Материалдар / Ұлттық дәстүрлерді білесің бе?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық дәстүрлерді білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатын өткізуге қолайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұлттық дәстүрлерді білесің бе?

Мақсаты:1. Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісіне тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Нақыл сөздер,мақалдар,суреттер, салт-дәстүр туралы слаид т.б

Барысы:1. Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу.

Үнтаспадан «Тойбастар» күйі ойналап тұрады.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі дәрісіміздің негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мен беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері-салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір, сіздер осы айтылғандардың, шағын болса да, куәсі боласыздар.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ .

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

Сүйінші! Қуанышты хабар жеткізуші адам. Сүйінші! Сүйінші! деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал,-дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

Шашу! Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанаты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

Қонақасы - Халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі-қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру-жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.

Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы.

Ерулік. Басқа жерден көшіп келегн көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

Қалау. Бірудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам, сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен мәрттіктің, сыйластықтың белгісі.

Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі көрегендігілін танытады. Білмесе жеті атасын білмеген жетесіз ден сөккен.

Кекіл - жас балалардың шашын тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.

Сыралғы - олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда сыралғы сұрағанның сөзін жерге тастамайды.

Тоқымқағар - жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық , өлең-жыр айтылады.

Тұлым қою - кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі жоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты болады.

Cауын айту. Біл елде ас, үлкен үлкен той болатын болса, ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрімен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-жырсымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.

Кеусен - бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп мол әнім алғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына астық береді. Оны кеусен деп атайды.

Аманат - бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

Көгентүр - бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі десе де болады.

Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артығы жоқ .

Бәсіре - қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншікпен аталатын, ен салынған мал.

Сәлем беру. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру-қалыптасқан дәстүріміз.

Енші - балалары ержетіп жеке үй болғанды ата-анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды. Ал қызға берілетін дүние мүлік «жасау» деп аталады.

Сонар - бұл аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде, жүрген аңның ізі таға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де, ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады.

Қап қағар” –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.

Наурыз төлі” төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға бермейді. Мұндай мал тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен.

Тұсау кесеу:Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның түсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен.Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуы деген ұйғарым болған.Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай,адал болып өссін деген ниетен туған.

Жолың болсын делік,

Жолыңа нұр төсейік.

Жарылқасын алдыңнан.

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

Қорытынды: Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!