Материалдар / Ұлттық біріңғай тестке сеніммен барайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық біріңғай тестке сеніммен барайық

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұлттық біріңғай тестке сеніммен барайық.Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету.Міндеті:
  • Өзіне сенімді болуға баулу;
  • Өзіндік бағалауын анықтау;
  • Стресті жеңуге жол көрсету;
  • Оқушыларды Ұлттық біріңғай тестті сенімді тапсыруға дайындау.
Сабақтың түрі: Психопрофилактикалық сабақҚұралдар: Балауыз, А4, қалам, үнтаспа, құлаққап.Кіріспе сөз: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады.Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңдар , міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар» деген емес пе? Бақтарың жансын.Тренингтің кезеңдеріОқушылар екі топқа бөлінеді: Үміт және сенім.
  • Екі топқа екі түрлі жасырылған сандарды табу тапсырылады. Оқушылардың өздерінің мінезіне сипаттама беру үшін неше түрлі кескіндемелерді таңдау тапсырылады.


1-символ: Жомарт, адамгершілігі мол.Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз.Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. 2-символ: тартымды, шыншыл.Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз.Мінезіңіз жақсы, адамдар сізге сенеді, сіз тез ойлап, тез әрекеттенуге дағдыланғансыз.3-символ: Ақылды, ойшыл.Сіз көп ойланасыз. Идеяларыңыз бен ойларыңыз сіз үшін маңызды.Ойланып, білім алуға құштар адамдармен тіл табыса аласыз. Дұрыс жолмен жүруге тырысасыз.4-символ: Зерек.Сіздей адам бұл әлемде жоқ. Тіпті ұқсайтын адам да жоқ. Көп адам сізді дұрыс түсінбейді.Мұндай жайттарды жүрекке жақын қабылдайсыз.5-символ: Сенімді.Сіз –тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз.Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз.6-символ: Тартымды, энергиясы мол. Сіз ашық жүзді көңілді адамсыз. Адамдарды таң қалдырып жүресіз.Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.7-символ:Бақытты, сабырлы. Сіз сезімтал адамсыз.Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Адамдарды, өмірде болған жайттарды сабырмен қабылдайсыз.Көп уайымдамайсыз.8-символ:Мейірімді, сезімтал. Айналаңызда досыңыз көп.Оларға көмектесіп жақсы дос болуға, ерекше болуға тырысасыз. 9-символ: Жолы ашық. Өмірді қымбат сый деп бағалайсыз. Жетістіктеріңізді мақтан тұтасыз. Өмірді мәнді етіп өткізгіңіз келеді.Өсіп-дамуға барыңызды саласыз.
  • «Үміт хаты» жаттығуы
Мақсаты: Сыныптастары туралы ой-пікірлері мен қасиеттерін анықтау.Оқушыларға аттары жазылған парақтар үлестіріледі.Осы оқушының қасиеттері туралы жазу тапсырылады.

  • «Қош бол, кедергілер» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ алдындағы қорқыныш сезімдерінен арылту.Нұсқау: ҰБТ тапсырып сынақтан өткелі жатырсыздар, қорқыныштарыңыз болады. Сол қорқыныштарыңызды ақ параққа түсіріңіздер.Енді сол қорқыныштарыңызды қуанышқа, яғни жақсы жағынан өзгертіп жазыңыздар немесе суретін салыңыздар.
  • «Соқыр мен жетекші» ойыны
Мақсаты: Өзіне жауапкершілік ала білуге үйрету.Нұсқау: Жұпқа бөліну. Орындықтарды жылан іспеттес ирелеңдетіп қойып оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өткізу керек. Кезекпен қайталайды. Орын алмастырады.Талдау: «Соқыр» рөлін ойнағанда қандай күйде болдың?Жетекшіңе қаншалықты сендің?Сен өзіңе жауапкершілік алғанда қандай сезімде болдың?Сен өзіңде қай уақытта жақсы сезіндің? «Соқыр» рөлінде ме, әлде «жетекші» рөлінде ме?

  • «Өзіңді сынап көр» ойыны
Нұсқау: Топтағы бір оқушы құлағына құлаққапты тағып, әуеннің даусын барынша қатты қояды.Талдау: сөздерді табу қиындық тудырды ма?
  • «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Мақсаты:Бір- біріне деген сенімділік пен сыйластықты арттыру.Нұсқау: Қобдиша ішінде жақсы қасиеттер жазылып тұрады. Кімге лайық болса соған сыйлайды.Талдау: Қандай әсер алдыңдар?
  • «Құбыр» жаттығуы
Мақсаты:Ұйымшылдықты арттыру, ептілікті дамыту. Нұсқау: А4 парағын екі бүктеп, жарты құбыр секілді бір-біріне жалғастыру.Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңыздар?
  • «Стресті қалай жеңуге болады?» ойыны.
Ойын барысы: Ортаға оқушылар шығады. Оқушыларға шар үлестіріледі.Сұрақ қойылады: «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?». Оқушылар жауап беріп шарды үрлейді, әрбір оқушының жауабынан кейін шар үріле береді. Шар үлкейе береді. Оқушылар шарды жарады.Екінші шар беріледі. Жаңағы айтылған сөздердің жақсы жағына қарай өзгертіп айтып, шарды үреді.Үлкейген шардың желін жай ғана шығарып отырады. Шардың ішінде жел қалмайды.Талдау: Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер? Оқушылар өз ойын айтады.Қорытынды: Ортаға барлық оқушылар шеңбер құрып тұрады. Психолог: Міне оқшылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ –ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін. Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ –ға сеніммен баруға байланысты қолдарыңа балауызды алып, бір-бірлеріңе тілек білдіріңдер.Оқушылардың тілектері бітеді.

Психолог: Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода, сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады. Біз сол бақытты сәттерді сезіну арқылы бақытты боламыз. Бір-біріңнің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!», - деп айқайлаңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!