"Ұлт көсемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлт көсемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының құнды шығармаларының рухани маңызы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы

интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кыдырова Камшат Тағайбекқызы



Ұлт көсемі


Ахмет Байтұрсынұлы - бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың «рухани» көсемі. (М.Әуезов)

Ия, өз заманының кемеңгері Мұхтар Әуезовтың, ұлт көсемі жайлы айтқан мына бір жолдарын сөзбен қойылған ғажап ескерткіш дерсің! Мен де осы бір мақаламды ұлтымыздың бағына жаралып, жоғын түгендеумен өткен, “Алаштың Ахметі” атанған ұлы ұстаздың ұрпаққа қалдырған қазынасы, сөзбен терілген інжу-маржандарынан бастағанды жөн көрдім.


1. Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек. 

2. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

3. Сөздің асыл болуы – ұнауынан.

4. Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек.

5. Ғылым мен өнер көбейген сайын бейнет кемиді.

6. Ел бағатындар – ел бағуларын жақсы білулері керек. керек, күшті жұмсауға ес керек.

8. Телміріп тапқан теңгеден – тер төгіп тапқан тиын жұғымды.

9. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді. 

10. Дұрыстық, бұрыстықты білмеген жұрт азады.

11. Әдіс қылу – жолсыздық емес, ептілік.

«Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» ([1] Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1989. 141-б.), - деп, тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлға.



Биыл, әлемдік деңгейде 150 жылдық мерейтойы аталып өткелі жатқан, ұлттық жазудың рефарматоры, ұлы ағартушы педагог, Алош – Орда өкіметінің мүшесі қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт – азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған.

Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.

Осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлының абақтыда отырып анасына жазған сезімге толы «Анама хат» атты өлеңін тілге тиек етпей кету мүмкін емес.

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.

Сені онда ,мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді Хақ тағалам!

Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жәннатқа да тарам – тарам.

Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай ,не бетіммен көрге барам?!

Ақынның «Ойлар» атты өлеңі де оқырманын қалың ойға жетелейді.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа немді алар өлім меннен?!

Өлген күні апарып тығары – гөр,

Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім.

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті.

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті…

Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетикалық сипаты баяндалған еді. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының Абайдың  ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болып саналады. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасауда қзінің үлкен үлесін қосты. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнерішығармаауыз әдебиетітолғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақтармақбунақбуынұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.

Бүкіл саналы ғұмырын қазақ тілінің дыбыстар жүйесін арнайы зерттеуге арнап, қазақтың жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синткасистік ықпалынан тазартумен айналысқан қоғам қайраткерінің бірі де бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы.

Сөзімнің соңын тағы да ұлт көсемінің ой маржандарымен қорытындылаймын. «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар…» деген сөздерін мен ұстаз ретінде болашақ ұрпақтың бағбаны,бағдары ретінде бізге артылған аманат деп білемін. Амантқа қиянат жасамау әр бір ұстаздың ұлт алдындағы борышы.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі