Ұлт руханиятының үш
бәйтерегі
(тарихи-танымдық кеш)
Төлеков Әуелбай
Жұмағалиұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар
ауданы, Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінің информатика
пәні оқытушысы
Мақсаты:
Оқушыларды Бейімбет, Ілияс, Сәкен жайлы тың деректермен таныстыру,
талдау, қолдану, жүйелеу, салыстыру. Сыры ашылмаған дәйектемелер
арқылы дүниетанымын кеңейту.
Сұлулыққа сүйсінуге, талғампаздыққа,
отансүйгіштікке, елін жерін, тілін құрметтей білуге, еңбекқорлыққа
баулу, патриоттық сезімді бойларына сіңіру
Түрі: әдеби-танымдық кеш
Өту барысы:
Қазақ биі
1 ж: Армысыздар, ана тілін ардақтайтын, еліміздің тірегі-туған
тілін қадірлейтін барша әлеумет!
2 ж: Қайырлы
күн, қадірлі ұстаздар, құрметті оқушылар!
1 ж: Қазақ
әдебиетінің ірі классиктері, көркем проза шеберлері, сыршыл да
сыншыл лирик, драматург, әдебиет саласының тарлан талант иелері,
қазақтың үш бәйтерегі Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды
ақын-жазушыларымыздың 125-жылдық мерейтойына арналған
«Ұлт руханиятының үш бәйтерегі»
атты тарихи-танымдық кешімізге
Екі жүргізуші бірге: Қош келдіңіздер!
2-ж: Сәкен,
Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың
топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі
– күнгей шалғайында бір жылда туыпты. Үшеуі де бір жаздың
майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар
басыпты.
1-ж: Үш
бәйтерек.... Үшеуінің тумысы қандай бірдей болса, тұрмысы қандай әр
бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың
асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке
төзіп өскен , біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат –
парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтыған.Үшеуі де –
халқы мен заманының адал ұлдары.
( Қуғын-сүргін құрбандары туралы
бейнебаян)
2- жүргізуші: Сәкен Сейфуллин -атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын
тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске
арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған,
өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды
армандады.
1– жүргізуші: Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор
тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер
етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық
жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты.
Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей
білді.
(Сәкеннің өлеңдерін
оқу)
( сахна сыртында) 2- жүргізуші:
Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы
өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916
жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол,
тайғақ кешу» романында суреттелген.
Көрініс ( Сәкеннің хаты, анасының
хаты)
1-жүргізуші: Қалың заңғар,
құзды шатқа жарасқан тіп-тік шыңдай тәні де , жаны да сұлу Сәкен
аға сазгер ретінде қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша
әндерімен үлес қосты. (Сәкен Сейфуллиннің
әні «Тау ішінде» )
2- жүргізуші:
Қараңғылық, дәрменсіздік, қос үрей қорқақтық құрсауында
талмаусыраған қалың бұқараны азаттандыру, еркін де жарық әлемге
шығару, озық жұрттар санатына қосу, өнер - біліммен қаруландырып,
бақытты өмір жасардай дәрежеге жеткізу Бейімбет Майлиннің ес біле
көкірегіне ұялаған аңсаулы арманы, ынтыға іздеген нысанасы
еді.
1-жүргізуші: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуды, ұлттық
сана-сезімдерін көтеруді мақсат еткен ақын, драматург, публицист
Бейімбет Майлин шығармалары – қазақ
өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек
әрекеттерін бейнелейді.
2 -жүргізуші: Оның шығармаларының көркемдік ерекшелігі,
маңызы-қарапайымдылығы мен шыншылдығында, табиғи тұнық келбетінде.
Ақын-жазушы туындылары өз дәуірінің бүкіл тыныс-тіршілігін көрсете
білген тарихи шығармалар.
(Бейімбет өлеңдерін
оқу)
( сахна сыртында) 1 -жүргізуші:
«Шұғаның белгісі» повесі - Бейімбеттің үздік
туындыларының бірі. Махаббат, жастар бостандығы, ескі әдет-салтқа
қарсы үн қосқан-шығарма.
Көрініс (Әбдірахманның хаты, Шұғаның
хаты)
Ән «Қазақ елі»
2– жүргізуші: Қазақ поэзиясының Құлагері , сөзбен музыка, әуен, әуез
әлемінің сұлу сарайын соққан, күй жаршысы, талғампаз лирик, шыншыл
эпик ақын, шебер аудармашы, әдебиет, өнер зерттеушісі, халқын
сүйген, сол жолда жазықсыз жазаланған ұлтжанды азамат-Ілияс
Жансүгіров
1-жүргізуші: Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген,
халқымен жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын
бейнелеп, туған халқының жалынды жыршысы болған Ілияс поэзиясы шын
халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін
салды.
2- жүргізуші: Ақын поэзиясы жер жанаты-Жетісу, туған жер мен елге, оның
адамдары туралы сыр шертетін көркем де бейнелі
туындылар.
( Ілияс өлеңдерін оқу)
(сахна сыртында) 1 -жүргізуші: «Құлагер»
поэмасының негізі -аңыз бен тарихи шындық. Негізгі мәселе-өнер
жүйрігі, ат жүйрігі, олардың тағдыры.
Кинодан үзінді ( «Құлагер»
поэмасынан үзінді)
1-жүргізуші:
Айрылыппыз асқар таудай Аханнан,
Сырбаз сері, дауылпаз сұңқар
Сәкеннен.
Ілияс пен Бейімбеттей ақыннан,
Кетті нақақ, жұрттан сұмдық
жаладан.
2- жүргізуші:
...
Кімге обалым, айтыңдаршы
Қаным қайда төгілген?
Ат
деген кім? Атқан қайсың?
Қабірім қайда көмілген...?
1 - жүргізуші: Бұл –Сәкен, Ілияс,Бейімбет ағалардың даусы. Өкінішке орай,
бұл сұраққа алдыңғы толқын аға ұрпақ та, кейінгі толқын біз де
жауап бере алмаймыз. Бірақ бір нәрсе-анық. Нақақтан күйіп кеткен
асыл ағаларымыздың обалы-әділетсіздікпен бетпе-бет келгенде, көзі
жұмылған, тілі күрмелген екіжүзділерде.
2-жүргізуші: Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық
болып ояту-біздің адамзат алдындағы борышымыз.
1 - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр
болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәңгілік. Алаштың
асыл азаматтарының есімі мәңгілік жасай берсін! Ән «Атамекен»
Екі жүргізуші бірге: Мәңгілік еліміздің еңсесі биік, туы тұғырлы
болғай.
Қош
сау болыңыздар!