жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Үлгілі сабақ "Ақтамберді жырау" 9-сынып
«Тексерілді»
МДОІЖО: З.Абдрасилова
Мектептің атауы: Ә.Молдағұлова атындағы жом
Мұғалім: Т.Кенжеева
Пәні: әдебиет Сыныбы: 9 «Ә»
Қысқа мерзімді жоспарлау
|
Күні: 14 желтоқсан 2017 ж. |
Пәні: әдебиет |
Сынып: 9 – сынып |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Ақтамберді жырау, «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын оқып, тақырыбы мен идеясын анықтау, құрылымына талдау жасау. |
||||
|
Оқыту нәтижелері: |
Жаңа тақырыпты өздері оқып, танысады,бір-біріне түсіндіреді, құрылымына талдайды, өз ой-пікірлерін қорытындылайды, топтағы жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке дағдылары қалыптасады. |
||||
|
Негізгі дереккөздер |
оқулық,стикер,маркерлер, жыраулар бейнеленген қима қағаздар |
||||
|
Сабақ |
барысы: |
||||
|
Бөлімдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Ресурстар |
||
|
Ұйымдас-тыру кезеңі (4 минут) |
Құрастырмалы суреттер арқылы 3 топқа біріктеремін, «Өіңе тілегенді өзгеге тіле» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. |
Үш топқа бірігеді, топбасшыларын сайлап алады. Қазтуған жырау Доспамбет жырау Ақтамберді жырау |
Қиылған суреттер |
||
|
Білу, тану (5 минут) |
Доспамбет жырау поэзиясы, жырау толғаған тақырып, ерекшеліктері туралы сұрақтар қоямын. |
Доспамбет жырау толғауларын жатқа айтады. |
|
||
|
Түсіну (10 минут) |
белгілі дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалидың орындауындағы Ақтамбердінің «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауы тыңдатылады. |
Толғауды тыңдайды, FILA кестесі арқылы толғаудың тақырыбы мен негізгі идеясын жұптасып анықтайды. |
ноутбук |
||
|
Қолдану (6 минут) |
«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын оқып, көнерген сөздерді тауып, мағынасын ашуды сұраймын. |
«Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауындағы көнерген сөздерді теріп жазып, мағынасын ашады. |
Оқулық, сөздік |
||
|
Талдау (6 минут) |
Өзіміз оқыған жыраулар толғауларындағы көркемдегіш құралдарға талдау жасауын сұрап, таратпа ресурстарды беремін. |
Кестені топ болып толтырады. Топтар бір-бірінің жұмысын ауызша бағалайды. |
Оқулық А4 |
||
|
Жинақтау (5 минут) |
Тест сұрақтары арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау |
Тест сұрақтарына жауап береді. |
|
||
|
Бағалау (2 минут) |
Топбасшылар топ мүшелерін бағалауын сұраймын. |
Топбасшылар топ мүшелерін бағалайды. |
Бағалау парағы |
||
|
Үйге тапсырма (2 минут) |
Ақтамберді жыраудың толғауларынан өз қалағандарын жаттап келуге тапсырма беремін. |
Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
|
||
|
Рефлексия (3 минут) |
«Рефлексиялық эссе» әдісі арқылы жасатамын. |
Рефлексия жасайды. |
|
||
1-топқа
Жыраулар толғауларындағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңдар
|
№ |
Мысалдар |
Көркемдегіш құралдар |
Автор |
|
1 |
Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлт болған айды ашқан. |
1) 2)
|
|
|
2 |
Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен. Толғамалы ақ балта қолға алып, Топ бастадым, өкінбен. |
1) 2)
|
|
|
3 |
Жағаға жақын қонғанда, Жайылып сулар алмас па? Жаманға дос болғанда Жазымда басың қалмас па? Жат туғанды ез еткен ақсының ғұмыры аз-ақ болмас па?! |
1) 2)
|
|
2-топқа
Жыраулар толғауларындағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңдар
|
№ |
Мысалдар |
Көркемдегіш құралдар |
Автор |
|
1 |
Жатып қалып бір тоқты Жайылып мың қой болған жер. Жарлысы мен байы тең, Жары менен сайы тең. |
1) 2)
|
|
|
2 |
Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе, Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес!
|
1) 2)
|
|
|
3 |
Сен алтынсың,мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін. Сен сұлтансың, мен құлмын, Сен сұңқарсың,мен қумын.
|
1) 2)
|
|
3-топқа
Жыраулар толғауларындағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңдар
|
№ |
Мысалдар |
Көркемдегіш құралдар |
Автор |
|
1 |
Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай. Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған. |
1) 2)
|
|
|
2 |
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда, Еңкеймей кірер күн қайда? |
1) 2)
|
|
|
3 |
Көкорай көктем болғанда Дауысы бар азандай, Желіні бар қазандай, Жаралы қудай ыңырантып, Жарылған мұздай күңірентіп, Қайрауықтың ащы күйіндей Қайырып боздап күйлентіп, Боталаған боз інген Азан-қазан, у да шу О да бір алса мазамды-ай! |
1) 2)
|
|
Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көнерген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
|
№ |
Көнерген сөздер |
Мағынасы |
|
1 |
Алмасын арнап суарып Ақ сауыт соқса зергерім, Таудағы сала бұғыны Аңдып бір атса мергенім! |
|
|
2 |
Дауысы бар азандай, Желіні бар қазандай. |
|
Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көнерген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
|
№ |
Көнерген сөздер |
Мағынасы |
|
1 |
Елден елді аралап, Тектіден текті саралап, Беглердің қызын айттырсам, Нұсқасын байлап, шамалап. |
|
|
2 |
Бала берсе тезінен, Пірлердің бітсе демінен, Шілтеннің тиіп шылауы Артылып туса өзімнен! |
|
Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы көнерген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
|
№ |
Көнерген сөздер |
Мағынасы |
|
1 |
Жоны бір жалпақ жотадай, Мойны бір жуан бұқадай, Балуаннан нөкер барлатып Күреске салар ма екенбіз? |
|
|
2 |
Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз? Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екенбіз? |
|
2-тапсырма Жұптық жұмыс
Оқушылардың аты-жөні____________________________________________________________
________________________________________________________________
Мәтіннің тақырыбы_______________________________________________________
FILA кестесін өз жұбыңызбен толтырыңыз: толғаудағы факті мен идеяны анықтаңыз; мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрап, келесі жұппен алмасыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Мәтіндегі фактілер (Facts) |
Мәтіннің идеясы (Ideas) |
Сұрақтар (Learning issues) |
Әрекет жоспары (Action plan) |
|
|
|
|
|
Дескриптор
-Шығармадағы мәселені түсінеді;
- Шығарма идеясын анықтай алады;
-Проблемалық сұрақ құрастыра алады;
-Қойылған сұраққа ұтымды жауап бере алады.
Тест сұрақтары
-
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда? -деген
жолдардың авторы
А) Ақтамберді
Ә) Доспамбет
Б) Шалкиіз
В)Қазтуған
-
Ақтамберді жыраудың туған жері
А) Оңтүстік Қазақстан
Ә) Солтүстік Қазақстан
Б) Шығыс Қазақстан
В) Батыс Қазақстан
-
93 жасында қайтыс болған жырау
А) Доспамбет
Ә) Қазтуған
Б) Ақтамберді
В) Шалкиіз
-
Ақтамберді кімнің қолында өседі?
А) Төле бидің
Ә) Балқожа бидің
Б) Қабанбай батырдың
В) Бердіке батырдың
-
«Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?»-деген жолдарды қолданылған көркемдегіш тәсіл қалай аталады?
А) ассонанс, метафора
Ә) аллитерация, риторикалық сұрау
Б) анафора, метонимия
В) эпифора, теңеу
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
-
Алдымен біз былай деп ойладық.....
-
Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............
-
Проблеманы шешу үшін......
жасадық.
-
Бұдан біз..................
көрдік.
-
Демек, бұл мынаны білдіреді.................
Сонымен біз.................
деген шешімге келдік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген