400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық асық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық асық ойынын дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

« Абылайхан атындағы №2жалпы орта мектебі »

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дене шынықтыру бойынша қосымша білім беру педагогы:

Сарыбаев Нұрдәулет Арыстанұлы



Қазақтың Ұлттық ойыны Асық ойыны


Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік ба­сында орналасатын шымыр сүйек.
Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу. Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу.  Асық ойынының маңызы мен оның түрлерін анықтау. Ұмытылып бара жатқан ойынды жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызықтыру. Асық ойынының түрлері: бес табан, бес асық, үш табан, алты атар, шық етер, хан, арқаласпақ, сақа атар, сасыр, құжтәйке, асық иіру, жаппай, шеңбер, омпа, қора, бес қақпай, алшы атар, құмар деп аталады.
Қазіргі уақытта асық ойыны мектеп арасында кең тараған түрлері: Бестабан ойыны және бес асық ойыны. Асық ойынында ең бірінші сақа таңдалып алынады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды.

Асықты шиырып-шиырып иірсеңіз, ол сегіз түрлі жағдайда болады: алшы, тәйке, бүге, шіге, қыңжы, тоққа, омпы, шомпы болып жерде жатады, әрине көбінде бүгесі мен шігесі көп болады.
Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.
Жалпы асық ойынының түрлері сан түрлілігімен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде осы ойынды балалар арасында көп ойнатылса, ұлттық ойынымыз дами түсері анық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.05.2021
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі