«№1 Жамбыл атындағы орта
мектебі» МКМ
«Үлгілі үйдің
ұл-қыздары»
Сынып
сағат
Бағыты: Отбасы
тәрбиесі
Сынып жетекші: Надирбекова
Эльмира
Тақырыбы: «Үлгілі үйдің
ұл-қыздары»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамдық
асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге
үйрету;
Дамытушылық: Адамгершілік
қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының
рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын
еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге
жетелеу;
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді
сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа,
инабаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, маркер.
Түрі: сынып
сағаты
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг,
жағдаяттық сұрақтар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім.
Ұл мен қызды дәріптеу
мақсатында
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе
ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай
түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын
қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл
туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің
нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі
«Үлгілі үйдің
ұл-қыздары»
сынып
сағатымызды
бастаймыз.
ІІ Жалғасын тап – деп аталады.
Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді
жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.
1. Әдепті бала ата-анасын
мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын
қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім
жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып
қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап
бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес
жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге
күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер
басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет
қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы
бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны
ілерсің)
ІІІ Топтастыру
стратегиясы.
Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін
шағын видеоролик тамашалаймыз.
Өз пікірлерімізді ортаға салайық. Балалар
пікірі тыңдалады
Ибалы ұлдар
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді.
Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді,
адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.
Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі
жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді
кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты
жақтайды.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз
айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз
қолында
Ал имандылық
қасиеттерге
● қарапайымдылық
● сыпайылық
● мейірімділік
● кішіпейілділік
● ізеттілік
● адалдық жатады
Ибалы қыздар
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала
отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі
ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша,
адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады;
біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан,
екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет
жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз
сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және
басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола
білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап,
кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді
айтпаудан.
ІҮ Ойланайық
пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені
түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі,
әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі
дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны
баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз
бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы
тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде
солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық
жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі
сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал
айт. (
Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш,
Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі
ұнайды?
(қылықты , әдепті болса, сыпайы, биязы
болса )
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық
жараспайды? (
бұзақылық, сотқарлығы, кісіні
сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал
айт (Атадан жақсы ұл
туса,
Қар үстінде от
жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман
бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік,
жаман бала күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі
ұнайды?
(салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол),
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады
дегенді қалай түсінесің?
(
Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына
қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі
мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар
едің?
(Ата-анасын сыйлау, өз елін
қорғау)
Ү Жүректен
жүрекке. Оқушыларға жеке-жеке парақ таратылады.
Параққа ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану
керек екендерін жазып тақтаға жабыстырады.
ІҮ Қорытынды
Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие
шарамыздан не түйдік?
Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат
алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды
болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір
сіздерден осыны талап етеді.
Аң жортар аяғымен, жер
еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын
десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп
Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды
да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек
айтамын.