Материалдар / Ұлттық киім тарихы

Ұлттық киім тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық киім тарихы жайлы мәлімет беру конспект ретінде
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ

Қазақ халқының ұллтық киімі тарихы

Мазмұны:

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..

Негізгі бөлім

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері



2. Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері



Қорытынды……………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………

Аннотация

Жұмыстың мақсаты: Ұлттық киімдердің түрлері мен ерекшеліктерін зерттей отырып, тарихи құнды мәліметтер жинақтау. Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға, көбейтуге үлес қосу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Қазақтың ұлттық киім өнері өз дәрежесінде танытылып, көрсетілсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабалар рухы, ұлттық өнер, діл, салт-дәстүріне деген құрметтері артып, таным қабілеттері арта түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ұлттық құндылықтарды ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта қазақтың ұлттық киіміне деген жастардың қызығушылықтарын арттырп, әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өнер пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге де болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

Қазақ ұлттық киім өнерінің тарихы терең таныстырылды;

Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің атауларына, жасалуына аса мән берілді;

Оларды қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен салыстыра зерттеу жүргізілді;

Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері айқындалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Ұлттық киім үлгілерімен терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу



І. Кіріспе
1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы.
Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған әшекейлерден, таңдалған түр - түстен аңғарылады десек әсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болғаны!

Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз!
Бағзы заманда аттың жалы - түйенің қомында көшпенді тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi қазақ халқының табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Өткен ғасырлардың өзінде - ақ киіміне қарап адамның ұлтын ғана емес, сонымен қатар оның қандай дінді ұстанатындығын, қала адамын ауыл тұрғынынан, бойжеткенді жас келіншектен айыруға болатын еді.

Халқымыздың ұлттық киімдері - заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік.
Жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе - келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.
Сондай - ақ қазақ халқының қыз - келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді

Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата - бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет - ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық - өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою - өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйел затына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп - салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т. б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп.

Демек, қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған.[1]

Тұрмысқа шыққан қыздардың киіну үлгісі де ерекше. Олар алғашқы жылы сәукеле тақса, күнделікті өмірде желек киген. Ал бірнеше балалы болған кезде кимешек киіп, оның үстінен шылауыш тартқан. Қысқасын айтқанда, қазақта әйел киімдерін қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп төрт топқа жіктеп тіккенін көреміз. Бұл да қазақ қыз - келіншектерінің өз денелерін барынша қымтап киінгенін көрсетеді. Демек ата - бабаларымыз әйел затына арналған киімдерді жасауда дініміздің талаптарын басты негізге алған. Дене бітімді жауып тұратын киім адамның құнын арттыратынын ата - бабаларымыз жақсы білген. Қыз баланы сұғанақ көздердің сұғынан түрлі киімдер арқылы, әшекей бұйымдар арқылы сақтауға болатынын терең ұғынған. .....

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қазақтың ұлттық киім тарихы және өзіндік ерекшеліктері

Халқымыздың ұлттық киімдері – заманауи тарихпен қатар дамып, біте қайнасып келе жатқан асыл қазынамыз. Сонау көшпелі кезеңдерден күні бүгінге дейін қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, көз тартар әсемдігі мен ыңғайлылығының арқасында қолданыстан қалмай келе жатқан киімдеріміз де жетерлік.

Жер бетін мың түрлі әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін келе-келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.

Сондай-ақ қазақ халқының қыз-келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық-өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою-өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйел затына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп-салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т.б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп.



2. 2 Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері

Қазақ халқының ұлттық киімдері этнологиялық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген.

Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей;

Сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон.

Бүгін де қазақтың көзқарасы, дүниетанымы көз алдымызда қатты өзгеріп барады. Мысалы, қазір бөксесі мен омырауын көрсетіп, қысқа етек-жең киіп, ашық-шашық жүргендерге біз реніш көзімен қарамайтын болғанбыз. Қоғамның еті оған әбден үйренген. Тіпті бұлай киінуді мәдениеттіліктің нышаны секілді көретін болдық. Алайда қыз балалардың шариғаттан шалыс, әдет-ғұрыптан қалыс кетуінен бүгін біздің қоғамымызда көптеген күрделі мәселелер туындап отырғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Мәселен, жеңіл киінудің аяғы жеңіл жүріске ұласады. Тарихымызға үңілсек, қазақ қыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған. Қазақ қашан да қыз баланы аялы алақанына салып, мәпелеп еркелетіп, көзінің ағы мен қарасындай қарап, тәнін сау, жанын таза етіп өсіруге тырысқан. Жақсы көрумен бірге өсіп келе жатқан нәзік жандардың тәрбие-тәліміне де немқұрайлы қарамай, қатаң талаптар қоя білген елміз. «Қыз өссе елдің көркі» деп бойжеткендерді тек бір отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына, абыройына, тіпті ар-намысына балап келгенбіз. Қыз баланың жүріс-тұрысына, сөзіне, жиған жүгіне, киген киіміне, құйған шайына қарап, ата-бабамыз оның қандай отбасынан шыққанына, қандай ананың тәрбиесінен өткендігіне баға беретін болған. Ал ұятқа қалдырар оғаш қылық жасап қойған қыздарды бүкіл жұрт болып тыюға тырысқан. «Қызға қырық үйден тыю» деген дәстүріміз баршаға ортақ әлеуметтік қағида болған. Әжелер, аналар және жеңгелер жас өспірім қыз баламен оңаша сұхбаттасып, «ұмытшақ болма, ұрысқақ болма, әдепсіз болма» деп тал бойынан тарыдай мін табылмайтындай етіп, арнайы тәрбие беріп, үлкен өмірге даярлап келген. Қыз баланың иба-инабаты, өзгеге ілтипаты, сыртқы бітім-келбеті, киім-кешегі, мінезі, отырысы, жүрісі, тіпті әрбір аяқ басқаны– бәрі назардан тыс қалмаған. Қыз бала өзін дұрыс ұстамаса, қоғамда көптеген түйінді мәселелердің туындауына себеп болып қалатынын да қыздардың құлағына жастайынан сіңіріп отырған ел едік!

Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінентігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы маталарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген. Ал жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.





ІІІ. Қорытынды.

Мен “Қазақтың ұлттық киімдері” тақырыбында ғылыми жобамды қорғай отырып, ежелгі қолданыстан шығып қалған ұлттық киім үлгілерін жарыққа шығардым. Оның бүгінгі және келешек ұрпақ арасында қолдау табуы мақсатында халыққа үндеу-насихат жүргіздім.

Осы тақырыбымның қазіргі және келешек ұрпақ үшін де мәні аса жоғары деп есептеймін. Бұл ұлттық нақыштағы киімдерімізді насихаттаудың тиімді жолы. Көшелерде, түрлі қоғамдық орындарда әрі заманымызға сай, әрі қазақы, әрі мұсылмандық канондарға сай киінген қыз-келіншектер көбейсе, ұлттық мәдениетіміз де өркен жая бастайтыны даусыз. Әрине, бір ғана ұсыныспен бүкіл мәселе бірден шешіле қоймас. Бірақ осы тақырыптағы мәселелерді әрі қарай іліп әкетіп, қоғамдық шараларда, мектеп, балабақшаларда дәстүрлі түрде жиі тәрбие сағаттарын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп. Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мәдениетіміз жаңғыра берсін, ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақтың ұлттық киімдері, Алматы, «Жалын» баспасы, 1976 ж.(18-27бет), (32-38бет), (61-66бет).

  2. Интернет материалдары.www.google.kz

  3. Ауыл ақсақалдарымен, ақ жаулықты әжелермен сұхбат.

  4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С. Кенжеахметұлы. Алматы. «Алматыкітап» баспасы, 2007 ж.(12-25бет), (51-59бет), (92-94бет)



ЖИ арқылы жасау
20 Наурыз 2025
264
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі