Үлкендер жолы – ұлылық,
ұрпағы жүрер ұғынып!
Тақырыбы: Үлкендер
жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!(Танымал
азаматтармен кездесу)
Мақсаты:
а)
Танымал азаматтар жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың
әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді,
атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
Белгілі бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебін
қалыптастыру.
Түрі: кездесу кеші
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, образға ену, зерттеу
Көрнекілігі: танымалдылыққа
байланысты жазылған қанатты сөздер
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты
ұстаздар, оқушылар! 6-7-сынып оқушыларының қатысуымен «Үлкендер жолы –
ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы кездесу сабағына қош
келдіңіздер! Сіздерді Егеменді
еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі
тойымен құттықтаймыз! Тәуесіздік мерекесі, Мерей тойын тойлайды.
Бүкіл халық жиналып, Жылы лебіз жолдайды.
Жүргізуші:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз
істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің
танымал түлектерімен таныс
болайық.
1.Темірбаева
Эльмира 1967 жылдың 12 тамызында Жамбыл облысы, Луговой ауданында
дүниеге келген. 1984-1989 жылдары Жамбыл
жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының
өнеркәсіп-экономикасы факультетінде инженер-экономист мамандығы
бойынша оқиды.
1989-1990 жылдары Жамбыл қаласындағы текстиль фабрикасында
инженер-экономист, 1990-1993 жылдары Жетісай аудандық тұтынушылар
одағында есепші, 1993-2002 жылдары «Жандосым» шаруа қожалығының бас
маманы, 2002-2009 жылдары жеке кәсіпкер, «Ел-Дос» сауда орталығының
меңгерушісі, 2007-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Мақтараал аудандық
филиалының Саяси кеңесінің бюро мүшесі, 2009 жылдан ОҚО, Мақтаарал
ауданының «Ана жүрегі» әйелдер қоғамдық бірлестігінің
төрайымы.
Эльмира апай бүгінде 2 бала
мен 1 қызды тәрбиелеп отырған бақытты ана. Мақтаарал аудандық
мәлихатының депутаты ретінде ауданның қоғамдық-саяси өміріне
белсене араласады.
2. Жұмағали Төреқұлұлы
Мақтарал ауданы мәслихат депутаты
3. Құлмырзаев Манас
мектебімізде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
.
Жүргізуші:
Біз жас
ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Ризамын» Орындайтындар: 6 «А» сынып қыздары
Жүргізуші: Оқушылардың сұрақтарына кезек беру.
1.
Эльмира апай, адам өз мамандығын таңдаған
кезде, нені басшылыққа алу керек?
2. Жұмағали аға, жақсы маман болу үшін
адам нені білуі және үйренуі қажет?
3. Эльмира апке, мамандық адамның
қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
4. Эльмира әпке, осы уақытқа дейінгі жеткен
жетістігіңізбен бөліссеңіз?
5. Эльмира апай, сіздің балаларыңыз да сіздің
жолыңызды қуып келеді ме?
6. Манас аға, адам бірнеше мамандықты
меңгере алады ма?
7. Жұмағали аға, сіз осындай жетістікке қалай
жеттіңіз?
8. Манас аға, қай уақытта адам өз жемісін
көре алады?
9. Жұмағали аға, сіз
отбасында қандай әкесіз?
10. Эльмира апке, осы күнге
дейінгі басыңыздан кешкен қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз?
11.
Құрметті қонақтар, сіздердің осы жеткен жетістіктеріңізге, сіздерге
білім берген ұстаздарыңыздың еңбегі бар ма?
Елің сені елесе,
Еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе,
Көз қырына алғаны.
Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді.
Еңбек
етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.
Елге
қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Жүргізуші:
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол
адамды ізгілендіреді», - деп ұлы орыс ақыны Л.Н. Толстой айтпақшы,
адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Ең
бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның
мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы
шарт. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана
жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа
күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен
істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Жұман Ұланның орындауында «Елге сәлем» әні. Қабыл
алыңыздар.
оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Қорытынды.
Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Үлкендер жолы –
ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты кездесуіміз өз мәресіне жетті.
«Батаменен ел көгерер» (қонақтардан бата
сұрау)