400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлпан" романының тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғ.Мүсіреповтң "Ұлпан" романы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романының тілі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру

Сабақтың мақсаттары

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы троп пен фигура түрлерін талдап, автор стиліне баға беру

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды

  • Автор стиліне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

троп пен фигура, тілді құбылту мен айшықтау, автор стилі.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын

Құндылықтарды дарыту


Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығарма құрылымына талдау жасалды

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылығын ояту

Мына үзіндіден көркемдегіш құралдарды табыңыз:

Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда. 
– Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен кім болар едім? ...».

- Құдайдың деймін-ау, саған қосқан еркегіңнің түрін қарашы! Басы қара қазандай... бар денесі ілбісіндей қара- шұбар... саусақтары таяқтай... деп өзін- өзі сынай- міней отыратын...

- Құдайға менің өкпем жоқ, жолбарысым. Құдай маған еркекті екі есе етіп берген ғой,−деп Ұлпан да риясыз мақтайтын және риясыз мақтанатын...

-Сұлу-ақ екен!... Бүкіл денесінде бір келіспей тұрған жері болсайшы! Қандай жарау, қандай сымға тартылғандай сұлулық. Осының сұлулығына қызықпай, көзге түссе-ақ қуа жөнелеміз. Сұлуды сойып етін жейміз(оқушылар жауабы тыңдалады).


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Үзінділерден көркемдегіш құралдарды анықтап, бүгінгі сабақта не туралы өтетіндіктерін анықтайды.












ҚБ








Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану.

Әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсіру

Троп (грекше - tropos - бұрылыс, бұрма):

1) метафора; 2) кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ 6)аллегория.

Фигура - Әдебиетте сөз тіркестерін дағдылы, синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру:

1) Арнау; 2. Қайталау; 3) Шектестіру; 4) Дамыту; 5) Инверсия; 6) Эллипсис.


Тапсырма

4 оқушыдан тұратын топтар құрылады. Топтағы әр оқушыға қабілетіне сай рөл беріледі:

1-оқушы. Суреттеуші – шығарма мәтінінен кейіпкерлердің мінезі мен портретін ашатын үзінділерді табады.

2-оқушы. Зерттеуші – суреттеуші тапқан үзінделерден троп пен фигура түрлерін анықтайды.

3-оқушы. Қолданушы – құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді.

4-оқушы. Бағалаушы – автор стиліне баға береді.

1 топ – Ұлпан

2 топ – Есеней

3 топ – Шынар

4 топ – Мүсіреп


Дескриптор:

- троп пен фигура түрлерін анықтайды;

- құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді;

- автор стиліне баға береді.

ҚБ

Бекіту

«Егер де мен жазушы болсам. . .»

Троп пен фигура түрлерін қолданып, қалаған кейіпкердің образын суреттейді.


Әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсіреді.







4 оқушыдан тұратын топтар құрылады. Топтағы әр оқушыға қабілетіне сай рөл беріледі:

1-оқушы. Суреттеуші

2-оқушы. Зерттеуші

3-оқушы. Қолданушы

4-оқушы. Бағалаушы






Троп пен фигура түрлерін қолданып, қалаған кейіпкердің образын суреттейді.



























https://itest.kz/kz/ent/qazaq-adebieti/adebiettanu


Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Блоб ағашы.


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі