Өлеңдер жаттау |
Омарова А.К. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Математика
р/ Р.с |
Мазмұны |
Жұмыс түрі |
Жауапты адам |
1 |
Екі таңбалы сандардың оқылуы,жазылуы. |
Парақшалармен жұмыс |
Омарова А.К. |
2 |
Екі таңбалы сандарды қосу, азайту. |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
3 |
Қосу амалының компаненттері |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
4 |
Белгісіз қосылғышты табу |
Өз бетімен жұмыс |
Омарова А.К. |
5 |
Азайту амалының компаненттері |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
8 |
Санды өрнектер. |
Топпен жұмыс |
Омарова А.К. |
9 |
Әріпті өрнектер. |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
10 |
Теңдеу шешу |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
11 |
Үш таңбалы сандардың оқылуы мен жазылуы |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
12 |
Екі амалмен шығатын есептер |
Мазмұнды есептер |
Омарова А.К. |
13 |
Көбейту амалына байланысты есептер |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
14 |
2-ге көбейту кестесі |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
15 |
3-ке көбейту кестесі |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
16 |
2-ге,3-ке көбейтуге арналған есептер |
Парақшамен есептер |
Омарова А.К. |
17 |
Бөлу кестесі |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
18 |
Санды 0-ге көбейту |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
19 |
Санды 0-ге бөлу |
Өз бетімен жұмыс |
Омарова А.К. |
20 |
Белгісіз көбейткішті табу |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
21 |
Теңдеу шешу |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
22 |
Қалдықпен бөлу |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
Қазақ тілі
р/Р.с |
Мазмұны |
Жұмыс түрі |
Жауапты адам |
3 |
Сөздік диктант |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
4 |
Көшіріп жазу |
Өздік жұмыс |
Омарова А.К. |
5 |
Өлеңді көшіріп жазу |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
6 |
Диктант |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
7 |
Дыбыс түрлері |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
8 |
Дауысты дыбыстар. |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
9 |
Дауыссыз дыбыс түрлері.Қатаң дыбыстар |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
10 |
Ұяң дауыссыз дыбыстар |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
11 |
Үнді дауыссыз дыбыстар |
Мәтінмен жұмыс |
Омарова А.К. |
12 |
Сөзге дыбыстық талдау жасау |
Өздік жұмыс |
Омарова А.К. |
13 |
Тасымал |
Мәтінмен жұмыс |
Омарова А.К. |
14 |
Заттың атын білдіретін сөздер |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
15 |
Диктант |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
16 |
Заттың қимылын білдіретін сөздер. |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
17 |
Сурет бойынша сөйлем ойлау |
Өздік жұмыс |
Омарова А.К. |
18 |
Заттың сынын білдіретін сөздер. |
Парақшамен жұмыс |
Омарова А.К. |
19 |
Заттың санын білдіретін сөздер. |
Жеке жұмыс |
Омарова А.К. |
20 |
Мазмұндама. |
Өздік жұмыс |
Омарова А.К. |
21 |
Мәтін ,мәтін түрлері. |
Жұппен жұмыс |
Омарова А.К. |
22 |
Сөйлем мүшелері |
Топпен жұмыс |
Омарова А.К. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген