Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлт денсаулығы - ұлт байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік Ел пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Ұлт денсаулығы – ұлт байлығы

Мұғалімнің аты-жөні:Какенова Н.М

Күні:

СЫНЫП: 6

Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдет араққа,темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау,олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу,оқушыларды одан жирендіру.

Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Алдыңғы оқу

Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы – үш тұғырлы ел.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны


Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Мұғалім сөзі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі үшін мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға халық болып жұмылуымыз қажет. Ол үшін, алдымен, халықтың денсаулығы өте маңызды. Осы мәселеге байланысты, халық денсаулығы – ел дамуының аса маңызды факторы, болашағымыздың кепілі екендігін еске саламыз.

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясының жүзеге асуы басты мақсатта болып отыр. Елбасымыздың көрегенділікпен көрсеткен ұлы жолы – болашақтың жолы, жастар жолы. «Мәңгілік ел» жобасын іске асыруда Елбасы жастарға үлкен үміт артады. Елдің болашағы – біздің болашағымыз. «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру – жастардың қолында, яғни, еліміздің денсаулығын нығайту – біздің қолымызда.

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адам денсаулығы.« Денсаулық зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек.Денсаулық болса бәрі де болады.Дені сау адамның көңілі шат,өмірі бақытты.
Жан-адамның ішкі дүниесі,ішкі жаратылысы.Олай болса «Дені саудың жаны да сау»,сондықтан, әрбір оқушы өз денсаулығына жауапты қарауы керек.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде еліміздің әрбір азаматының денсаулығы бұл республикамыздың жетістігі екенін айтқан.
«Қазақстан 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.Салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету мақсатында, денсаулық адам баласының азбас қазынасы,асқан байлығы,өмірінің тірегі екендігін түсіндіру мақсатында бүгін сіздермен Ұлт денсаулығ – ұлт байлығы тақырыбы.

«Жариялау» әдісі

Жоспары:
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1 тур: «Көптің жүзін білгенше,бірдің атын біл»(Таныстыру)
2 тур: «Әуелгі байлық-денсаулық» (Мақал-мәтел сайысы)
3 тур: «Білегіңе сенбе,біліміңе сен» (Жұмбақтар шешу)
4 тур: «Ойнайық та ,ойлайық» (Сөзжұмбақ шешу)
5 тур:Тапқырлық( «Денсаулық»сөзінен бірнеше сөз құрау,)
6 тур:Зиянды әдеттерге қарсымыз(Сурет салу)
1 тур: «Көптің жүзін білгенше,бірдің атын біл»(Таныстыру)
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
(«Дәрумендер»тобы. «Көкеністер»тобы)








Ортасы

10 минут







Қолдану

2 тур: «Әуелгі байлық-денсаулық» (Мақал-мәтел сайысы)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да дана сөздері көп.осынау ғибаратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған.Мақал –мәтелдер –ғасырлар бойы сұрыпталып,салмақтанып,кемелденген сөз асылы,парасатты тәрбиеші,әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес,сонымен бірге епті,есті емші де.
(Оқушыларға үлестірмелер таратылып,мақалдың жартысын табады)
3 тур: «Білегіңе сенбе,біліміңе сен» (Жұмбақтар шешу)
Денің сауда жетесің арманыңа,
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық,рахатын, жарығын да.
Сақта,халқым,денсаулықты Алла берген,
Оң болсын десең егер тіршілігің.-дей келе 1-2 топ бір – біріне жұмбақтарын жасырады..)

4 тур: «Ойнайық та ,ойлайық» (Сөзжұмбақ шешу)
5 тур:Тапқырлық( «Денсаулық»сөзінен бірнеше сөз құрау,)
«Денсаулық»(дене,саулық,сау,ық,ен,ес,аса,лық,қыл,ене,
ауа,ала,су,ау,суық,аула,қала,лақ,қыс,сан,қан,ал,ақ,ақыл,
сана,қас,уық,қал,т.б)
6 тур:Зиянды әдеттерге қарсымыз(Сурет салу)
(Екі топтың салынған суреті түсіндіріліп,бағаланады)

Мұғалім:Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойыпты:Адамға өмірде не қымбат,байлық па,даңқ па?деп.Сонда Сократ «Байлық та,атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен.Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.Алкогольдің,темекінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндендегі ең елеулілері адамның ақыл-ойы мен санамыздың
бұзылуынан сақтанайық,жас ұрпақ!Адам азбасын,ұлт тозбасын.
(Ұпай санын көп жинаған топ жеңіске жетеді.Екі топқа да мақтау қағазы беріліп,марапатталады)

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1507
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12