Үлкен мүмкіндіктер немесе 5 күндік ақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкен мүмкіндіктер немесе 5 күндік ақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет өнеркәсібін дамыту жолдары мен қазіргі уақыттағы мәселелер жайлы талқылау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлкен мүмкіндіктер немесе 5 күндік ақша

Бүгінгі біздің қозғайтын тақырыбымыз мия тамыры жайлы. Жалпы мия тамыры косметологияда тері дақтарын кетіру үшін, сонымен қатар терінің қарсы қолданылады. Ал өнеркәсіпте улы химикаттардың иісін кетіру үшін пайдаланады. Ең бастысы мия тамыры түрлі аурулардың алдын алуда таптырмайтын “табиғат құдіреті” болып есептеледі. Байқағандарыңыздай осы бір ғана өсімдік, орасан зор пайда әкелетіндігі, айдан анық көрініп тұр. Және осы бір өсімдікті дамыған елдер, өз саласында қолданып, отандық өнімді қарқынды түрде дамытып жатыр. Бұл елдердің қатарына АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай мемлекеттері кіреді. Неліктен бұл тізімде Қазақстан жоқ? Қазақстанда мия тамыры өспейді ме? Жоқ, табиғи байлығы жағынан, әлем бойынша бастаушы елдердің қатарында тұрған Қазақстан жерінде мия тамыры жеткілікті деңгейде өседі. Қазақстанның Оңтүстігінде, Оңт. Шығысында, Қызылорда өңірлерінде мия тамырлары көптеп кездеседі. Ірі мекендерді қоя тұрғанның өзінде, менің әке-шешемнің туған жері Нарынқолда да бұл өсімдік түрі жетерлік. Алысқа бармай, көзіммен көрген дүниені талқылайық.

Менің ауылымда елдер асыға күтетін тамырдың маусымы бар. Жаз мезгілінің бастапқы екі айында, 5-ші сыныптағы баладан, 40-қа келген еркегіне дейін, тау асып, тамыр теруге жөнеледі. Топ-топ болы шығып, санада тек қыруар қаржы табу ғана тұрады. Сұраныс жоғары болғаннан кейін, осында күйге түсіріп отыр. Ал сұраныс болса, алыстан емес, көрші Қытайдан түсіп тұр. Мұндай жағдайда біздің “кәсіпкерлер” Қытаймен саудаласуға дайын тұрады. Қара халық тау аралап, кеш қызарып батқанға дейін 20-30 келі тамырды теріп әкеледі. Кешкісін оны жаңағы “кәсіпкерлерге” өткізіп, 30-40 мың теңгесін алып, мәз-мейрам боп қайтады. Ал, тамырды қабылдап алған кәсіпкерлер, бірнеше есе көп пайдаға кенеледі де қалады. Жұрттан арзанырақ бағаға сатып алып, Қытайдың қойған бағасына өткізіп, бақытқа кенеледі. Дәл осы сәтте “Неліктен?” деген, қалыпты сұрақ туады. Оның жауабы біздің мемлекетте мия тектес өсімдіктерді өңдейтін өндіріс орындары жоқ. Мемлекет бұл саланы қолға алғысы келмейді. Соның салдарынан бағалы өсімдіктің өз елімізде құны жоқ. Бағалы өсімдікті қорғау туралы заң болғанымен күші жоқ. Мұндай жағдайларға мемлекеттің жаны ашымағаннан кейін, толық мәселені елге ұқтырмағаннан кейін, халықтың жаны ашитын мүлде ойы жоқ. Осынау бір бассыздықты тоқтату үшін, бізге дереу түрде өнеркәсіп саласын қолға алу қажет. Қажетті деңгейде субсидия бөлетін болса, кәсіпкерлер неге қызықпасын. Ойлап қарасаңыз, алдымызда қанша мүмкіндіктер тұр. Өзіміз емдік дәрі шығарып, сәндік бояу шығаратын қауқарымыз бар. Бірақ әлі күнге дейін, салдарын сезінбей, әрекет қылмайтын елдің бейнесін көрсетіп отырмыз. Тақырыптың мәнін енді түсінген боларсыз. Болашағымыз, ұрпағымыз үшін үлкен мүмкіндіктерді пайдаланып, жүзеге асыру немесе 5 күндік жалғандағы ақырына жете алмайтын қара бастың тапқан тиыны. Таңдау өзіңіз де. Кінәні мемлекеттен арта бермей, сіз болып біз болып қозғалмасақ, “баяғы жартас - сол жартас” екендігі бәріне аян.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі