« Бекітемін »
Мектеп-лицей директоры:
_______ Б.Қ.Абдишукурова
№ 80 ІТ мектеп-лицейі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тренинг сабақ
«Үлгілі ата-ана, сіздің балаңыз, біздің
білім алушы!»
Педагог психолог: С.А.Мырзалиева
2024 – 2025 оқу жылы
Тренинг тақырыбы: «Үлгілі ата-ана, сіздің балаңыз, біздің білім алушы!»
Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру.
Міндеті: 1. Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу
2. Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
3. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
Т о п т а ж ұ м ы с і с т е у е р е ж е с і:
1. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
2. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
3. «Басынан» «Аяғына» дейін белсенді болу.
1 Топқа бөлу.
2. Танысу
3. Бейнеролик
4. Көңілді үзіліс «Қағаз оркестр»
5 «Әйнек» арт терапия
6. «Ана мен қыз» ойын жаттығу
7. «Бала тілімен»
8. «Менің отбасыма жететін ешкім жоқ!»
8. Кері байланыс
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі ата – аналармен ұйымдастырылған «ҮЛГІЛІ АТА-АНА, СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ, БІЗДІҢ БІЛІМ АЛУШЫ» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер.

Абай атамыз әр заманда мәнін жоғалпайтын мынадай кеңес береді: «Адам – өз заманының перзенті. Жаман болса, замандастары кінәлі.» Жастарымызға біз – үлкендер (ата-аналар) жауаптымыз.
Негізгі бөлім.
-
1 – жаттығу. Топқа бөлу. Құрметті ата – аналар сіздердің алдыларыңызда тұрған түстерден өздеріңізге 1 – 1 таңдап алсаңыздар.
-
Сол таңдаған түстеріңізге қарай орындарға жайғасуларыңызды сұраймын.
Қоғам үшін ен бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірак сол уайым-қайғысыз бакытты өмірге кол сұғып, кысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл қоғамның ащы да болса шындығы. Бүгінгі Зорлық-зомбылық кұкықта «Бір адамнын екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік кұкығын бұзатын тәни және психикалык ыкпал жасауы».
Эмоциялык зорлык балағаттау, корлау, сөгу, балалардын жеке өміріне кол сұғу,
Физикалык зорлык отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялык зорлық:
Қауіп-қатер - отбасын тастап кетемін деп коркыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне кол жұмсауға итермелеу әйелін өз балаларын ешкашан көрсетпейтіндігімен коркыту, коркытатын жолдауларды беру үшін балаларды колдану. (2мин)
2 – жаттығу.
Құрметті ата-аналар тренинг – сабағымызды бастамас бұрын сіздермен танысып алайық, ол үшін өз есімдеріңізді айтып бір сипаттама сөз айтуларыңызды ұсынамын.
Сонымен қатар әр топ өзінің тобына топтың атауын жазып, сіздерге берілген параққа ұран жазсаңыздаар. (3 мин)
3 – жатттығу
Барлық назарларыңызды бейне сюжетке аударсаңыздар.....
Топпен бейнероликті талқылау. 10 мин
Бұл рилсті қою мақсатым қазіргі уақытта көпшіліктің тәрбие әдісін көрсету болған.
?Мысалы, бірінші ана баланың кішкентай кезінен өтірік айтуын, білімге, еңбекке ынтасыздығына қолдау көрсетті неге? Себебі анаға да ол ыңғайлы болып тұр өзінің ойы басқа жақта. Баламен бас қатырғысы келіп тұрған жоқ, ойы сыртта.
?Екінші ана болса, иә баласын қорғағысы келіп, білімді болуын қалап тұр. Бірақ тағы да жеткізу жолы дұрыс емес.
?Сол баяғы жұрт не дейді мәселесі! Жұрт не десе де дұрыс жолмен жүрудің маңызын жеткізе алсақ қой балаға.
Сондықтан аналарымыздың сауаттылығы өте маңызды. Статистика бойынша зорлық зомбылыққа көп ұшырайтын балалардың жағдайына себепші болатын факторларының бірі бұл ата ананың сауатсыздығы екен.
4 – жаттығу
«Қағаз оркестр» жаттығуы 2 мин
БІЗ СІЗДЕРМЕН БІР ОРКЕСТР ОЙНАП БҮГІНГІ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫ КЕРЕМЕТ КӨҢІЛ – КҮЙМЕН ЖАЛҒАСТЫРСАҚ
ИӘ КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫС БАҒЫТЫМЫЗ ҚАҒАЗБЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, «ҚАҒАЗ ОРКЕСТРІН» БІРГЕ ОЙНАУҒА ШАҚЫРАМЫН
ОЛ ҮШІН ОРНЫМЫЗДАН ТҰРЫП ҚОЛЫМЫЗҒА ҚАҒАЗЫМЫЗДЫ АЛЫП, БІЗБЕН БІРГЕ ЖАТТЫҒУДЫ ҚАЙТАЛАСАҢЫЗДАР.
1. Қағазды колымызға алып, менімен бірге қағазды қағып оркестр ойнаймыз.
2. Оң қолмен 3 рет кагамыз. 3 рет сілкиміз
3. Сол қолмен 3 рет қағамыз, 3 рет сілкиміз.
4. Енді гармон тартамыз
5. Он колмен 3 рет баяу согып, 5 рет жылдам соғамыз.
6. Сол колмен 3 рет баяу соғып, 5 рет жылдам соғамыз.
7. Оң қолмен 3 рет қағып, 5 рет сілкиміз.
8. Сол колмен 3 рет кагып, 5 рет сілкиміз.
9. Енді гармон тартып, би билейміз.
Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі, еңбектеріңіз өнімді болсын!
-
– жаттығу.
«Әйнек» арт терапиясы 15 мин
Сіздерге топтық жұмыс бермес бұрын алдарыңызға қолданылатын құралдарды берейін. Осы құралдар арқылы берілген тақырыпқа сурет арқылы өз ой пікірлеріңізді жалғастырсаңыздар.
І топ – «Зорлық-зомбылықсыз менің отбасым»
ІІ топ - «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
ІІІ топ – «Зорлық-зомбылықсыз қоғам»
10 мин «Ана мен қыз» ойын
Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. 1Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре жөнелдік. Мама,анау не,қарашы!-деді қызым. Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де жүресің!Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді. Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді. Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз) Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар ,мен оған фантик әкелемін дегенмін,анау ше….. –деді. Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім. Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым. Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым. Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады. Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім. Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер? Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз? Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Осы жерде видео
БАЛА ТІЛІМЕН ТҮСІНДІРУ??
Басқаны балағаттап, жаман сөз айтуға болмайтындығын түсіндіріп жатыр.
Барлық ата-ана өз баласына осындай жауапкершілік алса, қоғамда буллинг азаяр еді.
Қоғамның өзгеруіне біздің балаға берер тәрбиеміз тікелей байланысты??
6– жаттығу.
«Менің отбасыма жететін ешкім жоқ» (3 мин)
Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын сол сұрақтар бойынша орындарыңыздан тұрсаңыздар.
Сұрақтар
-
Отбасында 4 баласы бар ата – аналар орындарыңыздан тұрсаңыздар.
-
Бүгінгі сабақта құнды дүниені санасына түйген ата – аналар орындарыңыздан тұрсаңыздар.
-
Отбасында баласын күнделікті 7 рет құшақтайтын ата – аналар орындарыңыздан тұрсаңыздар
-
Отбасын құрметтейтін отбасын жақсы көретін ата – аналар орындарыңыздан тұрсаңыздар.
-
Менің отбасым керемет дегендеріңіз орындарыңыздан тұрсаңыздар
-
Ия «менің отбасыма жететін ешкім жоқ»
Әрбір ата – ана өз ой пікірлеріңізді кері байланыс парағына жазып қалдырсаңыздар болады. Өз ой пікірін айтамын деген ата – аналар болса ортаға шықсаңыздар.
Мемлекеттің іргетасы мықты қалану үшін отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы зор.
Әрбір бала зорлықсыз өссе алар асуы биік болары сөзсіз.
Баланың жарқын болашағы біз бен сіздің қолдарыңызда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Үлгілі ата-ана, сіздің балаңыз, біздің білім алушы!»

шағым қалдыра аласыз