400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлт үшін - жан берген ұлылар

Материал туралы қысқаша түсінік
1937-1938 жылы өткен репрессия жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлт үшін - жан берген ұлылар


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті 1 курс 102 топ студенттері 1937-1938 жылы өткен репрессия құрбандарына арнап кеш өткізді.


Қазақ көзін ашқан бұл тағдырлар,ғасырлар бойы естен кетпес еңбек қалдырды.Кешегі “Оян Қазақ” , “Мен жастарға сенемін” атты өлеңдерімен жырлаған Міржақып Дулатұлы,Мағжан Жұмабаев,Ахмет Байтұрсынұлы,Әлихан Бөкейхан,Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин және т.б ұлт зиялыларының бұл еңбектері еш ұмытылмас.Бірі өлең жазып,шығарма жазса,бірі әліппе жазды.Олардың осы еңбектерді жазу кезінде қанша қиыншылық көргенін ешкім сезінбескін. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлт зиялыларының ел болашағы жолындағы жанқиярлық еңбегін таныту, олардың рухани мұрасын дәріптеу. ҚазҰУ қабырғасында Журналистика факультетінде болған бұл көріністер,ұлттық сана мен бірлік жайлы ой қозғады.

Сахна төрінде Мағжан Жұмабаев пен Зылиха есімді арудың арасындағы нәзік лирика бейнеленді. Мағжанның «Пайғамбар» өлеңінен үзінді оқып, оны Зылихаға жолдаған сәті көрерменнің ерекше ықыласына ие болды. Бұл көрініс тек поэзия емес, тұтас ұлттың арман-үмітін, ұлт рухының серпінін жеткізді.

Көрініс кезінде Ахмет Байтұрсынұлы мен оның жары Бадрисафа сауатсыз балаларға хат танытып, білім үйреткені,ұлт ұстазының ағарту ісіндегі ерлігі мен Бадрисафаның жанашырлығын көрсеткені сахна залында отырған студенттердің рухын оятты.

Сонымен қатар Жүсіпбек Аймауытов пен Мадина арасындағы терең рухани байланыс бейнеленді. Мадинаның жан тебірентерлік монологыда оқылды

Бұл кеш–тек өнер емес, тәрбие мен тарих сабақтары тоғысқан тағылымды кездесу болды. Айта кету керек, бұл шарада тек 102-топ қана емес, 101, 103, 104 және 105-топтардың да қойылымдары өте жоғары деңгейде өтті. Әр топ ұлт зиялыларының түрлі қырын ашып, олардың ерлігін, ағартушылығын, әдебиет пен саясаттағы қызметін әсерлі сахна арқылы жеткізді.

Ұйымдастырушыларға және 102-топ студенттеріне алғыс білдіре отырып, осындай рухани шаралардың жиі өтіп тұруын тілейміз. Ұлт рухын ұлықтау – мәңгілік міндет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 сәуір
190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі