Ұлт
үшін туған ұлы тұлға.
Жүрегіңнің
түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да
ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә
қойма!
Осы кітапханадан байқаймын көптеген
кітапта ұлы тұлғалар жайында жазылған
немесе сөренің көптеген бөлігінде сол
ұлы тұлғалардың жинақтары тұрады. Жалпы
қарап отырсақ қазақ халқымызда ұлы
тұлғалар жетерлік.Ал,ұлт үшін туылған
тұлғалар ше? Құдайға Шүкір саусақ
санарлықтай емес. Бірақ қайсыбіріне
тоқталайын,бәрі ұлты үшін жанын пида
еткен, ал біреуі ұлтының қамы үшін үлкен
тәуекелге барған.
Бұл кезекте мен қазақ әдебиетінің
көркеюіне өз үлесін қосқан, қазақ
ұлтының бір туар ақыны Абай Құнанбайұлын
сөз еткім келеді.
Абай Құнанбайұлы - сонау көне заманның
ақылшысы,сол заманның надан халқын
білімге шақырған, ал туындыларын оқысаң
бойыңа тек адами құндылықтарды сіңіресің.
Оған дәлел ретінде А.Құнанбаевтың "қара
сөз" атты туындысында:жаман қасиеттен
аулақ болуды насихаттаған.
Ақын
тек білімділік пен шектеліп қана қоймай,
адамның көркем мінезіне де көңіл бөлген.
Өз басым Абай Құнанбайұлының туындысын
қысқаша "нағыз адам болудың сыры"
деп атар едім.
Қорытындылай
келе, ұлт үшін туылған тұлға деп ұлтына
жаны ашығыш, жүрегі "халқым" деп
тұратын тұлғаны айтатынымыз мәлім. Ал,
Абай Құнанбайұлы осы сөздерге бірден-бір
тірі дәлел болмақ.
Ұлт
үшін ұлы тұлға, Ұлт үшін туылған дара
тұлғаларымыз өте көп, бірақ солардың
ішіндегі ерекшесі ол – Бауыржан Момышұлы
деп ойлаймын. Бауыржан Момышұлы өте
зерек, өзгеше жан болған. Оның ерліктері
мен ерекшеліктері өте көп.
Бауыржан
Момышұлының толық тұлғасын сипаттай
аласыз ба? Әрине, Бауыржан Момышұлы ел
есінде қалатын, тарихта өз таңбасын
қалдырған ерекше адам. Ол келбетті,
сұңғақ бойлы өзгеше жан болған. Ол қатал
да мейірімді, қатігез де көрнекті жан.
Ол ұлт тұлғасы десем мүлде қате айтпаймын,
оның ерліктері әлемге әйгілі.
Бауыржан
Момышұлы – даңқты батыр, көркем жазушы,
қатал да жаңашыр басшы. Оған дәлел : 1941
жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен,
Бауыржан даңқты генерал-майор
И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы
маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар
дивизиясының құрамында майданға
аттанады, батальон, полк командирі
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы
жылдарында гвардиялық дивизияны
басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы
кескілескен шайқастар кезінде өз
батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты.
5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік
құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды.
Қорыта
келе : біз Бауыржан ағамыз мықты екенін,
намысшыл және Отаны үшін бәріне баратынын
біле аламыз. Мен батырымызбен мақтанамын!