Материалдар / «Ұлт Лидері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлт Лидері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара жас өспірімдерге Ел басы туралы толық мағлұмат беруге арналған әдістемелік көмекші нұсқау болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
673
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұлт Лидері»

« Біздің туымыз-Тәуелсіздік,

Мақсат-бейбітшілік және қауіпсіздік.

Бұл дүниеде біздің бір ғана

Отанымыз бар. Ол-Қазақстан!..»

Н. Назарбаев


Мақсаты: 1-желтоқсан Президент күніне арнала отырып, Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың өмір жолы, еңбек жолы мен ел басшылығы, ұлт лидері қызметіндегі табысты жылдарынан хабардар ету. Патриоттық, азаматтық, адамгершілік және интеллектуалды тәрбие арқылы Тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілікті арттыру


Іс-шара түрі: ақпараттық -зияткерлік


Көрнекіліктері: слайдтар, бейнероликтер, суреттер т.б.


Ұйымдастыру кезеңі: сайыс өтетін орынды (конференц залы) дайындау, хабарлама жазу т.б. ұйымдастыру жұмыстары


Белсенді тақтадан «Ұлт Лидері» бейнеролик көрсетіліп, іс-шара жүргізушілері (Оразымбетова Р.Д. және 41 ПО топ студенттері шығады)


1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз, 

Елін сүйген Елбасы деп білеміз. 

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан 

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, 

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!


2 жүргізуші:

Құрметті студенттер, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Н.Ә.Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Бұдан өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекет тарихындағы мерейлі күні деп саналуға орны лайықты. ҚР Ппарламентінің Жоғары Палатаның бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуі дәстүрге айналған мереке болды. Баршамызға қуанышты оқиға. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған мереке. Алтыншы жыл тойлануда.


1-жүргізуші:

«Елі үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!»,- дегендей алдымен Ұлт Лидері туралы қаншалықты біледі екенсіздер сұрақтармен миға шабуыл жасап көрейік. 


І-кезең «Менің Президентім...»

сұрақтар

Сұрақ жауаптары

1.Ел басының балалық кезі туралы не айтар едіңіз? Несімен қызықты?

Ауыл баласы. Шаруа отбасынан шыққан. Кең далада өсті.

2.Ұлт Лидерінің лауазымы қандай?

Мемлекет басшысы, ішкі-сыртқы саясаттарда халық өкілі бола алады. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы т.б.

3. «Бүгінгі қазақстандықтар-жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды» қалай түсінесіздер?

Қазақстан -көп ұлтты мемлекет, жас ел. Ел болашағы жастар. Серпінді жастарды мемлекет қолдай отырып, барлық мүмкіндіктерді жасауда.

4. Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың біз білмейтін үлге алар жаңа қырлары қандай?

Домбырада ойнау, ән шырқау, спорт түрлерімен айналысу т.б.


1-жүргізуші:

Рахмет!

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен, 

Байлығым атын айтсам – Қазақстан! 

Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз, 

Болашақтың қасиетті көзіміз. 

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, 

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз. 


2 жүргізуші:

Құрметті студенттер келесі кезең. «Жылдар сөйлейді».

Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың еңбек жолынан деректер...


1-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ елінің жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым –қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы- Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың бастамасымен жасалған толағай жетістіктер.


2жүргізуші:

Иә, Жансая. Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатты, қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан ХХІ ғасыр заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты арқылы жетті. Тәуелсіздік билік тізгінін 27 жыл қолына ұстаған Ұлт Лидерінің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ, қазақстандық жастар жақсы білуіміз керек.


2-жүргізуші: ІІІ-кезең: «Елбасының еңбектері»

Ендеше Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың авторлығымен шыққан еңбектерге тоқталайық. Бірнеше еңбектерге шолу жасау.


1-жүргізуші: Құрметті студенттер Қазақ елі ғұлама адамдар құр алақан емес. Атақты адамдардан қалған ұлы сөз, өсиет сөздер, даналық сөздер қаншама. Сондай-ақ Ұлт Лидерінің қазақстандық жастарға арналған даналық сөздеріне назар аударыңыздар. (тақтада даналық сөздері көрсетіледі. қатысушы студенттердің жауабы тыңдалады)

1

«Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» сіздің ойыңыз...

Әр адамға туған жерінің ыстық екендігі айтылған

2

Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман...

Білім адам бақытының шуағы. Білімді адамның болашағы жарық.

3

Жас қазақстандық азамат дегеніміз-бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы, біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстауы тиіс

Мемлекет негізгі отбасы. Әр қазақстандық өз жауапкершілігімен мемлекет мүддесін жақсы түсініп, өз Отанының тағдыры үшін әр күреске, еңбекке дайын болуы керек

4

ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасайтын Ұлт болуы тиіс

Біз ұлы даланың перзентіміз. Тәуелсіздігіміз өмершең болуы керек. Ол үшін әр қазақ дайын болғаны дұрыс.

5

Біз «білім-ғылым-инновациялар» үштігі билеген постиндустрииялық әлемге қарай жылжып келеміз.

Қазақстандықтар білімі мен ғылымы әлем елдері қатарында болып, өркениетті дамудан қалмауды айтады. Ол үшін сапалы білім, саналы саясат керек.


1-жүргізуші:

Рахмет! Тамаша ойлар айтылды. Өз Отанымызды сүйетін қазақ жастары екендігімізді көрсеттік.



2-жүргізуші:

Келесі кезең «Елбасы және саясат» деп аталады. Сыртқы және халықаралық саясатқа шолу жасап қандай халықаралық ұйымдарға мүше болғандығымыз туралы баяндау.


1-жүргізуші:

Келесі айдар «Президент жолдауы» деп аталады.

12 сәуір 2017 жыл «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру»

-Жолдауда қозғалған мәселелер мен негізгі мақсат не еді?

-«Санамыз ісімізден озып, жаңғырып отыруы керек» дегенді түсіндірсек...

-Ұлттық құндылықтар мен ұлттық код деген бар?


1-жүргізуші:

5 қазан 2018 жыл «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталады. 22 жолдау

3-бөлімі. Өмір сүруге орта қалыптастыру. «жайлылық дегеніміз-ең алдымен тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі, қауіпсіздік пен жұмыс істеуге қолайлы елді мекннің және сапалы инфрақұрылымның болуы» туралы айтылған. Бұл жөнініде сіздің пікіріңіз қандай?


2-жүргізуші:

Жақсы. Ендеше бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған іс -шараны 2018 жылдың 21 қараша күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақала мәселелерін түсіндірумен аяқтайын. Мақала екі бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт (жеті мәселе)

2-бөлім: Тарихи сананы жаңғырту (түсіндірме ақпараттар)


Қорытынды:

«Міне, осындай шұғылалы елімнің,

Бірнеше ел сыйып кетер ұлан-байтақ жерімнің,

Толар шағы қазірден –ақ бар әлемге паш бүгін,

Болашағы берік қолда Нұрсұлтандай ерімнің»-, деп іс шараға қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда . Ендеше аға буынның атқарылып жатқан істері сендердің игіліктерің болса, оны аман сақтап қалу сендерге аманат. Аманатқа қиянат жасамау керектігін білесіздер. Жауапты азамат болыңыздар дейміз!

Сау болыңыздар. Рахмет.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!