Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үлгілік оқу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлгілік оқу жоспары

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы

20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а.

2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17536 болып тіркелді

 БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін

1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін

1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы

Б. Асылова


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 556 бұйрығына 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына 1-қосымша

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Білім беру салалары/ Ұйымдастырыл -ған оқу қызметі

Жас тобы

Ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар)

І кіші топ (2-3 жастағы балалар)

ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар)

Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)

Мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)

Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)

1

"Денсаулық"

3

3

3

3

3

3



Дене шынықтыру

3

3

3

3

2,5

2,5

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

-

-

-

-

0,5

0,5

2

"Қатынас"

1

1

2

2,5

5

6,5



Сөйлеуді дамыту

0,5

0,5

1

1

1

1

Көркем әдебиет

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Сауат ашу негіздері

-

-

-

-

1

1,5

Орыс тілі

-

-

0,5

0,5

1

2

Ағылшын

-

-

-

-

1

1









3

"Таным"

1

2

2,5

2,5

2,5

3,5



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

-

-

1

1

1

2

Сенсорика

0,5

0,5

-

-

-

-

Құрастыру

-

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Жаратылыстану

0,5

1

1

1

1

1

4

"Шығармашылық"

2

3

3

3,5

5

5



Сурет

0,5

1

1

1

1

1

Мүсіндеу

0,5

0,25

0,25

0,5

1

1

Жапсыру

-

0,25

0,25

0,5

1

1

Музыка

1

1,5

1,5

1,5

2

2

5

"Әлеумет"

-

-

0,5

0,5

1,5

2



Өзін-өзі тану

-

-

-

-

1

1



Қоршаған ортамен танысу

-

-

0,25

0,25

0,25

0,5











6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы

7-15 минут

15-20 минут

25-30 минут

7

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі

7

9

11

12

17

20

8

Вариативтік компонент*

-

-

1

2

3

4

9

Барлығы

7

9

12

14

20

24

      *басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс).

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 556 бұйрығына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына 2-қосымша


Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі

Жас тобы

Ерте жа

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
2323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12