400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ тапсырушылармен жұмыс жасаушы педагогтерге арналған мәліметтер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін, оның ішінде түлектер үшін ең маңызды кезең екендігін ескере отырып, ҰБТ оқушылардың орта білімінің жалпы бағалау көрсеткіші болып саналатыны ұстаздар қауымына белгілі.

Жылдан жылға ҰБТ кезеңдері мен талаптары жоғарылап, өзгеріп келеді. Жүктеме жоғарылаған сайын оқушының жүйке-психикалық кернеуінің жоғарылауы пайда болады, ал шамадан тыс эмоционалды жүктеме ерекше күш-жігерді қажет етеді. Осындай жағдайда бала денсаулығы ғана емес, сонымен қатар психикалық және психологиялық, физикалық денсаулығы да зардап шегіп, оның ішінде дауылды эмоционалды жағдай орын алады. Сонымен қатар адам өміріндегі денсаулыққа кері әсер етуші факторлар оның физикалық, психикалық және психологиялық жағдайына тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сәтті өтуі көп жағдайда субъектінің

стресске төзімділік деңгейін, зейіні мен есте сақтау қабілетін шоғырландыруға және уақыт тапшылығы жағдайында дәл әрекет етуге дайындығын көрсетеді. Осыны ескере отырып, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылаудың тиісті психотехникалық дағдыларын қалыптастыра отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға дайындық барысында оқушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайда жұмыстың негізгі бөлігі емтихан қарсаңында емес, оқу жылы ішінде жүргізілуі керек. Психотехникалық дағдылар емтиханға дайындықтың тиімділігін арттырып қана қоймайды, емтихан кезінде өзін-өзі табысты ұстауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ойлау қабілеттерін дамытуға, ішкі ресурстарды жұмылдыра білуге ықпал етеді.

Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды күйзеліске соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебі балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығы, жеке бастарындағы уайымдаулары мен жыл бойы бастан кешірген ұлттық бірыңғай тестілеуге деген қорқыныштары, үрей сезімдері. Мұны тесттің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен, психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.

Ал, нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық жай-күйлері мүлдем нашарлайды деуге болады.

ҰБТ тапсыратын түлектердің ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен» бейнесі қалыптасады. Өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды.

Кейбір жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, өйткені құрбы-құрдастарының қатарынан аз ұпай жинап қалып қою, оқуға қатарларынан қалып түсе алмай қалуы, өзінің бәсекелес құрбысының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, өзінің төмен ұпай жинап қалуы-оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді.

Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезініп, «Мен» сезімі шиеленіседі, ішкі психологиясында өз-өзімен ішкі кикілжің пайда болып, өз достарын көруден де бас тартады, қиын және қауіпті жағдайға тап болады.

Осыған байланысты мектеп психологтары ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау барысында психологиялық қолдау жағдайларын ескере отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау жөнінде психологиялық қолдаудың мақсат, міндеттерінің орындалуын басшылыққа алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі