Материалдар / Ұлттың құндылықтарының бірі - қасиетті қамшы

Ұлттың құндылықтарының бірі - қасиетті қамшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қамшы - ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы - қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандары¬ның бірі болды.
Авторы:
21 Қараша 2018
845
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Новорыбин орта мектебі –бақшасы»ММ













Тақырыбы: Ұлттың құндылықтарының

бірі - қасиетті қамшы











Бағыты: Этнопедагогика

Орындаушы: Саганбекұлы Ерасыл 3 - сынып





Жетекшісі: Адебиет Гүлрауза

І санатты бастауыш сынып мұғалімі










Жұмыс жүргізілген орны: Новорыбин ауылы

2017-2018 оқу жылы


Мазмұны


Аңдатпа (орыс тілінде) .......................................................................................1


Аңдатпа (ағылшын тілінде)...............................................................................2


Кіріспе ..................................................................................................................3-4


Негізгі бөлім


1 бөлім. Қамшы құралы жайлы жалпы түсінік ............................................5


    1. Қамшының негізгі бөлігі .....................................................................5-6


    1. Қамшы түрлері, оны өрудің халықтық дәстүрі ...............................7-9


2 бөлім. Қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орны .....................10


2.1. Қамшының салт- дәстүр, әдеп- ғұрыпта қолданылуы ...................10-11


2.2. Қамшының емдік қасиеттері ....................................................................12


Қорытынды .........................................................................................................13


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................17


Қосымша

- жинақ

- буклет






















Кіріспе


Қамшы - ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы - қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандары­ның бірі болды. Қазақ аттан түсіп жаяу қалғасын, қолына қамшы ұстауды да қойды. Қолына қамшы ұстаған қазақ айбарлы, сәнді көрінуші еді. Ат пен қамшыдан айырылған жай қазаққа айналды.

Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және алдындағы малды айдау үшін қандай да бір құрал қажет болған.

Алғашында атқа мінген адам қамшы ретінде әртүрлі шыбық, ағаш қолданған. Уақыт өте келе бұл құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған, бертінірек өрме өнері шыққанда шикі қайысты өріп, өрменің санына байланысты қамшылар үш таспа өрім, төрт тас­па, алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа өрім болып бөлінген.

Қамшының ең алғаш қандай бөліктерінің қалай аталғанын жазған

Ш. Уәлиханов. 

Қамшы - ұстаған адамының қайрат- қуаты артып, жамандықтан, тіл- көзден сақтап жүретінін, сал- серілердің серілігін танытатын, отбасының, отағасының  қорығы екенін білдіретін қазақ мәдениетінің киелі сыйы. Қазақ  шаңырағының төрінде ілулі тұратын  қамшыны көргенде, таспадай тіліп өтетін тілі бар, қамшының өріміндей бедерлі берекесі бар, қазақтың қанына біткен қайсарлығы бар  азаматтың шаңырағы екенін түсіндіреді. Ал, қасиеті мен құрметі ерекшеленген адамдардың киесі мен қуаты қамшыға ауысып отырады. Қамшы мен емші бірін- бірі толықтырып отыратын киелі құдірет екенін ырымшыл халық мойындаған. Қамшының тарихын, негізгі бөліктерін зерттеу арқылы, оның пайдасы мен халқымыздың тұрмысындағы орнының айқындалуы жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Сонымен, ел алдында жүрген жақсы адамдардың, қуатты адамдардың қамшысын ырымдап отырған. Қамшы- қазақ халқының шаруашылық, мәдени өмірінде кеңінен қолданған ежелгі құралдарының бірі [4, 220-б].






Зерттеу жұмысының мақсаты: Қамшының шығу тарихын, қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орнын анықтау арқылы оның құрылысымен танысу.

Болжам: Жастар қамшының қасиеті мен пайдалылығын ұғынады.

Зерттеу кезеңдері:

  • Зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылау;

  • Қамшы туралы ақпараттар жинастыру, материалдармен танысу;

  • Кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау;

  • Зерттеу жұмысы негізінде нұсқаулар шығару

Зерттеу әдістері:

  • Түрлі деректер мен зерттеулерді қолдану;

  • Сұхбаттасу;

  • Сауалнама алу

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Қазақ халқының тұрмысында ерекше орын алатын қамшы туралы мәліметтер жинақтап, оның пайдасын болашақ жас ұрпақтарға түсіндіріп, кеңес беру, қамшы туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер кітапшасын құрастыру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Зерттеу барысында қамшы ата - бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай білу - болашақ ұрпаққа міндет және денсаулыққа пайдасы мол екені анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Қамшы туралы жинақталған мәліметтерді, көрнекіліктерді «Әдебиеттік оқу» арнайы курс, «Дыбыстардың сыры» үйірме жұмыстарында, қосымша құрал ретінде музыка, еңбекке баулу сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қамшының тарихын, негізгі бөліктерін зерттеу арқылы, оның пайдасы мен халқымыздың тұрмысындағы орны айқындалады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Негізгі бөлім

1 бөлім.

Қамшы құралы жайлы жалпы түсінік

1 .1. Қамшының негізгі бөлігі

Қ азіргі таңда қамшы өруді, қам­шыгерлікті жас ұр­паққа үйретіп, насихаттап отырса елдік, ерлік дәстүріміз жалғастығын табар еді. Қамшы - атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.

Ол үлкен екі бөліктен тұрды: өрімі және сабы. Қамшы сабы көбінесе 4 - 7 тұтам тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, таутекенің мүйізінен жасалып, барынша әсемделеді. Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі – тұтамы (тұтқасы), оған тесіліп өткізілген қайыс таспа- бүлдіргісі деп аталады.

Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап, мойнақтап, металмен, былғарымен, қайыспен орап тастайды. Өрім мен алақанның қосылған жері- шежемей. Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды.

Елік, киік сирағынан металл, терімен мойнақтап, орам салып, шашақталған қамшы өте сәнді де бағалы [1, 46-б].



Жалпы, қамшы өрімінің сапқа жалғасқан бөлігінің атауы - бауырлақ (бауырдақ, бауырдауық), оны көмкерген жез, мыс күміс бөлігі - мойнақ, біріктірген шегесі - бүркеншік, қамшы сабына бауырдақты ораған бұрама металл- шырмауық, ол таспалап бекітілсе - бунақ, өрімнің ұшындағы ұшығы - түйіні, алақанның бауырдаққа қарама қарсы жағына жұқалап қабаттап салған кішкене бөлігі - қамшының тілі, үстіңгі жағында жіңішкелеп, шашақ тәрізді етіп тігілген, ұзындығы екі еліден бір жарым тұтамдай ұзын таспа шашағы- қамшының кекілдігі, қамшы өрімінің басталар тұсы мен сапқа бекітілетін бауырдақ аралағындағы бөлігі- алақан.

Сонымен қамшы бөліктерінің атауы мынандай:

1.Өрімі.

2.Сабы.

3.Тұтамы.

4.Бүлдіргі.

5.Шежемей.

6.Бауырлақ.

7.Мойнақ.

8.Бүркеншік.

9.Шырмауық.

10.Бунақ.

11.Таңдай.

12.Түйін.

13.Қамшының тілі.

14.Тілме.

15.Қамшының кекілдігі.

16.Алақан.

17.Шашағы.

Қорытындылай келе, қамшы- ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы- атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.



1.2. Қамшы түрлері, оны өрудің халықтық дәстүрі

Мен зерттеу жұмысымның барысында қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орны жайында біле бастағаннан кейін өзімнің сыныптастарымнан сауалнама алдым.

Қамшы қандай құрал? - деген сұраққа 100% - иә деп жауап берді.

Қамшының қандай түрлерін білесіңдер? - деген сұраққа 16% - иә деп, 74% - жоқ деп жауап берді.

Қамшы қандай бөліктерден тұрады? - деген сұраққа 100% - иә деп жауап берді.

Адамға қамшы не үшін керек? - деген сұраққа 62% - иә деп, 38% - жоқ деп жауап берді.

Мен зерттеу жұмысымның барысында қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орны туралы тереңірек білгім келіп, Кеген Бапар атадан мәлімет алдым. Кеген Бапар ата: Әкем қамшы өретін еді, бұл өнерді содан үйрендім. Мен ауылда туып өстім. Ол жерде машина жоқ. Сол себептен бәрі атқа мініп жүреді. Баласы да, кәрісі де дойыр қамшы ұстайды. Кісіге шабатын буралар мен бұқалардан қорғану үшін бұл дойыр міндетті түрде керек. Қазір қамшы өретіндер де санаулы. Қамшы жасау оңай емес. Оған қажетті терілерді дайындаудың өзі қиындықпен келеді.

Сонымен қатар Кеген Бапар: Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінетінін, оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар екенін айтып берді. Кеген Бапар ата соның басты- бастыларын талдап түсіндірді:

Қамшының қарапайым түрiнiң бiрi- бишiк. Ол қамшыға қарағанда қарапайым, өрiмi сабынан үш- төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Оны мал айдағанда, ат- арба не ат шанамен жүргенде жиi пайдаланады. Өрiм алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Қамшының өрiмi сабынан бiр жарым еседей ұзын болады. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi [2, 123-б].



Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады.

Өрім түрлері:

1Үш не төрт бұрым өрімі. Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы.

2. Алты өрім. Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп сөзді өрімшілер көп айтатын.

3. Сегіз өрім. Бұл – мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.

4. Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады. Сәндік қамшылар өріміне сәйкес төрт, алты, сегіз, он екі қырлы болып жасалынады.

5. Қырық өрім. Оған тарамыс қолданылады. Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық екі өрімді де жасап шығарғандар бар. Аталарымыздың айтуынша, қамшының ең қолайлысы 12 өрімдігі.

Өрім технологиясы: иленген теріні үш елі етіп кеседі, ұзындығын оның саласына қарай сыдырғыдан өткізеді, жалпақтығын, енін, қалыңдығын реттейді. Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады. Сыдырғы жасау үшін тобылғының үш жағына кертпе салынады, сол арқылы өткізілетін таспаның, терінің ені, қалыңдығы мөлшерленеді, әдейілеп қондырылған өткір пышақтың жүзімен тілінеді. Негізінен, шикі теріден жасалынған қайысты таспа деп атайды. Тарамысты қырық екі өрім қылып тарқатады да, содан өрім дайындайды, ол үш тұтам болады. Өрім әбден дайын болғанда оған алақан жасайды, ол тобылғы сапты, қамшыға бауырымен өрілуге тиісті. Елiк сирағынан жасалған қамшы сәндiкке болмаса, қажетке жаратуға келе бермейдi. Әрине, оны да қолдануға болады. Алайда, ел iшiнде елiк сирағынан жасалған қамшының жолы ауыр деп есептеледi.




Сирақ болсын, тобылғы болсын алдымен кептiрiп алынады. Сосын барып бүлдiргiсiн қайыстан ойып шығады. Бүлдiргiге түрлi пiшiндегi ою- өрнектер салынады. Бүлдiргi тесiлiп, қайыс жiппен таспаға тастай оралады. Ең соңында үш бөлiк те бiр- бiрiмен бекiтiледi. Таспаның орта тұсына дейiн оралған қайыс өзiнше сән берiп тұрады. Қолдан сырғып түспеу үшiн саптың соңы тесiлiп жiп өткiзiледi [11, 39-б].


С онымен, қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам- тарам етiп тiледi. Өрiм саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседi. Алайда, оны өру де айтарлықтай қиындайды. Өйткенi, өрiм саны қаншалық көбейсе, соншалық қайыс тармағын жiңiшкерту қажеттiгi туады. Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады.















2 бөлім. Қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының орны


2.1. Қамшының салт- дәстүр, әдеп- ғұрыпта қолданылуы

Қамшы бұл қазақ халқына тән нәрсе. Оның бойында қасиеті де, құдіреті де, киесі мен иесі- Сесі бар. Қазағымның мәңгүрттеніп, судан тиыш, бетегеден аласа болып қалғаны да осы қамшысынан айрылғанының кесірінен. Қазақтан белінен семсері мен қанжары, шаңырағынан қылышы мен найзасы, астынан аты, қолынан қамшысы кетіп еді, Сесі де бірге жоғалды.

Ат айдаса- құралы, аң ұстаса- қаруы, жабырқанса- сырласы, жауға шапса- рухы, дұшпанына- Сесі! Сондықтан да ол мұра болып, бабалардан- аталарға, аталардан- әкелерге, әкелерден- балаларға, одан да беріде мына бізге жеткен.

Кейінгі ұрпаққа жеткізу біз үшін парыз. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады.

Атам қазақ қамшының қыр- сырына бесігінен қаныққан, кие- қасиетін ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Себебі, бала бесікте жатқанда шошымасын деп бас жағына қамшы тастаған, не болмаса жастығының астына тастаған [3, 94-б].

Мен зерттеу жұмысымның барысында Астана қаласындағы қамшы сатылатын «Әлем», «Орталық базар» сауда үйлеріне барып, сатушылардан қамшының бір күндік сатылу көрсеткішін сұрап, білдім.

Біздің қазақ халқында қамшыға байланысты мақал- мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері аз емес. Ата- бабаларымыз қамшысы арқылы өз көзқарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдарымен тарқатып, түсіндірсек:

1. Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «қарайласпады», «жамандық, опасыздық істеді», - деген мағынаны білдіреді.

2. Басына (төбесіне) қамшы үйірді (ойнатты). Мағынасы: Қорқытты, сабауға ыңғайланды, үрейлендірді, жан алқымға алды, қауіп төндірді.





3. Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Яғни, айыпсыз болса, шешім оның ақтығын айғақтайды, айыпты болса, шешім оның қаралығын дәлелдейді.

4. Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді.

5. Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Таяқ жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.


























2.2. Қамшының емдік қасиеттері

Қамшының қасиетін сипаттар болсақ, ең алдымен оның тобылғыдан жасалған сабына бір тоқталып өтелік. Тобылғы қазақ жерінің нулы- сулы, тоғайлы жерлерінде кездесе береді. Осы топталып өсетін ағаш келе- келе қатайып, темірдей берік болады және ыстық- суыққа төзімді, судан қорықпайды, жарылмайды. Тобылғының майы теміретке сияқты жараға жағуға емдік қасиеті өте шипалы және тіс шұқығыш құралы ретінде де қасиеті сол- тістегі бактерияларды жояды. Тобылғыны қамшыға сапқа дайындайтын мерзімі желтоқсан айы. Өсімдік майымен тазалап, сүртіп, күннің көзі, желдің лебі тимейтін көлеңкелі жерге кептіреді. Осыдан кейін ғана ол қамшыға сап жасауға қолданылады.
























Қорытынды

Қамшы- ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы- атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.

Зерттеу барысында қамшының жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрі бар екенін, бірнеше бөліктерден тұратынын және оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар екенін білдім. Сонымен қатар қамшы өрудiң ғасырлар бойы сақталған өзіндік көптеген түрлері қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет. Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым түрiне жатады.


Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 20 бала қатысты.

1.Қамшы неден жасалатынын білесің бе? Иә-20

2. Қамшыны жасап көрдің бе? Иә- 1, жоқ-19
3. Қамшыны ұстап   көрдің бе? Иә-15, жоқ-5
4. Үйлерінің төрлерінде қасиетті қамшы бар ма? Иә-6, жоқ-14
5. Қасиетті қамшының адам денсаулығына пайдасы бар ма?

Иә-10, жоқ-10















Сыныпта оқушыларға жобамды таныстырдым.



























Ал қазіргі таңда жасөспірімдерде қамшының қасиеті жайлы мағлұматтары аз, осыған орай, осы проблеманы шешу үшін мынадай жоба ұсынамын.

1. Ата- бабаларымыз пір тұтқан қасиетті қамшыны дұрыс қолдану;

2. Жас өспірімдер арасында қамшы және оның қасиеті жайлы жарнама жұмысын жүргізу;

3. Елімізде қамшы жасайтын шеберханалар салу.






















Аннотация


Осы жоба қазақ халқы өміріндегі қасиетті қамшының сан ғасырлық өзіне тән тарихы туралы мәліметтер жинақтап зерттеуге арнадым.

Қамшы ата- бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалай білу- болашақ ұрпаққа міндет және денсаулыққа пайдасы мол екенін анықтадым .

Қамшы- ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі. Қамшы- қазақтың ғасырлар бойы ұстаған ұлттық нысандары­ның бірі болды.

Қамшы- ұстаған адамының қайрат- қуаты артып, жамандықтан, тіл- көзден сақтап жүретінін, сал- серілердің серілігін танытатын, отбасының, отағасының  қорығы екенін білдіретін қазақ мәдениетінің киелі сыйы.

Қазіргі таңда тайға мінемін. Қолыма атам жасап берген қамшымды үнемі ұстап жүремін.

Қамшының жасалу технологиясын танысқым келді. Атама өз ойымды айттым. Атам қуана келісті. Сонымен қатар кітаптардан, ғаламтордан қамшының түрлері туралы  деректер жинадым. Сыныптағы оқушылар арасында  да сауалнамалар жүргіздім. Сауалнаманың нәтижесінде өз сыныптастарымның қамшының пайдасы мен жасау әдістерін қаншалықты деңгейде білетіндіктерін анықтадым. Қамшы туралы мектеп оқушыларының толығырақ  мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен  осы жобаны ұсынып  отырмын.
















Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақтың ұлттық педагогикасы   Алматы   2000ж
2.
Қазақ энциклопедиясы  Алматы  2002ж
3.
Ғаламтор

4.Сен білесің бе?-2 атты тарихи – этнографиялық кітаптар топтамасы. Аруна  баспасы.2002. 11 бет

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі