Ұлттың ұлы ұстазы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттың ұлы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбы сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:18.03.2022ж. Сыныбы:5 «А»

Тақырыбы:Ұлттың ұлы ұстазы Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу,әдеби-әуенді кеш

Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері, бейнежазба,презентация,кітаптары, бүктемелер.

Тәрбие сағатының өту барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:

Ахмет Байтұрсынұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Міржақып Дулатов

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан Жұмабаев

Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
Бүгінгі сабағымыз 4 бөлімнен тұрады.
1- бөлім:Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің жарық жұлдызы.
2-бөлім:Ахмет Байтұрсынов – ғалым. 3- бөлім:Ахмет Байтұрсынов – ақын. 4-бөлім: Ахмет Байтұрсынов –аудармашы.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнежазба көрсету.

Ендігі сөз кезегін оқушыларға берейік.


1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы...Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.

2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы,публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, композитор әрі орындаушы.


1-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының «рухани көсемі» болған Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.

2-жүргізуші: Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер.

Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен, шығармаларымен танысып өтсек.

1-оқушы:Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы.

 2-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы  5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушыпедагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері.

3-оқушы: Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты —Байтұрсын".

Әкесі

Байтұрсын Шошақұлы

Анасы

Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы

Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары

Аумат, Қазихан, Шолпан

4-оқушы:Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. 6 әні, 1 күйі бар.

5-оқушы:1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады.

6-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің Орынбордағы кезеңі, оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары – Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін шығарып тұрды.

7-оқушы: Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 жылы  Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы



қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.

8-оқушы: Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады.


1- жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың «Әліпбиімен» ашып, ана тілін «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айтарлықтай болды.

2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», «Тіл-құрал» атты көлемді еңбектері – әдебиеттану, тіл білімі салаларына арналған тұңғыш зерттеу жұмыстар.Олай болса, ұлт көсемінің ғылыми еңбектеріне шолу жасайық.

Таныстырылым жасайтындар- Тұралы Бақдәулет пен Дәулетияр Сағина


1-жүргізуші: Енді кезекте, репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.

Сот үрдісінен  көрініс

ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымына қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Барып тұрған халық жауы.Қылмыстық істер кодекісінің 58- бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!

( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)

Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,

             Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

              Маған ауыр осылардың бәрінен

              Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...

             Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

             Айдай бер қалса адамның қуылмаған.

( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайта шығады)

Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

              Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!

              Өлген күні апарып тығары-көр,

              Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

             Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

             Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

             Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

           

Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.

2-жүргізуші: 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айырылды.

1-жүргізуші: 1927 жылы Смағұл Садуақасов Ахмет Байтұрсыновты профессионал ақын деуден гөрі ірі қоғам қайраткері және ғалым деп тану дұрысырақ деп жазған болатын. Әйтсе де, Ахмет Байтұрсыновтың таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екенін танытады.

2- жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - ақын. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса», «Үзік» деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. «Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

1-жүргізуші: Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
                       Жөн сілтедім жақын емес, алысқа
                       Өзге жұрттар өрге қадам басқанда 
                     Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!»  

 Ахмет Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» өлеңі. Оқитын Жүнайдулла Алихан.

2-жүргізуші: Бір ақын айтқан екен «Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп. Міне сол ақын айтқан адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы еді. «Адамдық диқаншысы»өлеңі. Апжаппар Бибек

1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін,
                        Ашатын жан сарайын білімдінің.
                        Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
                        Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - деп айтқандай келесі кезекте Ахмет Байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңі. Оқитын Тұрысбек Інжу.


2-жүргізуші: Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады.
1-жүргізуші: Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық - зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып - тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді.



2-жүргізуші:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,                     

Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деге , жоққа-сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!

Ахмет Байтұрсыновтың «Қартайған арыстан» мысалы. Оқитын Жанат Кәусар.

1-жүрізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе, Ахмет Байтұрсыновтың әні мен сөзіне жазылған «Қараторғай» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын:Мирзабаева Индира

Кері байланыс. «Менің бір ауыз сөзім» әдісі. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа кері байланыс жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

2-жүргізуші:Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай, 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.

Бүгінгі 5 «А»-сыныбының «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Екі жүргізуші бірге:Сау саламатта болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі