Шығарма
тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау
Теңеу - өзіңдей
сұр бойдақ, күнімдей жарқырап, ұзақ
түндей
Эпитет
- найзагер батыр, сұр бойдақ, құңғыла
қыз, арзанға түспейтін қызбын, баукеспе
ұры
Метафора -
Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін
бәйтерексің. Мен
сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын.
Портреттер -
шымыр денелі, сұңғақ бойлы, бұқа мойын,
қисық жауырын, Мұртының жоғарғы жағы
таңқита қырылған, екі миығы тышқан
көрген мысықтың мұртындай дірілдеп
қояды. Істік мұрын. Қара төбетей киген,
шақша бас.
Мақал-мәтелдер
- "Сорлының зары арлыға кездескей",
"Малым -жаным
садағасы,
жарым - арым садағасы", "Байлық -
бір жұттық, батыр - бір оқтық", "Жүйелі
сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін
табар", "Құдыққа құлан құласа,
құрбақа құлағында ойнар", "Қыс
азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын",
"Баласыз әйел - панасыз әйел",
"Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен
түңілсін".
Ұлпан
бейнесі
Ұлпан
–
романтикалық характер. Тарихи адам
өмірінің реалды шындығын жазушы оны
сәл көтере түсер, өз ортасынан оқшау
шыққан адам екенін танытар қаһармандық
қасиеттермен әрлейді. Қарапайым қазақ
қызының іс-қимылы да, сөзі де бір көргеннен
ірі танылады.
Батырдың
ерке қызы шаңырақтың ошағы, үйдің ұстыны
болып, яғни жоқтың өзі бар, аздың өзін
көптей етіп отыратын, он саусағынан
өнері тамған Несібелі ананың қызы.
Ұлпан-сөзі
куәлі, сөзі дуалы бәйбіше. Ол
орта жүзді аузына қаратқан әулие ана.
Ұлпан өмірден көп қиыншылық көрген
адам.
Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да
инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпанның
инабатты екенін романның мына тұстарынан
байқаймыз:
Бала
жігіт бұл жолы да тез жауап қайтарды:
-
Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай
сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар.
Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі
сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін
табар деген бар ғой. Міне, айыбым! – деп
атынан түсе қалып ұзын шылбырын Кенжетайға
қарай серпіп жібереді.
-
Әйтеуір ат жетелеп жүр екенсің, мынаны
жетелей жүр.
Міне,
осы тұстарынан еркекшора киінген
Ұлпанның Есеней мен оның жанындағы төрт
адамдарға осылай жауап қайтарып кетті.
Сонымен
қоса, Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл
қыз болып өседі.
-
Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын
айдап әкелсе де бір қыс асырап шығуға
«Қаршығалының» шұбары жетер еді. Жалғыз
Есенейдің жылқысын асырап шығуға жеріміз
жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба?
Ұлпан
кейде әкесіне ақыл-кеңесін беріп
отыратындығын осыдан байқауымызға
болады.
Романның
екінші бөлімінде Ұлпанның ақылы мен
адалдық қасиеттері, ерік-жігері мен
батылдығы, парасаттылығы мен кішіпейілділігі
молынан суреттеледі. Ұлпанның акылдылығымен
қатал, қатыгез болған Есеней бірте
-бірте жұмсақ, көңілді бола бастайды.
Ұлпан Есенейді әрі билей, әрі еркелете
сөйлейді. "Бозбалам", "Жолбарысым"
деп те атайды. Есенейдің ақылдасары да,
әйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол
Ұлпан ғана болады.
- Келін!
- деді Ұлпан Айтолқынға, - шымылдығыңызды
әрі әкетіңізші! Мен өз ауылыма өзім
шымылдық бүркеніп барғым келмейді.
Өзін
үлкен бәйбішелер қатарында ұстап келген
Айтолқынға Ұлпанның "келін" дегені
Еменалының қамшысынан да қатты тиді.
Еменалы оны қамшылап - қамшылап алатын.
-
Не дейді!? "Ойбай - ай, көргенсізін -
ай!"
Ұлпан
келінінің жасынан кіші болғанына
қарамастан, өзін келіндердің үлкені
ретінде биік ұстады. Ұлпан өз бойындағы
өрлікке барып, атақты бай би адамның
ауылындағы көріксіз халге қатты
намыстанды. Өзі кедей ауылдан шыққандықтан,
жарлы-жақыбайға жаны ашыды.
Ұлпан
кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан
елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін
әйел.
"
Бұл күндері Ұлпанның қолы да босай
алмады. Қой қырқылып, жылқы күзеліп
жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір
келді.
-
Қарағым - ай, төрт жетімек немерем тырдай
жалаңаш... тым болмаса бір - екеуіне
күпті тігіп беретін жабағы берші.
-
Ала ғой, шеше... төртеуіне де жететін
етіп ал...
Одан
соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір,
бір жастау әйел, одан соң екі кемпір,
екі жастау әйел келе берді, көбейе берді,
келе берді..."